«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша баспадан шыққан 100 оқулықтың 18 мен таныстыру.

03.05.2018 жылы «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі ОҚО бойынша жобалық кеңсесі және М.Әуезов атындағы ОҚМУ Ақпараттық  білім беру орталығының ұйымдастыруымен университеттің мәжіліс залында «Рухани жаңғыру» бойынша 100 жаңа оқулық жобасының 18 кітабын таныстыру іс-шарасы болып өтті. Республикалық ұлттық аударма бюросы университеттің «Елбасытану» ғылыми-әдістемелік орталығына 100 жаңа оқулық жобасының 18 кітабын таныстырып сыйға тартты. Іс-шараға университеттің профессор-оқытушыларымен ғылым докторлары, кандидаттары,  доценттері қатысып, баспадан шыққан 18 оқулықтың алатын маңыздылығын жайлы өз пікірлерін, баяндамаларында баяндады.