«ӘУЕЗОВ ОҚУЛАРЫ – 16: «ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҒЫЛЫМ, БІЛІМ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ»» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

Сипаттама

Елі: Қазақстан Республикасы

Өткізілетін орны: Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5.

Өткізу уақыты: 12-13 сәуір 2018 ж.

Пленарлық мәжілістің өткізілетін орны және уақыты: бас ғимарат, акт залы, сағ.10.30.

Ұйымдастырушы: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Конференция өткізудің мақсаты:  Қазақстан Республикасы мемлекетінің және қоғамның алдына қойған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Президенттің жолдауындағы міндеттер бойынша пікірталасқа барлық санаттағы зерттеуші  - ғалымдардың қатысуына  мүмкіндік беретін ақпараттық ғылыми алаң құру.

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өткізіледі:

1.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанның егемендігін нығайтудағы ролі және әлемдік қауымдастықтағы беделі;

2.

Қазіргі тіл білімі және әдебиеттанудың мәселелері: үштілділік пен латын әліпбиіне көшу  жалпыұлттық бірлік;

3.

Білім беру және мәдениет аясында инновациялық қызметке болашақ педагогтарды кәсіби тұрғыдан даярлау;

4.

Экономиканы цифрландыру - Қазақстанның әлеуметтік - экономикасын дамытудың  - факторы ретінде;

5.

Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы мемлекет пен құқықтың және азаматтық қоғамның  мәселелері мен даму перспективалары;

6.

«Ақылды технологиялар» – Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі;

7.

Химиялық технологияларды дамытудың заманауи бағыттары,  металлургия, нанотехнология және силикат материалдары;

8.

ИИД МБ– 2 бағдарламасын жүзеге асыруда тоқыма өнеркәсібін дамытудың келешегі;

9.

Тамақ инженериясы және биотехнология;

10.

Құрылысқа және машинажасауға заманауи технологияларды енгізу;

11.

Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау;

12.

Жаңартылған энергетика, ресурстар және энергияны сақтаушы технологиялар;

13.

Физика-математикалық ғылымдар саласындағы теориялық және қолданбалы зерттеулер, өндірісті автоматтандыру мен IТ-технологиялар;

14.

Бәсекеге қабілетті тұлғаны психологиялық тұрғыдан тәрбиелеу мен дамытудағы спорттық сауықтыру аспектілері.

        Конференция тақырыбы бойынша маңызды ғылыми зерттеу нәтижелері бар Қазақстан Республикасы  және шетел мемлекеттерінің жоғары оқу орындары мен ғылыми- зерттеу институттарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғалымдар конференция жұмысына қатысуға шақырылады.

         Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері. 

         Конференцияға қатысу үшін өтініштің (тіркелген үлгі бойынша), баяндама мәтінінің баспа түріндегі (2 данадан)  және электрондық нұсқасы, ұйымдастыру жарнасы (3500 теңге көлемінде) төленгені туралы түбіртектің көшірмесі электрондық поштамен ukgu70@mail.ru немесе төмендегі мекен-жайда 2018 жылдың 20 наурызына дейін қабылданады: 160012, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Тәуке хан даңғылы, 5, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, №16 ғимарат, 1 қабат, 109 каб. Конференцияны ұйымдастыру комитетінің жауапты хатшысы: PhD докторы Назарбек Ұлжалғас Бақытқызы – М.Әуезов атындағы ОҚМУ Ғылыми-зерттеу басқармасының директоры.

                   Баяндаманы дайындауға қойылатын талаптар:

