«БЕКІТЕМІН»
М.Әуезов атындағы ОҚМУ
ректоры, тар.ғ.д., профессор, академик НАН РК
____________ Д.Қожамжарова
«___» ____________ 2019ж.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің жатақханаларындағы ішкі тәртіп
ЕРЕЖЕСІ
«БЕКІТЕМІН» Әлеуметтік мәселелер және тәрбие ісі жөніндегі проректоры м.а. _______________С.Қ. Бейсенбаев «__»_______ 2019ж |
КЕЛІСІЛДІ: ОҚМУ Кәсіподақ ұйымының төрағасы ____________Қ.Мусабеков «__»_______ 2019ж |
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің жатақханаларындағы ішкі тәртіп
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1.11. Құжаттар тапсыру мерзімі 20 тамыздан 20 қыркүйек күніне дейін.
2. ОҚМУ жатақханаларында тұратын тұрғындардың құқықтары мен міндеттері.
2.1 Жатақхана тұрғындарының құқықтары:
2.2 Жатақхана тұрғындарының міндеттері:
3 Жатақхана тұрғындарының өзін-өзі басқару ұйымы.
3.1. Жатақханада тұру қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мәдени-тұрмыстық, спорттық, салауатты өмір салтын жақсарту, өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру мақсатында жатақхана тұрғындары жатақхананың өзін-өзі басқару Кеңесінің төрағасын сайлайды. Өзін-өзі басқару Кеңесінің мүшелері, жатақхана басқармасы және Тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің мамандары, университет кәсіподақ ұйымымен бірге жатақхана тұрғындарының мүддесін қорғайды.
3.2 Өзін-өзі басқару Кеңесі – ғимарат қабаты, подъезд және секция старосталарының қызметін қадағалайды, тазалық жұмыстарының жүйелі өтуін, өз еріктерімен жатақхана аумағындағы қоғамдық жұмыстарды орындауды ұйымдастырып отырады.
3.3 Өзін-өзі басқару Кеңесінің мүшелері жатақхана меңгерушісімен келісе отырып қабылдаған шешімдер жатақхананың барлық тұрғындарына міндетті болып табылады.
3.4 Ғимарат қабаты, подъезд және секция старостасы жүктемесі өзін-өзі басқару Кеңесінің шешімімен тағайындалады. Старосталарға жатақхананың барлық бөлмелері мен қоғамдық пайдалану орындарында ішкі тәртіп Ережесінің сақталуын, санитарлық нормалардың орындалуын қадағалау, және жатақхана өмірін жақсарту үшін мерекелік ойын – сауық, өнер сайыс кездесулері, рухани - патриоттық іс-шаралар, жиналыстар және т.б. өткізу жүктеледі.
4 Кезекші оқытушылардың құқықтары мен міндеттері.
4.1. Жатақханаларда факультет/жоғары мектебінің декандары, колледж директорының өкімімен бекітілген кезекші оқытушылар, кешкі сағат 19:00-ден 23:00-ге дейінгі уақытта кезекшілік қызметін атқаруы тиіс.
4.2. Кезекшілік кезінде келеңсіз, оқыс оқиғалар орын алған жағдайда факультет/жоғары мектебінің декандарына, колледж директорына, қауіпсіздік қызметіне, тәрбие ісі және жастар саясаты департамент мамандарына хабарлауы тиіс (мәлімет жазбаша баяндалуы керек);
4.3. Кесте бойынша кезекшілікке түсетін оқытушы – қызметкер өкім бойынша бекітілген уақытында келе алмайтынын байқаса тез арада Тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің директорына ескертуі тиіс. Кезекшілік кестесіндегі оқытушы бекітілген уақытынан бұрын ескертусіз кетіп қалған жағдайда, себепсіз кешіккен немесе келмей қалған жағдайда, сөгіс, қатаң сөгіс жариялу шарттары ОҚМУ ішкі еңбек тәртібі ережесінде қаралған.
5. Қауіпсіздік және тәртіп сақтау қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері
5.1 Қауіпсіздік және тәртіп сақтау қызметкерлері ауысым кезінде студенттік жатақханалардағы барлық студенттердің қауіпсіздігіне және жатақхана тәртібіне тікелей жауапты (белгіленген тәртіп бойынша сырттан бөтен адамдарды кіргізбеу, әр тұрғынның құжатын тексеріп кіргізу, жатақхана тұрғындарын себепсіз сағат 23:00-ден кейін шығармау, жатақхана аумағында тәртіп бұзушылық пен құқық бұзушылықты болдырмау және алдын-алу).
5.2 Жатақхана кезекшілігіне түскен қауіпсіздік және тәртіп сақтау қызметкерлері тікелей Тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті басшылығына қарасты болады.
