«Орта Азиядағы инженерлік білім беру сапасы» Темпус QUEECA жобасы

530326-TEMPUS-1-2012-1-IT-TEMPUS-SMGR

Мерзімі: 15.10.12 -14.10.15

 

     QUEECA Темпус жобасы болып табылады. Бұл жоба Орта Азия елдерінде инженерлі білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйесін жасау және енгізуге бағытталған, және инженерлі бағдарламалардың кәсібиге дейінгі аккредиттеуімен (яғни білім беру бағдарламаларын аккредиттеу инженерлі кәсіпке кіру траекториясы ретінде) аяқталу керек.  Аккредиттелген бағдарламалар EUR-ACE сапа белгісіне ие болу үшін қажет болған шарттарға жауап беру керек, яғни EUR-ACE шеңберлік стандарттарға және жоғары білім беруде сапаны қамтамасыз ету бойынша Еуропалық стандарттар мен ұсыныстарға  сәйкес келу керек. Бұл инженерлі бағдарламаларды аккредиттеуге қабілетті және ENAEE-ң өкілетті EUR-ACE сапа белгісін бере алатын сапаны қамтамасыз ету бойынша ұлттық /аккредиттеу агенттіктерді (мүмкін болса облыстық федерацияны) құру арқылы жүзеге асады және келесі қадамдардан тұрады:

1. Ұлттық инженерлі білім беру қауыдастығын, мұндай қауымдастықтар жоқ мемлекеттерде (Қазақстан Республикасында жұмыс істеп жатқан Қазақстан инженерлі білім беру қауымдастығын KazSEE нығайту) және  SEFI және IFEES-мен серіктестік қатынастары бар инженерлі білім берудің орта-азиялық федерациясын ұйымдастыру.

2. EUR-ACE шеңберлік стандарттарын бейімдеу және аналогты орта-азиялық стандарттарды (CAEAS) орыс және ағылшын тілдерінде жасау.  

3. Әр орта-азиялық мемлекетте аккредиттеу орталықтарын ұйымдастыру, сәйкесінше «аккредиттеу органдарын» дайындау.

4. CAEAS жобасын және жергілікті аккредиттеу органдарын тестілеу үшін халықаралық командалармен сынақ аккредиттеу процедураларының сериясын өткізу.

5. Сынақ аккредиттеудің нәтижелерін  ескере отырып CAEAS-ң соңғы нұсқасын жасау.

6. Инженерлік бағдарламалардың алғашқы аккредиттеуін жүргізу және Орта Азияда EUR-ACE сапа белгілерін беру.

7. Жоба жабылғаннан кейін аккредиттеуді өткізудің дербес қаржылық жоспарын жасау.

 

Серіктестер

http://www.mappi.net/mappa_europa_7.jpg    QUEECA жобасын орындауға Орта Азиядан 4 мемлекет қатысуда. QUEECA үш жылдық жобасының координаторы профессор Клаудио Борри жетекшілігінде Флоренция университеті, инженерия мектебі болып табылады. QUEECA консорциумына Италия, Германия, Бельгия, Португалия мен Біріккен Әмірліктен еуропалық серіктестер және Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан орта-азиялық серіктестер кіреді.

 

Консорциум

Еуропалық серіктестер:

P1  Università di Firenze - Facoltà di Ingegneria - Firenze, Italy

P2 ASIIN e v. -  Duesseldorf, Germany

P3 European Network for Accreditation of Engineering Education ENAEE - Bruxelles, Belgium

P4 Instituto Superior de Engenharia de Lisboa, ISEL

Lisboa, Portugal

P5 Middlesex University - London, United Kingdom

P6 QUACING Agency - Rome, Italy

P7 Ruhr University Bochum - Bochum, Germany

P8 Société Européenne pour la formation des Ingénieurs SEFI,  Bruxelles,Belgium

P9 Sapienza Università di Roma - Roma, Italy

P10 Università degli Studi di Genova - Genoa, Italy

Орта-азиялық серіктестер:

P11 Aktobe State University after K. Zhubanov ASU – Aktobe - Kazakhstan

P12 “D.Serikbayev” East Kazakhstan State Technical University – EKSTU -Ust Kamnenogorsk - Kazakhstan

P13 Al Farabi Kazakh National University - KaZNU – Almaty - Kazakhstan

P14 Kazakhstan Society for Engineering Education - KazSEE - Ust-Kamenogorsk - Kazakhstan

P15 Karaganda State Technical University -KSTU KZ – Karaganda - Kazakhstan

P16 Ministry of education and science of Kazakhstan Republic MESKR KZ – Astana - Kazakhstan

P17 M. Azuezov South Kazakhstan State University  - M-Auezov SKSU - Shymkent City – Kazakhstan

