Қасым-Жомарт Кемелұлы өз Жолдауында ғылымды қаржыландыру мен қолдаудың маңызды көзі ірі кәсіпорындардың, әсіресе шикізат секторының қаражаты болып табылатынын атап өтті.

    Қасым-Жомарт Кемелұлы өз Жолдауында ғылымды қаржыландыру мен қолдаудың маңызды көзі ірі кәсіпорындардың, әсіресе шикізат секторының қаражаты болып табылатынын атап өтті. Сондай-ақ, ірі бизнес тарапынан өңірлік университеттерге, олардың ғылыми қызметіне «қамқорлық» жасау жақсы қадам болатыны атап өтілді. Осындай өзара тиімді ынтымақтастықтың нәтижесінде қазіргі заманғы зертханалық жабдықтары бар ғылыми кластерлер пайда болуы тиіс. Университет пен бизнес ынтымақтастығының бұл түрі STEM білім беруді дамытуға ықпал ететін болады.

    М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті аймақтың жетекші кәсіпорындары «Қазфосфат» ЖШС-імен «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының магистранттары мен докторанттарына ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған база, жабдықтар мен аспаптар беру бойынша; «KARLSKRONA LC AB» ЖШС-імен «Машина жасау» мамандығының магистранттары мен докторанттарына ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған база, жабдықтар мен аспаптар беру бойынша; «СТАНДАРТ ЦЕМЕНТ» компаниясымен бірге «Баяу балқитын, металл емес және силикат материалдарының химиялық технологиясы» мамандығының магистранттары мен докторанттарына ғылыми зерттеулер жүргізу үшін база, жабдықтар мен аспаптар беру бойынша тығыз байланыс жасайды.

    Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 413 Жарлығының 80-тармағын, атап айтқанда ірі бизнес тарапынан өңірлік университеттерге және олардың ғылыми қызметтеріне «қамқорлық» жасау мәселелерін орындау мақсатында 2021 жылғы 29 қаңтарда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті  «KARLSKRONA LC AB» ЖШС-імен білім беру және ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті  бірінші проректоры Қ.Е. Нұрманбетов,. Ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректоры Ұ.С. Сүлейменов, стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор А.Т. Ысқақова, кәсіпкерлік және коммерцияландыру департаментінің директоры Т.С. Бажиров,  мансапты қолдау және жұмысқа орналастыру орталығының директоры А. Қалдыбаев және «KARLSKRONA LC AB» ЖШС-інің бас директоры У.Б. Ахметов, бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары В.В. Сахаров, кадрлар жөніндегі директор Э.А. Әбубәкір қатысты.

   Ынтымақтастықтың мақсаты оқытушылар және зерттеушілермен, бакалавриат, магистратура, PhD докторантура бағдарламалары бойынша білім алушылармен алмасу, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді тағылымдамалардан өту, кәсіби (оқу-өндірістік, өндірістік, зерттеу, диплом алдындағы, педагогикалық) практикалардан өтуге мүмкіндік беру; өзара қызығушылық тудыратын салаларда жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрлар мен мамандарды даярлауда ынтымақтастық жасау; бакалавриат және магистратура деңгейінде тараптардың дипломдарын беру арқылы қос дипломдардың бірлескен білім беру бағдарламаларын дайындау саласындағы ынтымақтастық жасау; бірлескен PhD бағдарламаларын ашу мақсатында PhD бағдарламаларын дайындау саласындағы ынтымақтастық, сорғы және компрессорлық жабдықтарды, құбыр арматурасын жобалау бойынша бірлескен ғылыми-зерттеу институттарын ұйымдастыру; дәрістер оқу, оқу-әдістемелік жұмыс, сондай-ақ оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша тәжірибе және ақпарат алмасу үшін екі жақтың өкілдерін қатыстыру; тараптар бірлесе отырып, профессорлық-оқытушылық және әкімшілік құрамымен дәрістер, мастер-кластар (оның ішінде «онлайн» режимінде) өткізу; екі жақты бірлесіп конференциялар, семинарлар, симпозиумдар, дөңгелек үстелдер, ашық күндер және білім беру саласындағы басқа да ұқсас ғылыми іс-шаралар мен бастамалар өткізу. Білім беру саласындағы бірлескен ғылыми іс-шаралар мен басқа да бастамаларды нәтижесінде әлемдік жетекші дерекқорлар базасына енетін рецензияланатын ғылыми басылымдарда, оның ішінде Web of Science, Scopus және т.б. басылымдарда мақалалар, ғылыми және оқу еңбектерін жариялау болып табылады.