Жеңімпаз студенттерімізді құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы қарсаңында М.Нәрікбаева тындағы ҚазГЗУ ұйымдастыруымен еліміздің  ЖОО арасында «Мемлекет пен қоғамның дамуындағы Конституцияның рөлі» тақырыбында республикалық эссе жазу конкурсына М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Заң» факультетінің студенттері белсене қатысып, 3 түрлі бағыттар бойынша жүлделі орындарға ие болды.

«Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтары» бағыты бойынша1 орынды Шералиева Дауржан (3 курс студенті);

«Қоғам мен мемлекетті әрі қарай жаңғыртудағы Қонституцияның рөлі» бағыты бойынша 1 орынды-Нургалиулы А. (1 курс студенті);

«Конституция-қазіргі Қазақстанның гүлденуінің негізі» бағыты бойынша 2 орынды-Сарыбек Ақерке (1 курс студенті), 3 орынды-Утегалиева Камила (4 курс студенті) иеленді.

Студенттеріміздің болашақ «Заңгерлер» ретінде Конституциямыздың 25 жылдығы аясында ұйымдастырылып жатқан іс-шараларға белсене қатысып, жетістіктерге жетіп, өзүлестерін қосқандарына өз мамандықтарына, еліне, жеріне, Отанына деген адалдықтары деп бағалаймыз.