Research Connect Workshop

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті базасында ашылған Шымкент Кәсіби даму және өзара әрекеттестік орталығы Британ Кеңесімен бірге 2017 жылдың 28-30 қараша аралығында зерттеушілердің біліктілігн арттыру мақсатында Researcher Connect атты семинар өткізді.

Researcher Connect – бұл кезкелген академиялық салада және де зерттеу жұмысының кезкелген сатысындағы ғалымдарға арналаған интерактивті оқыту курстарының сериясы. Бұл курстар халықаралық сабақтастықта  коммуникативтік біліктілікті арттыруға бағытталған. 

Бәсекелестіктің дамуы және де жаһандық нарық талаптары аясында зерттеушілер мен олардың ұйымдарына өз зерттеулерін халықаралық қауымдастыққа ұсына білу қажеттігі туындауда. Бұл орайда зерттеушілер негізгі коммуникативтік дағдыларын дамытулары қажет. Бұл дағдылар халықаралық журналдарда басылып шығуға, халықаралық конференцияларда баяндама жасауға, ұлттық және халықаралық зерттеулерді қаржыландыру гранттары байқауларына өтініш беруге, өз зерттеуін алға тарту мақсатында халықаралық байланыстар орнатуға ықпал етеді.

Тренингке Шымкент, Тараз, Түркістан және Қызыл-Орда қалаларының университеттері мен зерттеу институттарынан 15 өкіл қатысты. Тренинг қатысушылары алдағы уақытта өз жұмыстарына қажетті білімдері мен коммуникативтік дағдыларын жоғарылатты. Нәтижесінде, тренингте ғалымдары қатысқан ұйымдар зерттеу жұмыстарының сапасын, сонымен қатар рейтингі мен халықаралық зерттеу қауымдастығында өз беделін арттырады.

Аталмыш семинар тренері Карина Нарымбетова – Британ Кеңесінің сертификатталған тренері, ғылым кандидаты. Өз зерттеу жұмыстарын Вашингтон университетінде (АҚШ) жүргізген.

Жемісті өткен үш күндік жұмыс барысында қатысушылар пайдалы ақпарат алумен қатар өздерінің академиялық жазу дағдыларын, зерттеу жүргізу әдістерін дамытып, өзара тәжірибе алмасты, сонымен қатар, барлығы бірге ағылшын тілдік ортасын қалыптастырды.

Тренинг соңында қатысушыларға М. Әуезов атындағы ОҚМУ Ғылыми-зерттеу басқармасы директоры - PhD Ұлжалғас Назарбек қатысушы сертификаттарын табыстады.

Шымкент Кәсіби даму және өзара әрекеттестік орталығы байланыс деректері

Нұржан Айнабеков

ite_sksu@mail.ru

Tel.: +7 (7252) 21 19 82