![]() |
Мекен-жай: ОҚО, Шымкент қ., Рысқұлбеков көшесі 3 «б», Кезекші тел: 35-44-13 Факс: 35-40-63 Эл. почта: vk_yukgu@mail.ru |
Әскери кафедраға оқуға қабылдау тәртібі
Әскери кафедраға конкурс негізінде М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де күндізгі бөлімде оқитын студенттер және студент қыздар – жасы 27- ден аспаған Қазақстан Республикасының азаматтары ғана қабылданады.
Ақылы және ақысыз негізде запастағы офицерлерді дайындау Бағдарламасымен оқытуға төртжылдық бағдарламамен оқитын 1-ші курс студенттерінен және бесжылдық бағдарламамен оқитын 2-ші курс студенттерінен құжаттар қабылданады.
Студенттерді конкурстық іріктеуден өткізу 4 деңгейден тұрады:
1) I деңгей – медициналық сараптамадан өту;
2) II деңгей – кәсіби-психологиялық тестілеу жүргізу;
3)III деңгей –нормативтер бойынша дене даярлығын тексеру;
4) IV деңгей – конкурстық іріктеуді өткізу.
Құжаттарды қабылдау және конкурстың I деңгейін өткізуді ұйымдастыру әскери кафедраға жүктеледі.
II, III и IV деңгейлер студенттерді әскери кафедрада қабылдау үшін іріктеу комиссиясымен жүргізіледі.
Іріктеу комиссиясының құрамы Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің бұйрығымен анықталады.
Жоғарғы оқу орнын бітірген соң Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің бұйрығымен бітірушілерге запастағы «ЛЕЙТЕНАНТ» әскери шені беріледі.
ОҚМУ –дың әскери кафедрасының көптеген түлектері ҚР ҚК-нің қатарына шақырылып, өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетіп, әскери қызметте жоғары жетістіктерге жетіп отыр.
![]() |
Әскери кафедра бастығы полковник Кенжебаев Жакып Амангельдиевич |
![]() |
Әскери кафедра бастығының орынбасары подполковник Еримбетов Темирбек Амангельдиевич |
![]() |
Әскери кафедра бастығының орынбасары - оқу бөлімінің бастығы подполковник Касымбеков Асан Булегенович |
Қазақстан Республикасы бойынша тек қана М.Әуезов атындағы ОҚМУ әскери кафедрасы «радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бөлімдерінің командирі» мамандарын дайындайды. ҚР Қарулы Күштерінде РХБҚ әскери бөлімдері М.Әуезов атындағы ОҚМУ әскери кафедрасының түлектерімен толықтырылады.
1963-2013 ж.ж. аралығында әскери кафедра 13 000-нан астам запастағы офицер кадрларын дайындап шығарған. Бүгінгі күні әскери кафедрада 448 студент оқиды.
Жоғары дәрежелі әскери-педагогикалық профессорлық-оқытушылар құрамы мен материалдық-техникалық базасы ескеріле отырып, әскери дайындықты трансформациялау бағдарламасына байланысты 2008-2009 ж.ж. әскери кафедрада«Командалық тактикалық сұйық отынмен қамтамасыздандыру» әскери-есеп мамандығы бойынша кадрдағы офицерлерді дайындау ұйымдастырылды. 2011 жылдан бастап осы мамандық бойынша студенттерді әскери дайындықтан өткізу жалғасуда.
Кафедра химиялық зертханамен, радиациялық, химиялық және биологиялық барлау техникалық құралдарымен, жеке құрамды, қару жарақ пен әскери техниканы, киім-кешекті,дезактивация, дегазация, дезинфекциялауға арналған арнайы өңдеу құралдарымен, техникалық байқау және автокөлікті жөндеу пунктімен, ату және саптық алаңмен қамтамасыздандырылған.
