Темпус MAPREE жобасы

НӨМІР: 530793-TEMPUS-1-2012-1-SE-JPCR

АТАУЫ: Орталық Азия және Ресей құрылыстарындағы энергия тиімділігі және энергияны қайта жандандыру көздері бойынша магистрлік бағдарламалар 

СИПАТТАМА: Жобаның жаһандық мақсаты – Орта Азия мен Ресейден қатысушы елдерде энергияны тұтыну деңгейі мен қоршаған ортаға тигізетін әсерін азайту үшін құрылыстағы энергия түрлері мен энергия тиімділігін қайта жандандыру саласындағы білімді жетілдіруге бейімдеу және ынталандыру.

Жобаның нақты мақсаттары:

  • Орталық Азия және Ресей серіктес елдерінде үш деңгейлі Болон үрдісі және Еуропалық кредиттерді жинақтау және айдару жүйесіне сәйкес (ECTS) құрылыстардағы энергия тиімділігі және энергияны қайта жандандыру көздері бойынша жаңа магистрлік бағдарламалар  құру;
  • Интерактивті оқу үрдісінің негізінде тиісті зертханалық компоненттер және далалық сынақ аспаптарын дайындау;
  • Тұрақты энергетикалық даму мен энергияны тиімді пайдалану тәжірибесін қамтамасыз ету мақсатында серіктес елдер ғимараттарының құрылысы мен энергия тиімділігінің стандарттары мен ережелерінің, еңбек нарығының талаптарына жауап беретін азаматтық құрылыс бағыты бойынша магистрлерді оқыту;
  • құрылыстағы қолданбалы энергия саласында кәсіби мамандарға арналған оқу курстарын дайындау;
  • құрылыстағы энергия тиімділігі мен энергия түрлерін қайта жандандыру мәселелері бойынша құрылыс кәсіпорындары мен басқа да компаниялар мен университеттің технологиялық және ғылыми серіктестігіне үлес қосу;
  • Орталық Азия, Ресей және ЕО-тың қатысушы университеттері арасындағы серіктестікті нығайтуды арттыруға ықпал ету. 

ҮЙЛЕСТІРУШІ: Лунд университеті (Lund University), Швеция Box 118, Street address: John Ericssons vag, 1 Lund S-221 00, SE Тел: +46 46 222 85 94 Факс: +46 222 4535 06 Email: Elisabeth.Kjellsson@byggtek.lth.se

БАЙЛАНЫСУШЫ ТҰЛҒА: Д-р Элизабет Кьелссон (Elisabeth Kjellsson)

СЕРІКТЕС-ЕЛДЕРДІҢ ҚАТЫСУШЫ ЖОО:

  • Иннсбрук университеті, Австрия
  • Орталық Азия ғимараттарының энергия тиімділігі орталығы, Қырғызстан
  • Қырғызстан мемлекеттік құрылыс, көлік және сәулет университеті, Кыргызстан
  • С. Нааматов атындағы Нарын мемлекеттік университеті, Қырғызстан
  • М.М. Адишев атындағы Ош технологиялық университеті, Қырғызстан
  • «Avangard-Style» құрылыс компаниясы, Қырғызстан
  • Академик М.С.Осими атындағы Тәжік техникалық университеті, Тәжікстан
  • Тәжік техникалық университетінің Худжанд политехникалық институты, Тәжікстан
  • Ро "Camp Kuhiston", Тәжікстан
  • Тәжікстанның технологиялық университеті, Тәжікстан
  • Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы, Қазақстан
  • Алматы энергетика және байланыс университеті, Қазақстан
  • М. Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті, Қазақстан
  • Қазақстан құрылысшыларының ассоциациясы, Қазақстан
  • Мәскеу мемлекеттік құрылыс университеті, Ресей
  • Қазан сәулет және құрылыс мемлекеттік университеті, Ресей
  • Нижегородск сәулет-құрылыс мемлекеттік университеті, Ресей
  • Инсолар-Инвест ААҚ, Ресей
  • Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрлігі
  • Тәжікстан Республикасының Білім министрлігі
  • Таллин технология университеті, Эстония

КЕЛІСІМ ШАРТТЫҢ МЕРЗІМІ: 36 ай

М.Әуезов атындағы ОҚМУ бойынша жауапты

Үсенқұлов Жеңісбек Амантайұлы

Тел: 8(7252)21-23-18

Сот:87017371105

E-mail: alem505@mail.ru

ОҚИҒАЛАР

2012 жылдың 26-29 қараша күндері Лунд (Швеция) қаласында  ТЕМПУС MAPREE  жобасының алғашқы 1-консорциумы болып өтті. Алғашқы мәжіліске Германия, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан 28 серіктес қатысты.  Кездесу барысында жоба мақсаты мен міндеттері қарастырылды, жобаның жұмыс жоспары талқыланды, жұмыс түрлері серіктестер арасында бөлінді, әр мемлекеттен жоба үйлестірушілері сайланды. М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нен «Өнеркәсіптік, азаматтық және жол құрылысы» кафедрасының меңгерушісі Үсенқұлов Ж.А. қатысты.

2013 жылдың 14-15 қазанында Бішкек қаласында ТЕМПУС MAPREE  халықаралық жобасының екінші консорциумы өтті. Консорциум жұмысына «Өнеркәсіптік, азаматтық және жол құрылысы» кафедрасының меңгерушісі Үсенқұлов Ж.А., Академиялық ұтқырлық және халықаралық рейтинг орталығының маманы Шакирянова З. қатысты. Мәжіліс барысында бірінші жылға жоспарланған іс-шаралардың орындалуына шолу жасалды, жобаны тиімді жүзеге асыру жолдары талқыланды. Бағдарлама бойынша зертханаға қажетті құрал-саймандар тізімі жасалды.