М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына оқуға қабылдаудың қағидалары
1. Жалпы ережелер
М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ға магистранттар контингентін қалыптастыру ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты және басқа да көздер есебінен оқу ақысын төлеуі арқылы жүзеге асырылады. Докторанттардың контингентін қалыптастыру мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар егер осы деңгейдегі білімді бірінші рет алатын болса, олар жоғары оқу орнынан кейінгі білімді мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін ала алады.
Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.
Магистратураға және докторантураға азаматтарды қабылдау түсу емтихандардың қорытындысы бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Мынадай емтихандар бойынша: ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFLITP – кемінде 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-basedTest (TOEFLIBT, шекті балл – кемінде 87), (TOEFL, шекті балл - кемінде 560 балл), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл – кемінде 6.0); неміс тілі: Deutsche Sprachprьfungfur den Hochschulzugang (DSH, Niveau C1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (Niveau C1/С1 деңгейі); француз тілі: Test de Francais International™ (TFI – оқу және тындалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d'Etudes en Langue francaisе (DELF, В2 деңгейі), Diplome Approfondi de Languefrancaisе (DALF, С1 деңгейі), Тest de connaissance du francais (TCF – кемінде 400 балл) бойынша Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар Қазақстан Республикасының азаматтары магистратураға және докторантураға шет тілі бойынша түсу емтиханынан босатылады.
Магистратураға және докторантураға түсушілердің өтінішін қабылдау 03 шілдеден 25 шілдеге дейін жүргізіледі. Магистратураға және докторантураға түсу емтихандары 08 тамыздан 16 тамызға дейін, қабылдау 28 тамызға дейін жүргізіледі.
2. Магистратураға және докторантураға түсу үшін құжаттарды қабылдау тәртібі
Магистратураға жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын игерген азаматтар қабылданады.
Құжаттарды қабылдау және түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастыруды қабылдау комиссиясы жүргізеді.
Магистратураға түсуші тұлғалар мынадай құжаттарды тапсырады:
1) ұйым басшысының атына өтініш;
2) жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;
3) шет тілі бағдарламалары бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса);
4) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
5) 3x4 сантиметр мөлшеріндегі алты фотосурет;
6) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
7) жеке куәлігінің көшірмесі;
8) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса).Сонымен қатар осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары қоса ұсынылады. Салыстыруды жүргізгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.
Докторантураға «магистр» академиялық дәрежесі бар тұлғалар қабылданады.
Докторантураға түсуші тұлғалар мынадай құжаттарды тапсырады:
1) ұйым басшысының атына өтініш;
2) болжанған отандық немесе шетелдік ғылыми консультанттармен келісілген жоспарланған диссертациялық зерттеулер негіздемесі;
3) жеке куәлігінің көшірмесі;
4) білімі туралы құжаттың көшірмесі;
5) осы Қағидаларының 4-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса);
6) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса);
7) 3x4 сантиметр мөлшердегі алты фотосурет;
8) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
9) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін) Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыруды жүргізгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.
3. Түсу емтихандарын өткізу тәртібі
Шетелдіктерді қоспағанда, магистратураға және докторантураға түсуші Қазақстан Республикасының азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар түсу емтихандарын:
1) таңдауы бойынша бір шет тілінен (ағылшын, француз, неміс);
2) мамандықбойыншатапсырады.
Магистратураға және докторантураға түсуші шетел азаматтары түсу емтихандарын:
1) мемлекеттік немесе орыс тілдері бойынша (оқытутілі);
2) мамандық бойынша тапсырады.
Магистратураға және докторантураға түсу емтихандарын өткізу кезінде мамандықтарбойынша емтихан комиссиялары құрылады.
Мамандық бойынша емтихан комиссиясы тиісті мамандықтар бойынша ғылыми дәрежесі бар қызметкерлерінен қалыптастырылады.
Мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша түсу емтихандары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технология бойынша өткізіледі.
Түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
Бірыңғай талаптарды сақтауды және даулы мәселелерді шешуді қамтамасыз ету мақсатында апелляциялық комиссия құрылады.
Апелляцияға берілетін өтінішті магистратураға және докторантураға түсуші тұлға апелляциялық комиссия төрағасының атына береді. Емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептер бойынша өтініштер түсу емтиханының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және апелляциялық комиссия өтініш берген күннен бастап бір күн ішінде қарастырады.Апелляциялық комиссия әр тұлғамен жеке тәртіпте жұмыс істейді. Тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.
Апелляциялық комиссия өтінішті қарау кезінде апелляцияға берген тұлға жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.
