Сапа менеджменті жүйесі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан университеті Қазақстан Республикасында ЖОО-ның ішінде бесінші болып ХС ИСО 9001 талаптарына сай «Русский Регистр» және IQNet сертификаттарын алған. Университет барлық күштері мен мүмкіндіктерімен ИСО 9001 халықаралық стандарттары талаптарына сай, ықпалдастық базасында білім, ғылым және тұтынушылар талаптары негізінде сапа менеджмент жүйесін енгізу және әрқашанда жақсартуға бағыттайды. IQNet (аккредитацияланған 32 елде) сертификатың алған мекеме, Қауымдастық мүшесі болып табылса басқа елдерде қосымша тексерусіз сапа сертификаттарын алуға мүмкіндіктері бар. 2004 жылдың қараша айында ОҚМУ сапа менеджмент жүйесінің ХС ИСО 9001 талаптарына сәйкестігі бойынша сертификаттаудан жақсы өтті. «Русский Регистр» сертификаттау Қауымдастығы бойынша «Русский Регистр» және IQNet сәйкестік сертификаттарына иеленді. 2007 жылдың қараша айында сапа менеджмент жүйесінің ХС ИСО 9001 талаптарына сәйкестігін растап қайталап ресертификациядан жақсы өтіп сертификаттар мерзімі 2011 жылына дейін ұзартылды.