Әскери кафедра офицерлері және оқу көмекші құрамымен «Химиялық қауіптілігі бар апаттарда қатты уландырғыш заттардың зардаптары мен көлемдерін болжау», «Радиациялық жағдайды болжау және барлау әдісімен бағалау» (авторлары запастағы подполковник Тазутдинов Ш.Н., запастағы подполковник Шаймерденов Б.А.) компютерлік бағдарламалары, «Химиялық қарудың ұрыстық қасиеттері» (ЭЕМ-ға арналған бағдарлама – виртуалдық практикалық жұмысы)( авторлары – подполковник Кенжебаев Ж.А., әскери кафедраның лаборатория меңгерушісі Джазықбаева А.А.) жасалынды. Бағдарламалар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінде тіркелген.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс бөлімшелері мен бөлімдерін қолдану
Мақсаты: ҚР Қарулы күштерінің РХБ қорғау әскерлеріне Отанына адал берілген, жігерлі, тәртіпті, әскери және мемлекеттік құпияны сақтай алатын, жоғарғы білікті, өнегелі, запастағы офицерлерді дайындау.
ӘЕМ бағдарламасы бойынша дайындау нәтижесінде студенттер білуі қажет:
Істей алуы қажет:
От шашу және түтін шығару бөлімшелері мен бөлімдерін қолдану
Мақсаты: ҚР Қарулы күштерінде Отанына адал берілген, жігерлі, тәртіпті, әскери және мемлекеттік құпияны сақтай алатын, жоғарғы білікті, өнегелі офицерлер дайындау, студенттерге Қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру, Отанды қорғауға дайындын болуға, әскери парызын адал атқаруды, қарулы қүштер сапында қызмет етуді мақтаныш тұту және жауапкершілікпен қарауға баулу.
ӘЕМ бағдарламасы бойынша дайындау нәтижесінде студенттер білуі қажет :
Істей білу:
Радиациялық және химиялық барлау бөлімшелері мен бөлімдерін жауынгерлік қолдану (теңіз жағасына орналастырылғандардан басқасы)
Мақсаты: ҚР Қарулы күштерінің РХБ қорғау әскерлеріне Отанына адал берілген, жігерлі, тәртіпті, әскери және мемлекеттік құпияны сақтай алатын, жоғарғы білікті, РХБ барлауды ұйымдастыруды және жүргізуді басқара білетін, запастағы офицерлерді дайындау.
ӘЕМ бағдарламасы бойынша дайындау нәтижесінде студенттер білуі қажет:
Істей білу:
Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс қару-жарағы мен құралдарын, экологиялық бақылаудың техникалық құралдарын пайдалану және жөндеу
Мақсаты: Химиялық және радиациялық барлауда өз қол астындағыларын басқара білетін қазіргі замандағы әскерлерді химиялық қамтамасыз ететін, РХБҚ әскеріне запастағы офицерді дайындау.
ӘЕМ бағдарламасы бойынша дайындау нәтижесінде студенттер білуі қажет:
Істей білу:
Жалпы әскери бөлімшелерді, бөлімдер мен құрамаларды жауынгерлік қолдану
Мақсаты: ҚР ҚК қазіргі заманғы ұрысты ұйымдастыруды және жүруді білуге қажетті білімді меңгерген, өз халқына, Отанына және Үкіметіне мінсіз берілген запастағы офицерлер дайындау.
ӘЕМ бағдарламасы бойынша дайындау нәтижесінде студенттер білуі қажет:
Істей білу:
Зымыран отынымен және жанар майымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру
Мақсаты: Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне - Отанына адал берілген, моральді тұрақты, тәртіпті, жанар – жағар май қызметінің бастығы қызметін абыроймен атқару үшін білімді, іскер, заманауи әскери техникамен қару-жарақты жетік меңгерген, білікті офицер-лер дайындау.
ӘЕМ бағдарламасы бойынша дайындау нәтижесінде студенттер білуі қажет:
Істей білу:
Идеологиялық жұмысты ұйымдастыру
Мақсаты: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері үшін өз Отанына, халқына және Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысына шексіз берілген, ұрысты ұйымдастыру мен жүргізуге қажетті білімі бар, бөлімшелерде тәрбие және идеологиялық жұмысты жүргізу мен ұйымдастыру әдістері мен түрлерін игерген, күнделікті іс-қимылында әскери қызметшілер мен олардың жанұя мүшелерін әлеуметтік-құқықтық қорғауын қамтамасыз ете алатын запастағы офицерлерді дайындау.