4. Магистратураға және докторантураға қабылдау
Магистранттар және докторанттар қатарына қабылдауды қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға түсу емтихандарының қосындысында осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша 150 балдан кем емес ең жоғары балл жинаған тұлғалар қабылданады. Шет тілі (ағылшын, француз, неміс) бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтарына бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша ең жоғары балл қосылады.
Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда қабылдау кезінде басым құқық мамандық бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі, мамандық бойынша түсу емтихандарының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда басым құқық мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі. Содан соң таңдаған мамандығының бейініне сәйкес ғылыми жетістіктері: ғылыми жарияланымдар, оның ішінде рейтингілік ғылыми журналдардағы жарияланымдар; ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер; ғылыми стипендияларды, гранттарды тағайындау туралы сертификаттар, ғылыми конференцияларға және конкурстарға қатысқаны үшін берілген грамоталар/дипломдар ескеріледі.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистрлер мен философия докторларын (РhD) мақсатты даярлауға тұлғаларды қабылдау аталған даярлауға үміткер тұлғалар арасында конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша бағаларды ауыстыру жүйесі
Бағалаудың 100 балдық шкала бойынша балдар |
Бағалаудың 4 балдық шкала бойынша балдар |
95-100 |
Өте жақсы (5) |
90-94 |
|
85-89 |
Жақсы (4) |
80-84 |
|
75-79 |
|
70-74 |
Қанағаттанарлық (3) |
65-69 |
|
60-64 |
|
55-59 |
|
50-54 |
|
0-49 |
Қанағаттанарлықсыз (2) |
5. Магистратура білім беру бағдарламаларының тізімі
№ |
Білім беру тобының номері |
Білім беру тобының атауы |
Білім беру бағдарламасының атауы |
Оқу мерзімі (жыл) |
1. |
M001 |
Педагогика және психология |
2 |
|
2. |
7М01113 Білім берудегі менеджмент |
2 |
||
3. |
M002 |
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу |
2 |
|
4. |
M003 |
Пәнсіз мамандандырылған педагогтерді даярлау |
2 |
|
5. |
M007 |
Көркем еңбек, графика және жобалау педагогтерін даярлау |
2 |
|
6. |
M008 |
Кәсіптік оқыту педагогтерін даярлау |
2 |
|
7. |
M010 |
Математика педагогтерін даярлау |
2 |
|
8. |
7М01534 Математика-Информатика |
2 |
||
9. |
M011 |
Физика педагогтерін даярлау |
2 |
|
10. |
1,5 |
|||
11. |
7M01522 Физика және информатика STEM оқыту негіздерімен |
2 |
||
12. |
M012 |
Информатика педагогтерін даярлау |
7M01530 Информатика |
2 |
13. |
7M01532 Информатика ((ағылшын тілінде оқыту) |
1,5 |
||
14. |
M013 |
Химия педагогтерін даярлау |
2 |
|
15. |
7M01540 Химия ((ағылшын тілінде оқыту) |
1,5 |
||
16. |
M015 |
География педагогтерін даярлау |
2 |
|
17. |
7М01563 География-Тарих |
2 |
||
18. |
M035 |
Хореография |
7M02130 Хореография |
2 |
19. |
M039 |
Кескіндеме |
2 |
|
20. |
M040 |
Графика |
7M02150 Графика |
2 |
21. |
M043 |
Сән, интерьер дизайны және өнеркәсіптік дизайн |
2 |
|
22. |
M053 |
Тарих және археология |
2 |
|
23. |
2 |
|||
24. |
M060 |
Филология |
2 |
|
25. |
M063 |
Саясаттану және конфликтология |
7M03120 Саясаттану |
2 |
26. |
M064 |
Халықаралық қатынастар |
7М03110 Халықаралық қатынастар |
2 |
27. |
7М03112 Халықаралық қатынастар |
1 |
||
28. |
M066 |
Психология |
7M03130 Психология |
2 |
29. |
M069 |
Кітапхана ісі, ақпаратты өңдеу және архив ісі |
2 |
|
30. |
M070 |
Экономика |
2 |
|
31. |
1 |
|||
32. |
M072 |
Менеджмент және басқару |
2 |
|
33. |
1 |
|||
34. |
2 |
|||
35. |
1 |
|||
36. |
M073 |
Аудит және салық салу |
7M04130 Есеп және аудит |
2 |
37. |
7M04132 Есеп және аудит |
1 |
||
38. |
M074 |
Қаржы, банктік және сақтандыру ісі |
