Skip to Content

«Энергетика» бағыты бойынша академиялық Кеңес

         2014 жыл сәуір айының 15-ші жұлдызында  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде  «Энергетика»  бағыты бойынша  академиялық Кеңестің  ұйымдастырушылық  жиналысы  өтті. Жиналыс барысында  академиялық Кеңесті  құру мен жұмысы және оның  ішкі және халықаралық  еңбек нарқындағы  мамандарды даярлаудағы рөлі, «Энергетика» саласындағы  мамандарды даярлаудың  мәселелері мен перспективалары туралы мәселелер талқыланды,  білікті кадрларды даярлаудың  сапасын жоғарылату туралы ұсыныстар  жасалынды, құрылған Кеңес аясында  бірлескен іс-әрекеттер жолдары белгіленді.

         Кеңес  жұмысына бизнес-ортаның өкілдері: «Электроаппарат зауыты» ЖШС Бас директоры Суворов А.С.,  «Кентау  трансформатор зауыты» АҚ Бас директоры Кунтуаров С.Н. және университеттің академиялық ортасынан: Бірінші проректор Айменов Ж.Т., «Ақпараттық технологиялар» факультетінің деканы  Бесбаев Г.А., «Энергетика  және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі Романенко А.Ф., «Энергетика  және дәстүрлі емес  энергетикалық жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы  Корабаева К.З., академиялық ұтқырлық бөлімінің бастығы Алтаева У.С., бірлескен білім беру бағдарламалары бөлімінің бастығы Кулакова Л.А., бірлескен білім беру бағдарламалары бөлімінің  бас маманы Белобородова А.Е. қатысты.



Абзал Орымбетов | news