Үш тілде білім беру

М.Әуезов  атындағы  ОҚМУ-да  үш  тілде  білім беру жүйесі

Елбасымыз Қазақстан халқына  арнаған  «Жаңа  әлемдегі  жаңа Қазақстан»  атты Жолдауында   қазақ елін  әлемдегі  үш  тілді   қатар  тұтынатын    білімді  де  білікті  ел  ретінде  танытуымыз    қажеттігін  және мемлекеттік тіл – қазақ тілі, ұлтаралық  қарым-қатынас тілі – орыс тілі мен  жаһандық  экономикаға  табысты кірігу тілі – ағылшын тілі  болуы  тиіс екенін  ерекше  атап көрсеткен.

Еліміздің  дамыған 30  елдің  қатарына  кіруге және Болон бастамасының мүмкіндігін жоғарылату, академиялық  ұтқырлық пен білім  беру  бағдарламаларын  жүзеге  асыру  үшін  ЖОО-да көп тілді  білім  беру  жүйесін  құру  білім  беру  саласының  бәсекеге  қабілетті  факторларының  бірі  болып  табылады.

М.Әуезов   атындағы  Оңтүстік  Қазақстан  мемлекеттік  университетінің  Ғылыми Кеңестің  шешімі  негізінде  2005  жылы  көп  тілде  білім  беру  саясатын  жүзеге  асыру  мақсатында   Лингвистикалық  орталық  құрылды.

Сол  жылы  Лингвистикалық орталықта ОҚМУ-дың  оқытушы-профессор  құрамына  ағылшын  тілі   курсы  ұйымдастырылды. Ағылшын  тілі  курсына  қатысуға  ниет  білдірген  37  ОПҚ-ға  ақысыз  түрде  курс  жүргізілді.  Олардың  ішінде  9  ОПҚ  эксперимент  тәжірибе  түрде  7  мамандық бойынша   пәндерді  ағылшын  тілінде  жүргізе  бастады.

2006-2007  оқу  жылында  87  оқытушы  ағылшын  тіл  білімінен  сертификатталды, оның   ішінде  36  оқытушы  ағылшын  тілінде  оқыту  үшін   қажетті  деңгейді  меңгерді. Сол жылы  мына  мамандықтар  бойынша:

050606 – Химия;

050701 – Биотехнология;

050720 – Бейорганикалық  заттардың  химиялық  технологиясы;

050720 – Баяу балқитын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиялары;

050721 –Органикалық  заттардың химиялық  технологиясы;

050727 –Азық-түлік  тағамдар  технологиясы;

050728 –Өңдеу  өндірістерінің  технологиясы

арнайы  топтарға пәндерді  ағылшын  тілінде  оқыту  топтары  құрылды.

Бүгінгі  күнге  дейін  пәндерді  ағылшын  тілінде  жүргізетін 108  ОПҚ Pre-Intermediate-тан  Intermediate деңгейіне  дейін    ағылшын  тілінен   қосымша  курстан өтті және  8  оқытушы  Upper-Intermediate  деңгейінде  ақысыз  ағылшын  тілі курсын  оқып жатыр.

2009-2010  оқу жылында  6  факультет   пәндерді  ағылшын  тілінде  19  мамандық  бойынша   жүргізді. 62  ағылшын арнайы  топтарында  424  студент,  163  пәнді  оқытатын  68  оқытушылар  құрылды.

Жыл  сайын  арнайы  ағылшын  топтарындағы  студенттердің  өсуі  бақыланып  отырды. Ағылшын  топтарындағы  студенттердің  жоғары  көрсеткіші  олардың    тілге  деген қызығушылығының  жыл  сайын  артуы, аталған  студенттердің  жұмысқа  орналасу  мүмкіндігі  жоғары  болады   және  шетелдік  компанияларға  жұмысқа  тұруына, ТМД-да  ғана емес  шетелдерде  жұмыс  жасау  мүмкіндігі  артады.

2010-2011  оқу  жылында   университеттің 6  факультетінде  25  мамандық  бойынша  пәндерді  ағылшын тілінде  жүргізу  ұйымдастырылды. Арнайы  ағылшын  топтарында  студенттер көрсеткіші  68-ге жетті. 76  оқытушы  154  пәнді  ағылшын  тілінде  жүргізді.