Білуге тиісті:
Құрлық әскерлеріндегі тәрбие және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру
Мақсаты: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері үшін өз Отанына, халқына және Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысына шексіз берілген, ұрысты ұйымдастыру мен жүргізуге қажетті білімі бар, бөлімшелерде тәрбие және идеологиялық жұмысты жүргізу мен ұйымдастыру әдістері мен түрлерін игерген, күнделікті іс-қимылында әскери қызметшілер мен олардың жанұя мүшелерін әлеуметтік-құқықтық қорғауын қамтамасыз ете алатын запастағы офицерлерді дайындау.
Білуге тиісті:
Психологиялық жұмысты ұйымдастыру
Мақсаты: «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің психологиялық жұмыстарын ұйымдастыру» мамандығы бойынша баклавр білімін алған түлек Қарулы Күштерде офицер-психологтың бастапқы лауазымын тағайындалуға арналған.
Әскери бөлімнің (мекеменің) психологы әскери бөлімдегі (мекемедегі) психологиялық жұмысты ұйымдастыруға және жай-күйіне, әскери қызметшілердің (азаматтық персоналдың) психологиялық жай-күйіне, әскери қызметшілердің (азаматтық персоналдың) психологиялық төзімділігін ұстау және психологиялық денсаулығын сақтау жөніндегі жұмыстың пәрменділігіне жауап береді. Ол әскери бөлім командирінің (мекеме бастығының) тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарына, ал арнайы мәселелер бойынша – жоғарғы басқару органының психологына бағынады.
Білуге тиісті:
1963 жылдан бастап әскери кафедраның 50 жылдан астам тарихы бар. Осы жылдарда запастағы офицерлерді дайындау бойынша көптеген жұмыстар атқарылды, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру дәстүрі дамыды.
М.Әуезов атындағы ОҚМУ -дың әскери кафедрасының оқу материалдық-техникалық базасымен танысу мақсатында, IT технологиялар халықаралық университетінің ректоры Д.Шыныбеков келіп, оқытушылардың шеберлігі мен студенттердің әскери іске қызығушылығына жоғары бағасын берді.
Әскери кафедра студенттері Қарағанды қаласының «Спасск» оқу орталығында өткен II Республикалық әскери-патриоттық «Айбын» жиынына қатысты.Біздің студенттерден құралған топ командалық есепте жетінші орынды, «Менің роботым» байқауында үшінші орынды және «Айбын жұлдызы» кинопремиясында екінші орынды иеленді.
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР ҚК Бас штаб бастығының 2016 жыл 18 мамырындағы №207 «Жоғары оқу орындарындағы әскери кафедра студенттерімен оқу жиынын өткізу» туралы бұйрығы бойынша 2016 жылдың 1 маусымы мен 30 маусымы аралығында әскери кафедра курсанттары оқу жиынынан өтті.Оқу жиынында 35748 әскери бөлімінің оқу-материалдық базасы қолданылды.
2016 жылдың 8 қарашасында М.Әуезов атындағы ОҚМУ әскери кафедрасының оқу материалдық-техникалық базасымен танысу мақсатында Шымкент гарнизонының бастығы полковник С.С. Баирбеков келді.
2016 жылдың 16 қарашасы мен 16 желтоқсан аралығында М.Әуезов атындағы ОҚМУ әскери кафедрасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерей-тойына арналған акцияның «Тәуелсіздік тұғырына 25 жыл» атты конференция 18 қараша күні ұйымдастырылды. Конфренцияға әскери кафедра бастығы подполковник Кенжебаев Жакып Амангельдиевич, Тәжік-ауған шекарасындағы қақтығыстың қатысушысы, қоғамдық жұмыстардың белсенді мүшесі Нұрлан Қадыр, М.Әуезов атындағы ОҚМУ жанындағы «Жас Отан» Жастар Қанатының төрағасы Төлебай Бекзат Октябрьұлы және әскери кафедра профессорлық- оқытушылар құрамы мен студентер қатысты.