P18 Education Network – EdNet - Bishkek City Kyrgyzstan

P19 Kyrgyz State Technical University -  KSTU KG -  Bishkek - Kyrgyzstan

P20  Kyrgyz State University of Construction, Transport and Architecture named after I. Isanov - KSUCTA Bishkek,  Kyrgyzstan

P21 Ministry of Education and Science of Kyrgyz Republic -  MESKR KG – Bishkek, Kyrgyzstan

P22 State Inspection on Licensing and Attestation of Educational Institutions of Ministry of Education and Science of Kyrgyz Republic - SILAEIMESKR- Bishkek, Kyrgyzstan

P23 Ministry of Education of Republic of Tajikistan - ME of the RT – Dushanbe , Tajikistan

P24 Mining Metallurgical Institute of Tajikistan – MMIT – Chkalovsk, Tajikistan

P25 Tajik Technical University named after academician M.S. Osimi – TTU – Dushanbe , Tajikistan

P26 Ministry of Higher Education Republic of Uzbekistan – MHSSE – Tashkent , Uzbekistan

P27 Tashkent State Technical University named after Abu Raikhon Beruni – TSTU – Tashkent, Uzbekistan

P28 Tashkent University of Information Technologies -  TUIT – Tashkent , Uzbekistan

http://www.utoronto.ca/ceres/images/CentralAsia/centralasiamap.jpg

TEMPUS жобасының мақсаттары мен артықшылықтары

  • Серіктес мемлекеттерде жоғары білім беруді реформалау мен модернизациялауға көмектесу;
  • Серіктес мемлекеттерде жоғары білімнің сапасын және өзектілігін жоғарлату;
  • Серіктес мемлекеттердегі жоғары оқу орындарының потенциялын жоғарлату, соның ішінде халықаралық ынтымақтастықта;
  • Адам ресурстарының өзара дамуына үлес қосу;
  • ЕО және серіктес мемлекеттерінің халықтары мен мәдениеттері арасындағы өзара түсіністікті нығайту.

Оқиғалар

    2012 жылдың 26-29 қараша күндері Менаджио (Италия) қаласында  «Орта Азиядағы инженерлік білім беру сапасы» Темпус QUEECA жобасының алғашқы мәжілісі болып өтті. Алғашқы мәжіліске Италия, Ұлыбритания, Португалия, Германия, Бельгия, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан 28 серіктес қатысты.  Кездесу барысында жоба мақсаты мен міндеттері қарастырылды, жобаның жұмыс жоспары талқыланды, жұмыс түрлері серіктестер арасында бөлінді, әр мемлекеттен жоба координаторлары сайланды. Алғашқы мәжіліс шеңберінде Басқару кеңесінің бірінші отырысы болып өтті, онда жоба бюджетінің бөлінуі талқыланды. 


2013 жылдың 3-4 cәуір күндері ҚазҰУ-да «Орта Азиядағы инженерлік білім беру сапасы» ЕО Темпус QUEECA жобасы аясындағы I-ші Форумы болып өтті.

Бұл шараны ҚазҰУ, KazSEE Қазақстан инженерлік білім беру қоғамы және Қазақстан ұлттық Жоғары Мектеп академиясы бірлесіп өткізді.

Бұл форум жаратылыстану ғылымдары пәндерінің сапасын жaқсарту және Орталық Азиялық жаратылыстану-техникалық бағдарламаларының аккредитациялық стандарттарын Евроодақтық стандарттарға және жұмыс берушілердің талаpтарына сай дайындау жөніндегі мәселелерді талқылау aлаңына айналды.  

Жоғарғы деңгейдегі халықаралық іс-шараға Флоренция Университеті, Еуропалық инженерлік бағдарламаларды аккредитациялау  жeлісі (ENAEE), Ресей инженерлік білім беру Ассоциациясы (АИОР), Халықаралық инженерлік білім беру қоғамдары федерациясы (IFEES), Лиссабон инженерлік институты (ISEL), Еуропалық инженерлік білім беру қоғамы (SEFI), Итальяндық инженерлік бағдарламаларды аккредитациялау агенттігі (QUACING), ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Атамекен» Одағы» Ұлттық экономикалық палатасы басқармасы өкілдері және сонымен қатар, жобаның Орта Азиялық серіктестері қатысты.


2013 жылдың 2 қаңтарында Академиялық мәселелер жөніндегі департамент аккредиттеу бөлімінің бастығы Әбдіжаппарова Б.Т. Батыс Қазақстан облысы,Өскемен қаласы, Д.Серікбаев атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университетінде болып өткен ТЕМПУС «Орта Азиядағы инженерлік білім берудің сапасы» (QUEECA) халықаралық жобасының бірінші мониторингіне қатысты. Мәжіліс ТЕМПУС Ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі Ш.У. Тасболатовамен өткізілді. Бұл іс-шараға Қазақстанның басқа да серіктес-жоғары оқу орындарынан үйлестірушілер қатысты. Мониторинг барысында әрбір үйлестіруші жобаның унверситетте орындалу барысы, оның жүзеге асу нәтижелілігі, жоғары оқу орнының білім беру қызметіне әсері туралы есеп берді.


