«Әйел. Заман. Дәстүр» тақырыбындағы қалалық форумы

10 сәуір 2018 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ акт залында «Әйелдер Кеңесінің» ұйымдастыруымен ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Әйел. Заман. Дәстүр» тақырыбындағы қалалық форум өткізілді. Бірінші сөз кезегін университеттің Әйелдер кеңесінің төрайымы, т.ғ.к., доцент Сатаева Л.М. ашты. Өз сөзінде, форум мақсаты халықтық педагогика мен дәстүрлерді насихаттау, қыз баланың тәрбиесіндегі және олардың заманауи жетістіктерге жетудегі халық дәстүрінің орны мен рөлін айқындау, қала, облыс, республика деңгейінде жетістікке жетіп жүрген азаматшыларды қызбалдарға үлгі ету және олардың өмірлік тәжірибесімен бөлісуіне тоқталды. Іс-шара барысында қолөнер, ұлттық тағамдар көрмесі көрсетіліп, баяндамалар оқылып, концерттік бағдарлама қойылды.