Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі

2018 жылдың 10-11 мамыр күндері М.Әуезов. атындағы ОҚМУ жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің химия-технологиялық, кәсіптік білім, өнер және қызмет көрсету мамандықтары бойынша Оқу-әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.

Отырыста білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша өзекті мәселелері қарастырылды. Пәндерді оқытудың инновациялық әдістерін жетілдіру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар жасалды. Отырысқа  Қазақстанның 12 жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Байқау өткізілді. Дипломдар мен сертификаттар тапсырылды.