Студенттерді  шет тілінде  оқыту  тәжірибесі  негізінде  2009  жылы  университетте  көптілді  дамыту  бағдарламасы  әзірленді.  Аталған  бағдарлама  көптілде  білім  берудің  мақсаты мен  міндеттерін шешуге  бағытталған  және  М.Әуезов  атындағы   ОҚМУ-да  көптілді  білім  берудің  мүмкіндігін    4  бағытта жүзеге  асырады:

1. Оқу-ұйымдастыру  әдісімен  қамтамасыз  ету;

2. Ғылыми-әдістеме  әдісімен  қамтамасыз ету;

3. Теориялық-методология әдісімен   қамтамасыз ету;

4. Материалды-техникалық әдіспен қамтамасыз ету

Ағымдағы  оқу  жылында  ағылшын  тілінде  оқыту  9  факультетте: 27  білім  беретін  бағдарлама  бакалавриат және  3 білім  беретін магистратура бойынша  70  ағылшын тобында, 648 студент және 34  магистрант контингенті  бойынша   жүргізіліп келеді.

378  пәндерді  ағылшын  тілінде  оқыту  үшін 115  ОПҚ  тартылды. Ағылшын  тілінде  пәндерді  қамту   орта  есеппен жалпы  пәндерден  51,2%  құрайды.

Ағылшын  тілінде  оқытылатын  барлық  пәндер    толықтай  оқу-әдістемелік  құралдарымен  қамтамасыз   етілген.Соңғы  үш  жылда  университет  оқытушылары  202 – методикалық көрсеткіш, 3-монография, 33-жинақ, 32-рөлдік  ойындар, 43- дәріс конспектісі, 39-оқу және  оқыту  құралы және  8-шет тіліндегі  оқулықтар  әзірленді.

2012  жылы    ағылшын  тіліндегі  оқу  процесін    қадағалау  мен  ұйымдастыру  мен бақылау  мақсатында,  М.Әуезов  атындағы  ОҚМУ-дың  ректорының шешімімен  Академиялық  мәселелер  жөніндегі  департамент ішінен  Шет тілдерінде білім беру сапасын қамтамасыз етуді ұйымдастыру бөлімі   құрылды.

Бөлімнің  негізгі   мақсаты  мен  міндеті:

а) Шет тілдерінде оқылатын пәндердің сапасын ұйымдастырып қамтамасыз ету;

б) Шет тілдеріндегі оқу үдерісін қамтамасыз ету бойынша факультет, кафедра және басқа бөлімшелердің жұмыстарын ұйымдастыру және бағыттау;

в) Университетте шет тілдерінде оқу үдерісін ұйымдастыру және білім алушылардың контингенті бойынша есеп мәліметтерін дайындау және құжаттама жүргізу;

г) Оқытушылардың шет тілдерінде пәндерді оқытуға дайындығын анықтау үшін университет оқытушыларымен әңгімелесуді ұйымдастыру және жүргізу;;

д) Білім алушылар мен оқытушылардың шет тілдерін меңгеруін жақсарту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру;

е) Шет тілдерінде пәндерді жүргізу бойынша университет қызметкерлеріне кеңес беру.

Магистратура  білім  беру   бағдарламасы  бойынша  ағылшын  тілінде  оқыту  үш   мамандық  бойынша  жүргізіледі. Олар: 6М060800-Экология  2014-2015 оқу  жылынан бастап, 6М072000-БЗХТ, 6М072800-Өңдеу  өндірістерінің технологиясы,  ИИДМБ-2 шеңберінде  мамандарды  дамыту бағыты бойынша 2015-2016  оқу  жылынан   бастап  оқытылып  келеді.