7M04140 Қаржы |
2 |
39. |
7M04142 Қаржы |
1 |
||
40. |
M075 |
Маркетинг және жарнама |
2 |
|
41. |
M078 |
Құқық |
7M04210 Құқықтану |
2 |
42. |
7M04212 Құқықтану |
1 |
||
43. |
1 |
|||
44. |
2 |
|||
45. |
7M04216 Ғылыми азаматтық-құқықтық қызмет |
2 |
||
46. |
7M04217 Қылмыстық құқық және криминология |
2 |
||
47. |
7M04218 Қылмыстық құқық |
1 |
||
48. |
M080 |
Биология |
2 |
|
49. |
M082 |
Биотехнология |
7M05120 Агроөнеркәсіп және индустриалды аймақтағы экобиоқауіпсіздік |
2 |
50. |
7M05123 Биотехнология |
2 |
||
51. |
M087 |
Қоршаған ортаны қорғау технологиясы |
2 |
|
52. |
7М05213 Тұрақты даму және экологиялық қауіпсіздік |
2 |
||
53. |
M084 |
География |
2 |
|
54. |
M090 |
Физика |
2 |
|
55. |
M089 |
Химия |
7M05320 Химия |
2 |
56. |
M092 |
Математика және статистика |
7M05410 Математика |
2 |
57. |
M094 |
Ақпараттық технологиялар |
2 |
|
58. |
2 |
|||
59. |
2 |
|||
60. |
2 |
|||
61. |
M097 |
Химиялық инженерия және процесстер |
1 |
|
62. |
2 |
|||
63. |
2 |
|||
64. |
2 |
|||
65. |
7M07175 Мұнайхимия |
1 |
||
66. |
7М07176 Мұнай және газды өңдеу технологиясы |
2 |
||
67. |
7М07177 Мұнай және газды өңдеу технологиясы |
1,5 |
||
68. |
7М07178 Мұнай және газды өңдеу технологиясы |
1 |
||
69. |
7M07190 Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы |
2 |
||
70. |
7M07192 Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы |
1 |
||
71. |
M099 |
Энергетика және электр техникасы |
2 |
|
72. |
7М07153 Электр энергетикасының цифрлық технологиялары |
2 |
||
73. |
M100 |
Автоматтандыру және басқару |
7M07110 Автоматтандыру және басқару |
2 |
74. |
M103 |
Механика және металл өңдеу |
7M07120 Машинажасау |
2 |
75. |
7M07180 Технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша) |
2 |
||
76. |
7M07183 Мұнай-газ кешені кәсіпорындарының технологиялық машиналары мен жабдықтары |
2 |
||
77. |
M104 |
Көлік, көліктік техника және технология |
2 |
|
78. |
1 |
|||
79. |
M111 |
Тамақ өнімдерін өндіру |
7M07240 Сүт және сүт өнімдерінің технологиясы |
2 |
80. |
7M07243 Азық түлік өнімдерінің технологиясы |
2 |
||
81. |
7M07245 Азық түлік өнімдерінің технологиясы |
1 |
||
82. |
7M07250 Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы |
2 |
||
83. |
7M07253 Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеудің қауіпсіз технологиялары |
2 |
||
84. |
1 |
|||
85. |
M114 |
Тоқыма: киім, аяқ-киім және былғары бұйымдар
|
7M07230 Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы |
2 |
86. |
7M07260 Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы |
2 |
||
87. |
M115 |
Мұнай инженериясы |
7M07210 Мұнайгаз ісі |
2 |
88. |
7M07212 Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану кезінде басқару |
1 |
||
89. |
7M07213 Ұңғымаларды күрделі жағдайда бұрғылау |
2 |
||
90. |
M117 |
Металлургиялық инженерия |
1,5 |
|
91. |
1 |
|||
92. |
2 |
|||
93. |
M119 |
Фармацевтикалық өндіріс технологиясы |
7М07270 Фармацевтикалық өндіріс технологиясы |
2 |
94. |
M122 |
Сәулет |
7M07310 Сәулет |
2 |
95. |
M124 |
Құрылыс |
2 |
|
96. |
1 |
|||
97. |
M125 |
Құрылыс материалдарының, бұйымдарының және құрастырылымдарының өндірісі |
7M07340 Құрылыс материалдарының, бұйымдарының және құрастырылымдарының өндірісі |
2 |
98. |
7M07342 Құрылыс материалдарының, бұйымдарының және құрастырылымдарының өндірісі |
1 |
||
99. |
M130 |
Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша) |
2 |
|
100. |
7M07513 Метрология |
2 |
||
101. |
M146 |
Әлеуметтік жұмыс |
7M10210 Әлеуметтік жұмыс |
2 |
102. |
М147 |
Туризм |
7M11110 Туризм |
2 |
103. |
M148 |
Тынығу |
7M11120 Мәдени-тынығу жұмысы |
2 |
104. |
M150 |
Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар |
7M11210 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі |
2 |
Наурыз