QS World University Rankings-2020 әлемдік университеттік рейтингіндегі кезекті жеңісімізбен құттықтаймыз!

Құрметті, М.Әуезов атындағы ОҚМУ ұжымы, оқытушылар, қызметкерлер,  студенттер, түлектер және әріптестер!

Сіздерді QS World University Rankings-2020 әлемдік университеттік рейтингіндегі кезекті жеңісімізбен құттықтаймыз!

М.Әуезов атындағы ОҚМУ ТОП-500 әлемдік үздік университеттер позициясын сақтап қалды және Қазақстан университеттерінің арасында 5-орыннан 3-орынға жоғарылады.