Желтоқсан ызғары – ұлт рухының биік белесі

2017 жылғы 14 желтоқсанда М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Бас ғимаратының мәжіліс залында «Желтоқсан ызғары – ұлт рухының биік белесі» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараны М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы ұйымдастырды. 
Дөңгелек үстелдің ұйымдастырылу мақсаты: 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл - әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл- қыздарымыздың ерліктері жайында баяндай отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру және желтоқсан оқиғасы арқылы талай жылдар бойы армандаған егемендікке қол жеткізгенімізді ұғындыру.