Пән мен тілді кіріктіре оқыту

2018 жылдың 4 мамыр күні 10-00 уақытта М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті мен Оңтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасы бірлесіп университеттің мәжіліс залында «Пән мен тілді кіріктіре оқыту» атты  ақпараттық семинар өткізді.  Семинарда 180-нен астам қатысушылар болды. Оның ішінде облыстық  және қалалық Білім  басқармасының, Оңтүстік Қазақстан облысыны бойынша педагогикалық қызметкерлердің  біліктілікгін  жоғарылату институтының, Назарбаев интеллектуалды мектептерінің, облыс және қала мектептерінің өкілдері, ҚИПХДУ, ШУ, М.Әуезов атындағы ОҚМУ оқытушылары, Инновациялық техникалық колледж және Болашақ колледжінің оқытушылары бар. Бағдарлама бойынша 12 баяндама тыңдалды. Семинарға кіру жолында ағылшын тіліндегі ОӘӘ көрмесі ұйымдастырылды. Ұсыныстар қабылданды, белсенді қатысушыларға сертификаттар берілді.