«Цифрлық сауаттылық және қашықтықтан оқыту технологияларының негіздері»

М. Әуезов атындағы ОҚМУ «Цифрландыру департаменті», «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мекетебі, «Қашықтықтан оқыту» институты және «Ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру» бөлімінің ұйымдастыруымен 2020 жылдың 4 – 17 маусымы аралығында  «Цифрлық сауаттылық және қашықтықтан оқыту технологияларының негіздері» тақырыбындағы онлайн курсы ұйымдастырылып, өткізіледі. Курс 80 сағатқа жоспарланып, онда тыңдаушылар:

- Оқу процесін цифрландыру негізімен;

- электорндық үкіметтің мүмкіндіктерін пайдалану жолдарымен;

- білім берудегі қашықтықтан оқыту технологияларымен;

- Webexmeeting, ZOOM и Прометей платформаларында жұмыс жасау тәжірибелерімен;

- электронды білім беру технологияларын жасау жолдарымен;

- электронды курсты жасау кезеңдері және технологияларымен;

- жаппай ашық онлайн курстарын жасау және басқару жолдарымен танысатын болады.