Жас мамандар - болашақ жетістіктер көзі

2017 жылғы  желтоқсан айының 20-29 жұлдызы аралығында Ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру бөлімінің жұмыс өтілі 1 жыл мен 3 жыл аралығындағы жас оқытушыларға арналған дәстүрлі Жас оқытушылар мектебі курсы болып өтті.

Біліктілікті арттыру курсы Қазақстан Республикасының 2011-2020жж. білім беруді дамыту туралы Мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыру  және «Қазақстанның жаңғыруы  3.0. - білімнің үлесі» білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясындағы іс-шаралары  аясында педагог кадрлардың кәсібилігі мен креативтігін арттыруға бағытталған.

Курстың мақсаты  үздіксіз педагогикалық тәлімгерлік сабақтастығын жандандыру, жас маманның бәсекеге қабілеттілігн арттыру, олардың өз қызметтерін творчествалық игеруіне жол ашу және білім беру үдерісін ұйымдастыруда оқу-әдістемелік материалдарды кәсіби игеруге көмек көрсету.

Курстың оқу бағдарламасына биылғы жылы жаңадан «Инклюзивті білім беру»; «Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау және авторлық құқық құжаттарын дайындау»  модульдері  ендірілді.

Курс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 020 бюджеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырылған.