Turnitin бағдарламасы бойынша оқу тренингі (Turnitin американдық компаниясы – плагиат бойынша күрестегі әлемдік көшбасшы)

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті» мемлекеттік мекемесінің төраға орынбасарының Қазақстанның 14 жоғары оқу орнына жолдаған хаты негізінде, соның ішінде М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ға  Turnitin бағдарламасын (плагиатпен күрестегі әлемдік жетекші американдық Turnitin компаниясы) ақысыз негізде пайдалануға рұқсат берілді.

2019 жылдың 8 қазанында осы компанияның Алматыдағы өкілдері «Ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-да Тurnitin бағдарламалық кешенін қолдану бойынша тренинг өткізді. Бұл тренингке Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті Білім беру бағдарламаларын әдістемелік қамтамасыз ету орталығының басшысы Тасыбаева Ш.Б. және Цифрландыру департаментінің директоры  Сембиев О.З. қатысты.

Тренингте келесі мәселелер қарастырылды: академиялық адалдық құндылықтарын анықтау, академиялық адалдық болмауының университет студенттері мен ОПҚ-ға тигізетін әсері, Тurnitin-нің түпнұсқалық есептерін интерпретациялау, FeedbackStudio-да әртүрлі кері байланыс құралдарын қолдану, есептерге пікір беру және т.б. Тренинг қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Тренингтің  нәтижесі бойынша «Филология» және «Заңтану және халықаралық қатынастар» факульттері, «Басқару және бизнес» және «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектептерінің 1 курс студенттеріне 2019/2020 оқу жылының күзгі семестрінде оқылатын: «Мәдениеттану және психология», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Шетел тілі», «Қазақ/ орыс тілі», «Қазақстанның қазіргі заман тарихы», «Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері», «Экономика негіздері» және «Құқық негіздері» жалпы білім беру пәндері бойынша барлық жазбаша жұмыстарын плагиатқа тексеру үшін эксперимент режимінде Turnitin бағдарламасы  қолданылады. Студенттердің 1 межелік бақылау (7 апта) және 2 межелік бақылау (15 апта)бойынша  рейтингтері жазбаша жұмыстарын плагиатқа тексеруден өтілгенін ескере отырып қойылады.

Сонымен қатар, күзгі семестрде оқылатын пәндер бойынша курстық жұмыстарға және PhD докторанттардың қорғауға ұсынған докторлық диссертацияларды қосымша Turnitin бағдарламасы бойынша плагиатқа тексеру ұйымдастырылады.

Оқытушы-профессорлар құрамы мен 1 курс студенттеріне Turnitin бағдарламасын қолдануды үйрету бойынша әдістемелік семинарлар өткізіледі.