2013 жылдың 14-15 қазанында Ташкент қаласында ТЕМПУС «Орта Азиядағы инженерлік білім берудің сапасы» (QUEECA) халықаралық жобасының екінші мәжілісі өтті. Мәжіліс жұмысына Академиялық мәселелер жөніндегі департамент аккредиттеу бөлімінің бастығы Әбдіжаппарова Б.Т. және бөлімнің жоғары білікті маманы Абуова И.А. қатысты. Мәжіліс барысында бірінші жылға жоспарланған іс-шаралардың орындалуына шолу жасалды, жобаны тиімді жүзеге асыру жолдары талқыланды. Орта азиялық мемлекеттердің әр үйлестірушісі жобаны жүзеге асыру барысы, ТЕМПУС Ұлттық кеңсесімен жасалған мемлекет ішіндегі мониторинг нәтижелері туралы презентация жасады. Инженерлі білім берудегі ішкі сапаны қамтамасыз ету бойынша QUEECA стандарттар жобасын талдау туралы сұрақ бөлек қарастырылды. Университеттің жұмыс тобы QUEECA стандарттарын Орта Азия шарттарына сәйкестедіру және жетілдіру бойынша ұсыныстар жасады.


2014 жылдың 9-10 маусым күндері Флоренция қаласында (Италия) жобаның мәжілісі болып өтті. Мәжіліс жұмысында Академиялық мәселелер жөніндегі департамент аккредиттеу бөлімінің жоғары білікті мамандары Абуова И.А. және Якубова Н.Б. қатысты. Мәжіліс барысында күнтізбелік жоспар бойынша жасалған іс-шаралардың орындалуына шолу жасалды, жоба бойынша кейінгі жұмыстар талқыланды. Орта Азия мемлекеттерінің әр координаторы жобаның орындалу барысы жөнінде баяндама жасады. Сонымен бірге Инженерлі білім беру саласындағы аккредиттеу бойынша еуропалық желісі семинар (ENAEE)  өткізді. Семинарда ғаламдық инженерлі білім берудегі  қазіргі заманғы тенденциялар, EUR-ACE сапа белгісін берудегі агенттіктердің авторизация үдерісі қарастырылды. Кездесу шеңберінде «Инженерлі білім беру бағдарламаларын аккредиттеу: Еуропа мен Орта Азиядағы үздік тәжірибе» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.


2014 жылдың 30 маусымы мен 2 шілдесі аралығында ТЕМПУС «Орта Азиядағы инженерлік білім берудің сапасы» (QUEECA) халықаралық жобасының шеңберінде Ресей инжененерлі білім Ассоциациясымен (АИОР) ұйымдыстырылған инженерлі білім беру бағдарламаларын кәсіби-қоғамдық аккредиттеу саласында жаттықтыру тренингі өткізілді. Семинар-тренинг бағдарламасына келесі тақырыптар кірді: Университет білім беру бағдарламаларының аудиті, білім беру бағдарламаларын аккредиттеу критерийлері мен процедурасы, өзін-өзі бағалау процедурасы (университет және білім беру бағдарламалары), Білім беру бағдарламаларының мамандандырылған аккредиттелуі: даму жүйесі, оқыту нәтижелері, білім беру бағдарламаларының мақсаттары. Жеңіл және тамақ өндірісі факультетінің кафедра меңгерушілері Уразбаева К.А. және Қалдыбаев Р.Т. және аккредиттеу бөлімінің бастығы Абдижаппарова Б.Т. тренингке қатысып, машықтанды.

2015 жылдың 8-9 маусымында Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің аккредиттеу бөлімінің бастығы Абдижаппарова Б.Т. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен республикалық  «Ұлттық біліктілік шеңбері: әдіснама сәулетінен қолдану дағдысына дейін» (http://www.erasmusplus.kz/index.php/ru/) мәжілісіне қатысты. Мәжіліс барысында Темпус IV нәтижелерінің көрмесі өткізілді. «ЖОО–ның интернационалдандыруына үлесін қосқан үшін» «Орта Азиядағы инженерлік білім берудің сапасы» (QUEECA) жобасы сертификатпен марапатталды.

2015 жылдың 25 қыркүйегінде Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің оқу процесін ұйымдастыру орталығының бастығы Адырбекова Г.М. және шет тілдерінде білім беру сапасын қамтамасыз етуді ұйымдастыру және бақылау бөлімінің маманы Тукибаева А.С. Флоренция университетінде (Италия) өткен «Орта Азиядағы инженерлік білім берудің сапасы» (QUEECA) Темпус жобасының жиналысына қатысты. Жиналыста жобаны ары қарай созу мәселелері талқыланды, күнтізбелік жоспар бойынша орындалған жұмыстардың нәтижелері қорытылды.