         Баяндама мәтіні (суреттер мен сызбаларды қоса А4 форматында 6 беттен аспайтын) Microsoft Word редакторының мәтінінде терілуі қажет. Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі баяндамалар үшін Times New Roman қарпі (қаріп өлшемі – 11, жоларалық қашықтық – 1, сол жағы – 2,5 мм, қалған жақтары – 20 мм, жаңа жол бойынша шегініс – 1 см) қолданылады. Мақала төмендегідей тәртіппен орналасады: бірінші жолда мақаланың жазылған тілінде және ағылшын тілінде ӘОЖ   (Әмбебап ондық жіктеу) көрсетіледі,  бір жол төмен – бас әріптермен мақаланың жазылған тілінде және ағылшын тілінде баяндама тақырыбы (қою қаріппен), бір жол төмен – мақаланың жазылған тілінде және ағылшын тілінде автордың аты-жөні және тегі, бір жол төмен – мақаланың жазылған тілінде және ағылшын тілінде мекеме, қала, ел атауы және электрондық адрес (e.mail) беріледі. Келесі жолда курсивпен – орыс тіліндегі баяндамалар үшін түйін және аbstract, қазақ тіліндегі баяндамалар үшін резюме және аbstract, ағылшын тіліндегі баяндамалар үшін аbstract  150 ден  250 сөзге дейін жазылады. Бір жол төмен мақаланың жазылған тілінде және ағылшын тілінде кілттік сөздер жазылады, ол 7 сөзден кем болмауы тиіс. Баяндаманың негізгі мәтіні келесі жолда, мақаланың жазылған тілінде басылады. Әдебиеттер тізімі негізгі мәтіннің соңында бір шегіністен кейін екі нұсқада көрсетіледі, біріншісі түп нұсқада, екіншісі Reference роман алфавитінде (латыншада) SCOPUS, РИНЦ мәліметтер базасында көрсетілетін бұл сілтемелер журналдармен мақала авторларын дәйектеме (цитирование) оқу барысында ескерілетіндей болу керек.

         Баяндама мәтіні түзетілмейді, түпнұсқа болып саналады. Конференция еңбектерінің жинағы тікелей көшіру әдісімен теріледі. Көрсетілген мерзімнен кеш түскен немесе талаптарға сай келмейтін материалдар жарияланбайды, қаралмайды және қайтарылмайды.

Конференция еңбектерініндегі іріктелініп алынған мақалалар Conference Proceedings SCOPUS және РИНЦ мәліметтер базасына енгізілуі жоспарлануда.

                Қонақ үйді брондау 2018 жылдың 31 наурызына дейін

Құрметті әріптестер! Сіздерден жоғарыда көрсетілген талаптарға сай дұрыс терілген материалдарды жіберу сұралады.

Баяндаманы дайындау үлгісі:

ӘОЖ (10 пт.)

UDC (10 pt.)

 

 МҰХТАР  ӘУЕЗОВТІҢ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ (11 пт.)

 

ROLE OF MUKHTAR  AUEZOV IN THE DEVELOPMENT

OF KAZAKH LITERATURE (11 pt.)

 

Асқарова Г. (11 пт.)

Askarova G. (11 pt.)

 

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент, Қазақстан (10 пт.)

M.Auezov South Kazakhstan State University, Shymkent, Kazakhstan (10 pt.)

@e.mail

 

Резюме: (10 пт.) 150-250 сөз

  Аbstract: (10 пт.) 150-250 words

 

Кілттік сөздер: 7 сөзден кем емес

Keywords: not less than 7  words

 

Баяндаманың негізгі мәтіні (11 пт.)

             ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Әдебиеттер (11 pt.)

References (11 pt.)

Өтініш үлгісі:

Өтініш

1

Баяндамашының тегі, аты-жөні (толығымен)

 

2

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

 

3

Мекемесі, лауазымы

 

4

Мекен-жайы (индексі көрсетілуі міндетті)

 

5

Телефон, факс (халықаралық байланыс кодымен)

 

6

Баяндаманың тақырыбы

 

7

Секцияның атауы

 

8.

Керекті техникалық құралдар

 

9.

Қонақ үй орындарын брондау қажеттігі

(иә, жоқ)

 

Барлық сұрақтар бойынша конференцияның ұйымдастыру алқасына хабарласуыңызды сұраймыз:

Телефон: +7 (7252) 21-06-48, 30-05-71 Факс: +7 (7252) 21-19-89 E-mail: ukgu70@mail.ru

160012, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Тәуке хан даңғылы, 5.

«М. Әуезов атындағы ОҚМУ» ШЖҚ РМК банк деректемелері:

ЮКФ АО «Цеснабанк»

РНН: 582100003432

ИИК: KZ 81998STB0000109568

БИК: TSESKZKA

Кбе 16

БИН: 990240005557

ОКПО 39140473

Код ОКЭД 85321

Start Date - End Date

Mar 5th, 2018 - Mar 5th, 2018

Start Time - End Time

1:30 pm - 1:30 pm

Event Location

Cost

Категория

Тэгтар

Organizer

Phone

Email

Share This