2016 жылдың 14 желтоқсанында М.Әуезов атындағы ОҚМУ да Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай үлкен іс-шара өткізілді. Іс-шарада М.Әуезов атындағы ОҚМУ бірінші проректоры Ж.Айменов және әскери кафедра бастығы подполковник Ж.Кенжебаев «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
2016 жылдың 15 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай әскери кафедрада іс шара ұйымдастырылып, әскери кафедра қызметкерлерін және әскери кафедраның үздік студенттерін ОҚМУ әскери кафедра бастығы подполковник Кенжебаев Жақып Амангельдиевич арнайы алғыс хаттармен марапаттады.
Қазақстан РеспубликасыТәуелсіздігінің 25 жылдығына орай М.Әуезов атындағы ОҚМУ әскери кафедра студенттері Қазақстан Республикасының азаматтарын құттықтап арнайы флешмоб ұйымдастырды.
2016 жылдың 7 желтоқсан күні әскери кафедра студенттері Абай атындағы Шымкент қалалық Орталық кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған кітаптар көрмесіне қатысты.
Желтоқсанның 5 мен 9 аралығында әскери кафедра кітапханасында «Тәуелсіздік тұғырына 25 жыл» атты кітаптар көрмесі өткізілді. Студенттер Қазақстан Республикасының президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаевтың, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы және Тәуелсіз Қазақстанның тарихы туралы жаңа кітаптармен танысты.
Биылғы жыл, яғни 2017 жылы 15 ақпанда Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 28 жыл толуына байланысты 14 ақпанда М.Әуезов атындағы ОҚМУ әскери кафедрасында «Ерлікке тағзым» атты тематикалық кеш өтті.Кештің мақсаты студенттердің бойындағы патриоттық сезімін жоғарылату, Отанына деген намысшылдығын, сүйіспеншілігін арттыру. Отан қорғаушы ретінде азаматтық және адамгершілік қабілетін жоғары ұстауға тәрбиелеу. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына әскери борышын атқаруға міндетті екендігін сезіндіру.
Әскери кафедраның бастығы подполковник Кенжебаев Жақып Амангелдіұлы баяндама жасап, іс-шараны ашып берді.
Кештің қонақтары Оңтүстік Қазақстан облыстық Ауғанстандағы соғыс ардагерлері қауымдастығының мүшелері, Ауған соғысының ардагерлері Әскери кафедраға еңбегі сіңген, 2 мәрте Қызыл жұлдыз Орденінің иегері, Ауған соғысының ардагері отставкадағы полковник Ибрагимов А.Т, Оңтүстік Қазақстан облыстық Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің қауымдастығының төрағасы Рысбеков С.Е, қауымдастық мүшелері Березовский Ю.Ю, Оспанов Қ.С, әскери кафедраның оқытушысы Ауған соғысының ардагері запастағы подполковник Раимбердиев К.Т, әскери кафедраның қызметкері Ауған соғысының ардагері Нуруллаев Х.А және әскери кафедра офицерлері мен студенттері қатысып, ардагерлерге сый құрмет қөрсетілді.
2017 жылдың 20 сәуірінде М.Әуезов атындағы ОҚМУ әскери кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 25 жылдығына орай «Ашық есік» күні өткізілді. Іс-шараға М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ОІ және ИТ жөніндегі проректоры, техника ғылымдарының кандидаты Байболов Қанат Сейтжанұлы, Шымкент қалалық Қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы полковник Шегебаев Абдугабит Курбанович, C.Рақымов атындағы Республикалық «Жасұлан» мектебінің бастығы полковник Тулеушев Газиз Ауесханович, Шымкент қаласындағы колледждер мен мектептердің 3500 студенттері мен оқушылары және БАҚ өкілдері қатысты. Оқушыларға аталған ЖОО туралы ақпараттар беріліп, әскери техника және қару-жарақтар, атыс қаруымен саптық қозғалыстар мен әскери нормативтердің орындалуы көрсетілді.
2017 жылдың 4 мамырында ОҚМУ әскери кафедрасының қызметкерлері мен студенттері әскери кафедра атынан Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтап, оларға «Алғыс хат» тапсырып сый-сыйапаттар көрсетілді.