Үш тілде  білім  беруді  жүзеге  асыру  мақсаты  бойынша   университетте  келесі  құрылымдық  бөлімшелер  жұмыс атқарып келеді:

•    Академиялық мәселелер  жөніндегі  департамент: Шет тілдерінде білім беру сапасын қамтамасыз етуді ұйымдастыру бөлімі;Аккредитация  бөлімі;

•    Тілдерді  дамыту бөлімі;

•    Халықаралық  байланыс   орталығы;

•    Факультеттер/ Жоғарғы мектептер/ОҚБ;

•    Болон үрдісі және  академиялық  ұтқырлық  орталығы;

•    Абайтану ғылыми орталығы;

•    Мемлекеттік  тілді  оқыту кафедрасы;

•    Ағылшын  тіл  білімі кафедрасы;

•    Қазақ  тілі  және  әдебиеті кафедрасы ;

•    Орыс тілі мен  әдебиеті  кафедрасы;

•    Техникалық  мамандықтарға  арналған шетел  тілдері  кафедрасы;

•    Гуманитарлық  мамандықтар  бойынша  шетел тілдері кафедрасы;

•    Агроөнеркәсіптік  мамандықтар  бойынша шет тілі кафедрасы;

•    Француз  орталығы, студенттік (тілдік) клубтар.

ОҚМУ-да ағылшын тілінде  оқытатын оқытушылардың кәсіби  біліктілігін  арттыруды  ұйымдастыру Біліктілікті  арттыру  бөлімі мен Академиялық  ұтқырлық және  халықаралық рейтинг  орталығымен шетелдік   ЖОО серіктестігі бойынша дамып отыр.  

Кәсіби  біліктілікті  арттыру  бойынша  халықаралық   тағылымдамалар шетелдік  ЖОО  серіктестерімен  Европа елдерінде, Малайзия және Түркияда  өтіп отырады.

Оқытушылардың  академиялық  ұтқырлығын  дамыту  мақсатында  М.Әуезов  атындағы  ОҚМУ-да  «GlobalInternship»  сынамалы  жобасы  ұйымдастырылды. Аталған  бағдарлама  М.Әуезов   атындағы ОҚМУ-дағы ағылшын тілінде  оқытатын оқытушылардың  кәсіби тілдік  тағылымдамадан өтуін  қамтамасыз ететін білім берудің  интернационалды  стратегияларының  бастамасы  болып табылады.

Бағдарламаның  жоспарланған  жобасы  мынадай  міндеттер  шеңберінде жүзеге  асырады:

·     Тілдік   тағылымдама;

·     Шетелдік ЖОО-мен  байланыста  болу;

·     Дәрістер оқу және т.б.

Бағдарлама  жүзеге  асырылған кезеңінен бастап, 2015  жылдан 2020 жыл аралығында  100 оқытушыны  тарту  көзделіп  отыр. Жобаны  қаржыландыру  университет  тарапынан  тыс  жүзеге  асырылады.

Бүгінгі күні  «GlobalInternship»  бағдарламасы  бойынша  шетелдік  тағылымдамадан 5  оқытушы  өтті.

1.  «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының доценті – Умарова Жанат Рысбаевна – Путра Университеті, Малайзия, Серданг, Селангор, Малайзия.

2.  «Тіршілік  қауіпсіздігі және қоршаған ортаны  қорғау» кафедрасының доценті –  Жылысбаева Акконыр Нурдиллакызы –  Валенсия политехникалық  университеті (Испания).

3.  «Есептеу  техникасы жәнебағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасының аға  оқытушысы – Нышанбаева Жанар Усербаевна –   Путра Университеті, Малайзия, Серданг, Селангор, Малайзия.

4.  «Есеп және аудит»  кафедрасының меңгерушісі – Жақыпбеков Дінмұхаммед  Сапарұлы –   Туриба университеті (Латвия).

5.  «Халықаралық байланыс және саясаттану» кафедрасының  аға  оқытушысы – Төреқұлова Жұлдыз Елтаевна –Лодзь университеті, Лодзь қаласы(Польша).

«Ағылшын тіл білімі» кафедрасы

«Білімнің бір биігі - үштілділік»

Қазақстан Республикасының жаһандану кезеңіндегі ең маңызды мәселелерінің бірі-үштілділік. Жаңа оқу жылынан бастап еліміздің барлық мектептерінің 1-сынып оқушыларына қазақ, орыс тілдеріне қоса ағылшын тілін оқып-үйрену міндеттеледі.Міне осы саланың білікті мамандарын дайындайтын М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың филология факультетінің «Ағылшын тіл білімі» кафедрасы. Кафедрада ағылшын тілі бойынша үш мамандық дайындалады: 5В011900 – «Шет тілі: екі шет тілі», 5В021000 – «Шетел филологиясы», 5В020700 – «Аударма ісі».

