Тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті

Тәрбие ісі және жастар саясаты

департаментінің директоры

Байқонысов  Ербол  Рәбілұлы

Мекен жайы: Тәуке хан көш. 5, Бас ғимарат, 268-бөлме

Байланыс телефон: 8 (7252) 21-46-77

►Жастар орталығы
►Қоғамдық кәсіптер факультеті
►БАҚ бөлімі
►Студенттік кәсіподақ комитеті
►ОҚМУ спорт клубы
►Мұражай

Тәрбие ісі және жастар саясаты  департаментінің негізгі мақсаты мен міндеттері:

  • Білім беру ұйымдарындатұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту.
  • Студент  жастарды   азаматтылыққа, отансүйгіштікке, толеранттылыққа, адам құқықтары мен   бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді құрметтеуге.
  • Өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гумманистік дүниетанымды қалыптастыру.
  • Мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы студент жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, өз халқы мен басқа Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін құрметтеуге жағдай жасау.
  • Қазақстан Республикасының азаматтары, және патриоттары ретінде қалыптасуын және жалпы білімге икемділігін, өзін - өзі тану мен өздігінен білім алу дағдыларын барынша дамыту бейімділігін қалыптастыру;
  • Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру;
  • Әлеуметтік мәселелерді шешу;
  • Студенттердің әлеуметтік жағынан аз қамтылған бөлігін, соның ішінде жетімдер мен мүгедектерді қорғау мен қолдау; 
  • факультеттер мен кафедралардын, құрылымдық бөлімшелердің тәрбие үрдісін әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастыру жұмыстарымен қамтамасыз етуін қадағалау;
  • факультеттерде тәлімгерлер сағаттары мен түрлі тәрбиелік іс-шараларды өткізу;
  • университет жастарын қазіргі заманға сай тәрбиелеу құрылымының мониторингін құрастыру және ұйымдастыру;
  • белсенді студенттердің атқарған істерін бақылау, бағыт беру және олардың ой – пікірлерін қолдау;
  • университеттің тәлімгерлер кеңесінің жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау;
  • Ғылыми кеңес пен ректорат жұмыстарына қатысу, және тәрбие жұмыстары бағытындағы шешімдердің орындалуын қадағалау;
  • факультеттердің, кафедралардың тәрбие жұмыстары бойынша жылдық есептерінің дайындалуын қадағалау, университеттің студент жастарының тәрбие деңгейінің мониторингін өткізу, дөңгелек үстел, семинарлар, құқық сақтау органдары, денсаулық сақтау департаменті және наркодиспансер мамандарымен кездесулер ұйымдастыру;
  • университеттің тәрбие жұмысы бағытындағы оқу жылы есептерінің дайындалуына ықпал жасау;
  • университет қызметкерлерінің, оқытушылар мен студенттердің тәрбие жұмысын ұйымдастырып қадағалау.

 Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі басқарма негізігі бағыттар бойынша жұмысын атқарады:

  1. Ұйымдастыру жұмыстары

  2. Азаматтық - патриоттық және құқықтық тәрбие

  3. Рухани-адамгершілік тәрбие

  4. Кәсіби-еңбек тәрбиесі

  5. Діни толеранттылықтың қалыптасуы

  6. Дене тәрбиесі және салауатты өмірді қалыптастыру

  7. Экологиялық тәрбие

  8. Интеллектуалдық және коммуникативтік мәдениетті дамыту

  9. Мәдени-эстетикалық және полимәдениетті тәрбие

  10. Студенттік өзін-өзі басқаруды және жастар бастамасын дамыту