«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТҰРҒЫСЫНАН ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІЛІМ, ТӘРБИЕ, ҒЫЛЫМ және ӨНДІРІС БАҒЫТЫНДАҒЫ ДӘСТҮРІ, ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ мен ИННОВАЦИЯЛАРЫ»»

«Рухани жаңғыру» бағдарламасынының 3 жылдығына байланысты, Шымкент қаласының 2200 жылдығы

Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерей тойларын атап өту және

2020 жылы Шымкент қаласының ТМД елдерінің мәдени астанасы қызметіне арналып ұйымдастырылған

 

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТҰРҒЫСЫНАН 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІЛІМ, ТӘРБИЕ, ҒЫЛЫМ және

ӨНДІРІС БАҒЫТЫНДАҒЫ  ДӘСТҮРІ,

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ мен ИННОВАЦИЯЛАРЫ»» атты

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН КОНГРЕССІНЕ

ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ

 

2020 жылы 24 маусымда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Әлеуметтік және тәрбие ісі» құрылымдағы «Рухани  жаңғыру» жобалық кеңсенің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТҰРҒЫСЫНАН ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІЛІМ, ТӘРБИЕ, ҒЫЛЫМ және ӨНДІРІС БАҒЫТЫНДАҒЫ ДӘСТҮРІ, ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ мен ИННОВАЦИЯЛАРЫ»» атты   тақырыбында ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН КОНГРЕСІН өткізеді.  

       КОНГРЕСТІҢ маңызы мен мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 3 жылдығына байланысты, 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Мемлекет Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына сай, 2019 жылы 12-27 қарашада Парижде (Франция) өткен ЮНЕСКО-ның 40-шы конференциясында 2020 жылы Шымкент қаласының 2200 жылдығы және Шығыстың ғұлама ойшылы әрі ғалымы Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150-жылдығын халықаралық мерейтойлар тізіміне енгізу туралы арнайы қарарына сәйкес және Шымкент қаласы - 2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы болуында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде ХХІ ғасырдағы рухани жаңғыру арқылы қазақстандық қоғамның жаңа парадигмасының қалыптасуын талқылау, ғылыми және мәдени зерттеулермен танысу және мегаполистің өсуі мен өркендеу жөнінде Қазақстанның отандық және шетелдік мамандардың жобаларды іске асыру; Қазақстанда және Шымкент мегаполисінде дәстүрлі және инновациялық жобалары: техника, ІТ, инфрақұрылым, экономика және туризмның дамуы; мәдени-ағарту, гуманитарлық-педагогикалық бағытындағы өзекті мәселелері, рухани жаңғыру бағдарламасының насихаттауға еріктілердің корпусын қалыптастыру және дамыту.

        КОНГРЕСТІҢ міндеттері: «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қоғам дамуының жаңа парадигмалары ретінде жоғары оқу орындарының жүйелі жүргізілуі мәселелелерін талдау және насихаттау; 2200 жылдық тарихы бар Қазақстаның көне қаласы – Шымкенттің алғашқы пайда болуы, қалыптасуы мен дамуы туралы жасалған ғылыми-зерттеулерді ұсыну; қазіргі таңдағы Шымкент мегаполисінің ХХІ ғасырдағы өнеркәсібі, инфрақұрылымы, туристік кластерлердің дамуын талдау; Әбу-Насыр әл-Фарабидың рухани мұрасы және ғылымға қосқан үлесіне ғылыми талдау жасау насихаттау; гуманитарлық-педагогикалық ғылымдардың дамуындағы жаңа әдіснамалық тәсілдерді анықтау; «Архив – 2025» бағдарламасының перспективалық зерттеулеріндегі жаңа бағыттарды талқылау; цифрлы Қазақстан, оның техникалық және гуманитарлы-педагогикалық білімге әсері; шығармашылық бағыттар: театр, музыка, бейнелеу өнері өкілдерін тарту, халықаралық тәжірибелерді тұжырымдау, «Жаңа гуманитарлық білім: 100 жаңа оқулық» бағдарламасы аясында шығарылған жаңа оқулықтарды енгізу барысы; «Рухани жаңғыру» бағдарламасын кеңінен насихаттауға жастар арасынан еріктілерді қалыптастыру; ІІІ-ші мегаполистің қайырымды істері: әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық өмірдегі қайырымды қалада жастардың еріктілер корпусын қалыптастыру; білім мен ғылымның өзекті мәселелерін талқылау.

 

Конгресс онлайн диалог алаңында келесі бағыттар бойынша жұмысын жасайды:

  1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ;
  2. ОРТА ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ, «ЖАҢА ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ: 100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ»  ОҚУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҮРДІСІНЕ ЕҢГІЗУ;
  3. ШЫМКЕНТ – 2200 ЖЫЛ: ТАРИХЫ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ДАМУЫ (ӨНЕРКӘСІП, ИНФРАҚҰРЫЛЫМ, ТУРИСТІК КЛАСТЕРЛЕР) ЖӘНЕ ІІІ МЕГАПОЛИСТІҢ ҚАЙЫРЫМДЫ ІСТЕР;

4.    ӘБУ-НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ: РУХАНИ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ;

5.  ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ЕУРАЗИЯЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕГІ ЖАҢА ДЕРЕКТЕР МЕН ЗАМАНАУИ ЗЕРТТЕУЛЕР. «АРХИВ - 2025» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕРЕКТАНУ ҒЫЛЫМЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ; 

6.  ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНДАҒЫ ТҰЛҒАЛАР - ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРДЕГІ ЖАҢА ФАКТІЛЕР.

 

Ұйымдастырушы: М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі 

Тел.: 8-7252-21-16-37, 8-707-516-37-55, 8-701-647-15-14 

Өтетін күні: 24.06.2020 / Webex: 290 441 808