Осы кафедраны неміс, ағылшын тілдерін жақсы меңгерген ф.ғ.к., доц. Г.К.Карбозова басқарады. Студенттерді лингвистика мен инновациялық әдістермен оқытуда өзінің шет тілдерінен жоғары біліктілігінің арқасында биылғы 2015-2016 оқу жылының өзінде Еуропа елдерінің бірі Испанияға оқытушылық қызмет бабымен Erasmus+ K107 бағдарламасы аясында және Германия мемлекетіне Гёте институтының шет тіліне оқыту әдістемесі бойынша біліктілігін жоғарылату грантын ұтып алды.

Ф.ғ.к., доц. Г.К.Жумагулова және оқытушы М.Қалдыбекқызы президенттің «Болашақ» бағдарламасымен Монтре бизнес мектебінде (Швейцария) 15.07.2013ж - 23.09.2013ж аралығында тағылымдаманы өтіп келді. Осы бағдараламамен Г.К. Карбозова Ұлыбританияның Кембридж универститетінде біліктілігін жоғарылатып келді.

Аға оқытушы Халмирзаева Куланда Сериковна Ташкент қаласындағы Өзбекстан Мемлекеттік Әлем Тілдер Университеті жанындағы DAAD (Германия академияаралық қарым-қатынас қызметтестігі) ұйымдастыруымен  01.12.2015ж - 05.12.2015ж аралығында өткізілген «Schreibförderungen im DaF-Unterricht» атты семинарға қатысып,халықаралық сертификатқа ие болды.

ЖОО-дары арасындағы келісім-шарт бойынша Ұлыбритания, АҚШ, Қытай, Германия, Испания елдерінен тіл үйретуге профессор-оқытушылар шақырылады. Кафедраның студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Ұлыбритания, АҚШ,  Германия, Испания, Польша, Латвия, Румыния мемлекеттерінде білім алып жатыр. Біздің студенттер де бірнеше тілдерді: өз ана тілін, өзара қарым-қатынас  тілі орыс тілін, ағылшын, неміс, қытай тілдерін игерген және сол тілдерде еркін сөйлейді. Оңтүстікте және университетімізде өтетеін халықаралық кездесулер, конференцияларда кафедраның оқытушылары мен студенттері аудармашы міндетін атқарады.

Білікті тұлға

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Филология факультетіне қарасты «Гуманитарлық мамандықтар бойынша шетел тілдері» кафедрасының меңгерушісі А.Н. Жорабековаға 6D010300 «Педагогика и психология» мамандығы бойынша (PhD) философия докторы ғылыми дәрежесі берілді. А.Н.Жорабекова 2016 жылдың қаңтар айынан бастап «Гуманитарлық мамандықтар бойынша шетел тілдері» кафедрасын басқарып келеді. Оның ұйымдастырушылық қабілеті мен іскерлігі өз жұмысын аса жоғары деңгейде орындауына бастау болды. Өмірлік мақсаты – талмай  еңбек  ету  мен  университет  студенттерін  үш  тілді  меңгерген, мәдениетті, қабілетті  тұлға  етіп  дайындау. Сондай ақ,  ол қазақ, орыс, ағылшын және өзбек тілдерін жоғары деңгейде, неміс және парсы тілдерін бастапқы деңгейде меңгерген ұстаз. Үш тілді жетік меңгерген Айнұр Назымбекқызы әрдайым алдына мақсат қоя білетін маман.

Ол 1999 ж. М.Ұлықбек атындағы Ташкент мемлекеттік университетінде «Халықаралық журналистика» мамандығы бойынша білім алды. 2006 ж. Шымкент қаласындағы Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетінің   «Шет тілі:екі шет тілі» мамандығы бойынша оқуын тәмамдады.