5.3 Жатақхана кезекшілігіне түскен қауіпсіздік және тәртіп сақтау қызметкерлері өзге жатақхана қызметкерлерімен және студент жастарымен университеттің корпоративтік этика талаптарына сай қарым-қатынасты ұстануы тиіс.
5.4 Қауіпсіздік және тәртіп сақтау қызметкерлері өзінің кезекшілік қызметін атқаруда өз жұмысына салғырттық танытқан жағдайда Тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті директорының ұсынысы бойынша реттік тәртіптік жаза қолданылады (жұмыс орнын қараусыз қалдырған жағдайда, құмар ойындар (карта, компьютерлік ойындар, видео ойындарын ойнаған жағдайда, бөтен адамдарды құжатсыз кіргізген жағдайда) ол қызметкермен еңбек келісім-шарты бұзылып, жұмыстан шығару ұсынылады.
6. Марапаттау және тәртіптік жазалау
6.1 Жатақхана тұрғындарының жағдайын жақсартуда өз үлесін қосқаны үшін өзін-өзі басқару Кеңесінің мүшелері және белсенділік танытқан жатақхана тұрғындарын тиісті факультет/ жоғары мектебі әкімдігінен, Тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті және университет кәсіподақ ұйымы тарапынан төмендегідей марапаттар көре алады:
6.2. Аталған Ережелерді бұзғаны үшін жатақхана тұрғындарына төмендегідей тәртіптік
шаралар қолданылады:
6.3. Тәртіптік жазалау ректор, тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің
директоры, студенттік жатақхана басқармасының бастығы, жатақхана меңгерушісі
және университет кәсіподақ ұйымының шешімімен іске асырылады.
7. Іске асыру мерзімі
7.1 М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың жатақханаларындағы ішкі тәртіп Ережесі М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Ғылыми Кеңесінде талқыланып, университет ректоры бекіткен сәттен бастап күшіне енеді.
Күндізгі бөлімде оқитындардың жалпы саны |
ҚР азаматтығындағы студенттер және шетел студенттері |
Жатақханалардағы орын саны |
Жатақханада тұратын ҚР студенттері |
Жатақханада тұратын шетел студенттері |
Жатақханада тұратын студенттердің жалпы саны |
|
Шетел студенттері - 2566 |
1 жатақхана – 390 |
164 |
192 |
356 |
|
ҚР студенттері -13181 |
2 жатақхана – 292 |
72 |
66 |
138 (отбасылық бөлмелер 55) |
|
|
3 жатақхана – 321 |
173 |
144 |
317 |
|
|
4 жатақхана – 333 |
180 |
192 |
372 |
|
|
5 жатақхана - 598 |
453 |
144 |
597 |
|
|
6 жатақхана – 336 |
43 |
293 |
336 |
15747 |
|
2270 |
1085 |
1031 |
2116 |
Жалпы саны: М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың жатақханаларында 2116 студент тұрады.
М.Әуезов атындағы ОҚУ КЕАҚ жатақханаларындағы орындарды бөлу бойынша, университетте онлайн-портал құру туралы ақпарат
25.11.2020 жылға
Реттік нөмірі |
Нысанның атауы |
Орналасқан орны |
Жатақхана түрі |
Пайдалануға берілген жылы |
Жалпы алаңы, м2 |
Тұрғын алаңы, м² |
Жоба бойынша орындар саны |
Жатақханада тұратын студенттердің саны, адам |
Жатақханада бос орындар саны, адам |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
1 |
№1 студенттік жатақхана |
Шымкент қ., С. Жандосов көшесі, 3 |
секциялық |
1982 |
5237,6 |
2720,8 |
390 |
- |
390 |
2 |
№2 студенттік жатақхана |
Шымкент қ., М.Дулати көшесі,198 |
секциялық |
1976 |
3880,5 |
2223,2 |
292 |
- |
292 |
3 |
№3 студенттік жатақхана |
Шымкент қ., Қ.Рысқұлбеков көшесі, 4 |
дәліздік |
1965 |
3532,8 |
1986,3 |
336 |
- |
336 |
4 |
№4 студенттік жатақхана |
Шымкент қ., Желтоқсан көшесі, 14 |
дәліздік |
1969 |
3595,9 |
2334,1 |
336 |
- |
336 |
5 |
№5 студенттік жатақхана |
Шымкент қ., М.Дулати көшесі, 198 |
секциялық |
2015 |
9398,0 |
4179,7 |
588 |
171 |
417 |
6 |
№6 студенттік жатақхана |
Шымкент қ., Қ.Рысқұлбеков көшесі, 6 |
дәліздік |
1965 |
3585,0 |
1986,2 |
336 |
- |
336 |
Барлығы: |
29229,8 |
15430,30 |
2278 |
171 |
2107 |
Бас инженер М.Суранкулов