2017 жылдың 4 мамырында әскери кафедра студенттері Абай атындағы орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Абай саябағындағы Даңқ мемориалында өткізген «Есімізде отты жылдар елестері» атты іс-шараға қатысты.
2017 жылдың 5 мамырында М.Әуезов атындағы ОҚМУ басшылығы ұйымдастырған 7-мамыр Отан Қорғаушылар күніне, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына орай және Жеңіс күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Жиналыста әскери кафедра бастығы подполковник Кенжебаев Жақып Амангельдиевич баяндама оқыды және ЖОО бірінші проректоры Айменов Ж.Т. ардагерлерді, офицерлерді және студенттерді құттықтап, бірқатар қызметкерлерге Қорғаныс министрлігі атынан медальдар, облыстық әкімшілік атынан алғыс хаттар мен ЖОО атынан мақтау қағаздар тапсырды.
2017 жылдың 7 мамырында Шымкент қаласының орталық саябағында облыстық әкімшіліктің ұйымдастыруымен өткізілген Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне арналған іс-шарада әскери кафедра бастығы подполковник Кенжебаев Жақып Амангельдиевич «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Далалық оқу жиыны барысында курсанттар «Ақтас» оқу жаттығу алаңында атыс дайындығы нормативтерін орындап өздерінің біліктіліктерін көрсетті.
2017 жылдың маусым айында әскери кафедра курсанттары «Дарбаза» оқу жаттығу полигонында теориялық білімдерін практикалық түрде орындап жауынгерлік дайындықтарын шыңдады.
28.06.2017ж. Шымкент қаласы, Әль-фараби алаңында М.Әуезов атындағы ОҚМУ бітіруші түлектерге диплом табыстау рәсімі өтті және әскери кафедра курсанттарының далалық оқу жиынының аяқталуы туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Түймебаев Жансейіт Қансейітұлына баяндалды. Өз кезегінде облыс әкімі бітіруші түлектер мен курсанттарға құттықтауын жеткізді.
29.06.2017 ж. Әскери кафедра бітіруші курсанттарының далалық оқу жиынын аяқталуын қорытындылап, білім деңгейін жоғары дәрежеде көрсеткен курсанттарды марапаттау рәсімі өткізілді.Әскери кафедра бастығы подполковник Кенжебаев Жақып Амангельдиевич болашақ офицерлерге құттықтау тілегін білдірді.
2017 жылдың 27 қыркүйегінде М.Әуезов атындағы ОҚМУ әскери кафедрасында «Хабар» телеарнасының «Айбын» әскери патриоттық бағдарламасының жүргізушісі мен түсірілім тобы қонақта болып, телеарнаның арнайы тапсырысы бойынша әскери кафедраның материалдық – техникалық базасы мен бір күндік оқу үдерісіне түсірілім жасады.
11.12.2017 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, М.Әуезов атындағы ОҚМУ әскери кафедрасында «Жас түлек» әскери - патриоттық клубы ашылды. Әскери – патриоттық клубтың міндеттері әскери кафедра негізінде студенттерді Отан алдындағы әскери міндеттерге, әскери – патриоттық жұмыстарға, әскери қызметке, дене даярлығына дайындау. Ашылу рәсіміне М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың бірінші проректоры ,т.ғ.д., профессор Айменов Ж.Т. қатысып «Жас түлек» әскери – патриоттық клубына құттықтау тілегін білдірді. Салтанатты жиында әскери кафедра бастығы подполковник Кенжебаев Жақып Амангельдиевич үздік оқитын студенттерді грамотамен награттады.
2018 жылдың 14 ақпанында М.Әуезов атындағы ОҚМУ әскери кафедрасында Кеңес әскерлерінің Ауған Демократиялық Республикасынан шығарылуына арналған тематикалық кеш өткізілді. Іс-шарада әскери кафедра бастығы полковник Ж.Кенжебаев интернационалист-жауынгерлерді мереке күнімен құттықтап, М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректорының алғыс хатын табыс етті. Кафедрада Ауғанстанда әскери борышын өтеген жауынгерлер қызмет етеді, олар: запастағы подполковник Раимбердиев К.Т., ЖӘҰМ жүргізуші өндірістік оқу шебері Нуруллаев Х.А.
Сәуір