2012 жылы сәуір айында ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің ұйымдастыруымен  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен «Білім саласындағы инновациялық ақпараттық-педагогикалық технологиялар» Жаңашыл-педагогтардың 3-ші Форумында «Үздік ашық сабақ» номинациясын жеңіп алды.

2013 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті Агроөнеркәсіп факультетінде инновациялық оқытуда белсенділік танытқаны үшін Үздік  аға оқытушы атанды.

2013 жылы А.Н.Жорабекова аталған университеттің «Ауыл шаруашылық мамандықтары бойынша шетел тілдері» кафедрасында аға оқытушылық қызметін атқара жүріп, ҚР «Болашақ» бағдарламасы бойынша ғылыми тағылым грантын ұтып алды. Нәтижесінде,  Швейцария мемлекетінің  Монтре  қаласында біліктілігін жоғарылатып келді.

А.Н.Жорабекова ғылыми жұмысын Л.Н.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық Университетінің диссертациялық кеңесінде жоғары деңгейде қорғап шықты. Ғылыми ізденісінің тақырыбы «Полилингвалды тұрғы негізінде болашақ мұғалімнің кәсіби құзіреттерінің қалыптасуы». Оның ғылыми жұмысы қазіргі таңдағы білім беру аясындағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Ғылыми жұмыстың нәтижелері Scopus және  Thompson Reuters базасына кіретін шетелдік ғылыми журналдарында жарияланды. Көптілді білім беру тақырыптары бойынша 30-дан астам ғылыми және әдістемелік жұмыстары жарық көрді және осылайша болашақ оқытушылардың кәсіптік құзіреттіліктерін қалыптастыру мәселелері бойынша полилингвалды тәсіл негізінде дамытуға елеулі үлес қосты.  Жұмыс барысында көптеген оқу- әдістемелік құралдар, виртуалды-лабораториялық оқулықтар баспадан шығарылды.

Тілдерді меңгеру-заман талабы

Үш тілде білім беру саясатын жүзеге асыру және осы жұмыстың барысын жақсарту мақсатында «Гуманитарлық мамандықтар бойынша шет тілдері» кафедрасының оқытушылары 2015-2016 оқу жылы бойы көптілді  өзекті тақырыптар, пәндік  тілді кешенді оқыту әдістері бойынша семинарлар мен халықаралық конференцияларға қатысады. Сондай-ақ, оқу жылы барысында  кафедраның ОПҚ тілдерді оқытудың маңыздылығы, тіл білімі бөліміне салыстырмалы лингвистикалық талдау жасау және студенттердің  үштілділік ғылыми жобалау нәтижесіне оқытушылар жетекшілік ете отырып ең үздік деген зерттеу жұмыстары іріктеліп Республикалық студенттік ғылыми конференция жинақтарында жариялау үшін ұсынылады.

Сондай-ақ, кафедра қызметкерлері төрт тілді салалық ағылшын-неміс-орыс-қазақ терминологиялық сөздігін жасады және осы сөздікті  гуманитарлық мамандық студенттері практикалық сабақтарда ғана емес сонымен қатар   мамандықтарына сай өздерінің  ғылыми-зерттеу жұмыстарында да ұтымды қолданып отырады.

Сонымен қатар, кафедра оқытушыларының академиялық топтарында білімді адамның өміріндегі шет тілдерінің рөлі, қазіргі жағдайда үш немесе одан да көп тілдерді меңгертудің маңыздылығы мен қажеттілігі туралы тәрбие жұмыстары жүргізіліп тұрады.

«Гуманитарлық мамандықтар бойынша шетел тілдері» кафедрасының меңгерушісі PhD А.Н. Жорабекованың жоғарғы оқу орнындағы полилингвалды  білім беру идясын жүзеге асыру маңыздылығының рөлін ерекше атап өткен жөн. А.Н. Жорабекова (PhD) докторлық диссертациясын сәтті қорғай отырып, көптілді білім беру тақырыптары бойынша 30-дан астам ғылыми және әдістемелік жұмыстары жарық көрді және осылайша болашақ оқытушылардың кәсіптік құзіреттіліктерін қалыптастыру мәселелері бойынша полилингвалды тәсіл негізінде дамытуға елеулі үлес қосты.