Оңтүстік Кореядан келген делегация іс сапары

2018 жылдың 10 қаңтарында Сангмёнг университетінің (Оңтүстік Корея)  Президенті Пэк Унг Ги басқарған делегация құрамындағы  Халықаралық қатынастар департаментінің басшысы Квон Хесук, Халықаралық алмасу және топтық ынтымақтастық координаторы Джен Хюнджунг  мүшелері М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне ресми  іс сапармен келді. Іс сапар барысында, делегация ОҚМУ ректоры Ж.Ү. Мырхалықовпен  кездесу барысында,  екіжақты Тараптар Седжон патша атындағы Институттың қолдауымен  «Седжон»  корей білім беру орталығын ашу жөніндегі жұмыс жоспары талқыланды, айта кетсек, орталықтың басты   мақсаты корей тілін оқыту бойынша тілдік курстар ұйымдастыру және  корей мәдениетіне  байланысты түрлі іс шаралар өткізу болып табылады. Естеріңізге сала кетсек, бұл институт   2007 жылы құрылып, үш мемлекеттің 13 мектебінде дами бастады және қазіргі уақытта 54 елдегі 131-ге жуық мектептері  ең ірі корей білім беру ұйымына айналды. Қазақстанда Талдықорған, Ақтөбе, Астана және Алматы қалаларында корей орталықтары жұмыс жасауда.  Алматы және Астана қалаларында Кореяның  Седжон қорының қолдауымен корей білім беру орталықтары құрылды. Оңтүстік өңірде Корей тіліне  деген үлкен  сұранысты ескеретін болсақ, бұл М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да орналасқан  Седжон патша атындағы Институттың  қорымен қаржыландырылатын Қазақстандағы үшінші корей білім беру орталығы болады.

Кездесу нәтижесінде, Тараптар өзара тиімді шарттар бойынша 5 + 5 академиялық алмасуды ұйымдастыру туралы келісімге келді, нақтырақ айтар болсақ, студенттер серіктес жоғары оқу орындарында бір семестрлік оқу курсын өту мүмкіндігіне ие болады, сондай-ақ ғылыми зерттеулердің өзекті салалары бойынша тәжірибе алмасу және  бірлескен ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді коммерциализациялау саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге қол жеткізілді. Іс сапар барысында делегация мүшелері ғылыми мектептер мен ғылыми-зерттеу институттарымен танысып, университет ғалымдарымен  кездесуі барысында университет ғалымдары тоқыма және азық-түлік өнеркәсібі, құрылыс материалдары, биотехнология және экология саласындағы ғылыми және техникалық әзірлемелер мен жобаларды ұсынып таныстырды.