Эразмус + бағдарламасының «STEM- бағыттағы оқытушыларды дайындауға арналған интеграциялық тәсіл» жобасы аясында «STEM білім берудегі заманауи тенденциялар» атты халықаралық жазғы онлайн-мектебі

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Эразмус + бағдарламасының «STEM- бағыттағы оқытушыларды дайындауға арналған интеграциялық тәсіл» жобасы аясында  педагогикалық және жаратылыстану ғылымдар, инженерия, технология  саласындағы білім алушылары мен   болашақ STEM оқытушыларына  арналған«STEM білім берудегі заманауи тенденциялар»  атты  халықаралық жазғы онлайн-мектебін 2020 жылғы 27 -  31 шілде аралығында өткізді.

           

Жазғы мектеп аясында алыс және жақын шетелдердің 7 ЖОО -нан  спикерлер шақырылды:Линчепинг университеті (Швеция), Хельсинки университеті  (Финляндия), Оңтүстік Федеральды университеті, Белгород мемлекеттік университеті, И. Кант атындағы Балтық Федералды университеті (Ресей Федерациясы), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік мемлекеттік университеті (Қазақстан).

Мектептің онлайн режимі мектеп жұмысына екі елден - Ресей мен Қазақстаннан 60-тан астам тыңдаушыларды тартуға мүмкіндік берді. Қатысушылардың арасында ЖОО оқытушылары, мектеп мұғалімдері, сонымен қатар STEM саласындағы педагогикалық бағыт бойынша магистратураға түсуші талапкерлер болды.

Мектептегі жұмыс барысында тыңдаушылар  STEM білім беру стратегияларын қолдану барысында білімдерін жетілдіруге және білімдерін тереңдетуге бірегей мүмкіндіктерге ие болды, жобаларға негізделген оқытудың (PBL) әдістері мен практикалық мысалдарымен, зерттеу (IBL) арқылы оқыту, құбылыстарға негізделген оқыту (PhBL) - STEM оқытудың негізгі әдіснамалары, сонымен қатар STEM-дегі жаңа технологиялар, STEM оқытушыларын оқытудағы танымдық технологиялар, STEM-де робототехника негіздерімен таныс болды.

Мектеп кезінде жобалық жұмыстарға көп көңіл бөлінді. Екі жоба аясында қатысушылар Оңтүстік федералды университетінің модераторлары бастаған топтарға бірікті. Мектеп тыңдаушылары  STEM өнімінің педагогикалық дизайны бойынша компанияларда жобалық жұмыс қалай ұйымдастырылғанын біле алды.

Анықтама үшін:Еуропалық комиссияның Эразмус + бағдарлама аясында «STEM- бағыттағы оқытушыларды дайындауға арналған интеграциялық тәсіл» атты жобасы 2019 жылғы қаңтар айынан жүзеге асырылуда, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Еуроппалық жобаның консорциум мүшесі болып табылады. Аталған консорциумға Швеция, Финляндия, Ирландия, Түркия, Ресей мен Қазастаннан 9 әріптес ЖОО -ры кіреді.Жобаның мақсаты - Болон процесінің ережелері мсен білім саласының (экономикасының) заманауи талаптарына сәйкес STEM мұғалімдерінің дайындық сапасын арттыру.