Сабырханов Дархан Сабырханұлы - оқу-әдістемелік берлестік жөніндегі проректоры

Сабырханов Дархан Сабырханұлы – техника ғылымдарының докторы, профессор, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік берлестік жөніндегі проректоры

 

Білімі

Жоғары, 1974ж. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (қазіргі Қ.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті) «Металлургия өндірісін автоматтандыру» мамандығы бойынша бітірді, 05.17.08 – Химиялық технологиялардың процестері мен аппараттары мамандығы бойынша Қазақ химия-технологиялық институтының 1977-1980жж. аспирантурасында (ҚазХТИ) оқыды, 1983-1986жж. докторантурасында оқыды. 

Қызметтік өрлеуі

Еңбек жолын 1974ж. М.И.Калинин атындағы Шымкент қорғасын заводының БӨПжА (КИПиА) цехында аға инженер болып бастады.

1975-1977жж ҚазХТИ «Минск-22» ЭСЕМ (ЭЦВМ) инженері, фосфор өндірісінің газтозаң қалдықтарын тазалау мен пайдаға асыру салалық зертханасының аға инженері болып жұмыс істеді.

1980-1983жж. ҚазХТИ салалық зертханасының кіші ғылыми қызметкері меңгерушісі болып жұмыс істеді.

1983-1988жж. ҚазХТИ «Автоматтандыру және химия-технологиялық процестерді кешенді механикаландыру» кафедрасының аға оқытушысы, доценті м.а.

1988-1993жж. ҚазХТИ «Химиялық өндірістердің машиналары және аппараттары» кафедрасының доценті, меңгерушісі міндетін атқарушы

1996-1998жж. ҚазХТИ, Оңтүстік Қазақстан техникалық университеті «Химиялық өндірістердің машиналары және аппараттары» кафедрасының меңгерушісі.

1998-2003жж. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Оқу-Әдістемелік бірлестік жөніндегі (ОӘБ) проректоры, оқу істері жөніндегі проректоры.

2003-2007жж. Агроөнерәсіптік факультетінің деканы, Агроөнеркәсіптік институтының директоры.

2007-2008жж. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқу істері жөніндегі проректоры.

2008-2012жж. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің бірінші проректоры.

Лауазымы, қай жылдан бастап

2012ж. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік берлестік жөніндегі проректоры.

Жеке мүдделері мен мақсаттары

Ауыл шаруашылық, мұнайгаз, химия және т.б. салаларда Оңтүстік Қазақстан облысында машина жасауды дамыту бағдарламасын жасау.

Стандарттау, сертификаттау және метрология саласында ғылыми зерттеулер жүргізу

5В073200 – Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша), 6М073200 – Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) және 6М075000 – Метрология мамандықтарының студенттері мен магистранттары үшін мемлекеттік тілде оқу-әдістемелік әдебиеттер дайындау.

Қызмет өрісі

Университетті дамыту стратегиясына жауапты.

Проректорлардың жұмысын үйлестіру

Басшылықтың сапа жөніндегі өкілі

Білім бағдарламаларын акредиттеуге жауапты

Ресурстық қамтамасыз етуге жауапты (кадрлар, қаржы және т.б.)

Мониторинг және сапаны басқару орталығы, Академиялық мобильділік және рейтинг орталығы, тест тапсырмаларын өңдеу бөлімі қызметтерін қадағалау

Әртүрлі (жұмыс тәжірибесі, жетістіктері, алдағы мақсаттары және т.б. туралы)

Жұмыс тәжірибесі:
  • мемлекеттік жалпыға міндетте білім стандарттарын дайындау бойынша жұмыс тәжірибесі мол;
  • мемлекеттік тілде оқу-әдістемелік әдебиет дайындау тәжірибесі;
  • ҚР Білім және ғылым министрлігі (БҒМ) жоғары оқу орындарын аттестаттау комиссияларындағы жұмыс тәжірибесі
  • Жоғары оқу орындарының лицензиялық талаптарға және білім жөніндегі заңнама талаптарына сәйкестігін тексеруі бойынша ҚР БҒМ комиссияларында жұмыс істеу тәжірибесі;
  • аккредиттеу комиссияларындағы жұмыс тәжірибесі, ҚР БҒМ Ұлттық акредиттеу орталығының (ҰАО) және Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстандық агенттік (БСҚТҚА) сарапшысы; -халықаралық, республикалық, өңірлік конференцияларды, семинарларды ұйымдастыру тәжірибесі;
  • химия, металлургия өнеркәсібі мен құрылыс индустриясында жылу массасын алмастыру және газтозаңтұту аппаратурасын дайындау, жобалау және ендіру бойынша тәжірибесі мол.
 
Жетістіктері:
  • 200-ден аса ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектері жарық көрген, оның ішінде 5 оқу құралы мен 16 КСРО-ның авторлық куәліктері, ҚР патенттері мен алдын ала патенттері
  • 1 ғылым докторы, 6 ғылым кандидаты және 5 магистр дайындаған - «Жылжымалы ұштығы бар аппарат» жасалымы үшін КСРО Мембілімкомитеті сыйлығының лауреаты
  • «КСРО өнертапқышы» төсбелгісімен марапатталған
  • «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері (2006ж)
  • «ҚР Білім беру үздігі», «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері», «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен марапатталған
  • ҚР БҒМ және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының Құрмет грамоталарымен марапатталған
  • химия, металлургия өнеркәсіптері және құрылыс индустриясы кәсіпорындарында газтозаң қалдықтарын тазалау мен пайдаға жарату мәселелері бойынша өндіріске 20-дан астам құрылғы енгізді
 
Алдағы мақсаттары:
  • Еуропаның түрлі агенттіктерінде экономика, білім беру және инжиринг бағыттары бойынша білім бағдарламаларының халықаралық акредиттеуден өткізу жұмыстарын ұйымдастыру
  • ҚР тәуелсіз агенттігінде институционалды акредиттеуден өту жұмыстарын ұйымдастыру
  • біріккен факультеттер, кафедралар немесе филиалдар түрінде шетелдің әріптес-жоғары оқу орындарының өкілдіктерін ашу
  • аймақ экономикасы дамытудың басым бағыттары үшін жоғары және жоғарыдан кейінгі білім мамандарын дайындау бағыттарын кеңейту
  • мектеп оқушыларымен тығыз және жемісті еңбек ету үшін, ОҚО қалалары мен аудандарында университет өкілдіктерін ашу
  • Бітірушілер ассоциациясы мен Қамқоршылар кеңесінің жұмысын белсендіру
 
Басқа мәселелер:
  • материалды-техникалық базаны дамыту үшін қаржы ресурстарын тиімді пайдалануға қол жеткізу
  • облыстық және қалалық ауқымда біріккен іс-шаралар өткізу бойынша атқарушы билікпен, қоғамдық ұйымдармен жемісті ынтымақтасуға қол жеткізу

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың дамуына болжамы

ОҚМУ – мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті (МЖӘ) жүзеге асыру мүмкіндіктеріне ие, тартымдылығы жоғары инновациялық типтегі университет

ОҚМУ – зерттеуші мәртебесіне лайық университет

ОҚМУ – шетелдік әріптес жоғары оқу орындарымен біріккен білім бағдарламаларының ауқымы кең университет

ОҚМУ – инфрақұрылымы дамыған, ғылыми үлесі жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын университет.