«Ашық есік күні»

07.02.2020ж. күні М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Басқару және бизнес» жоғары мектебі Шымкент қаласының мектеп және колледж бітірушілеріне кәсіби бағдар беру мақсатында «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізді. Ашық есік күніне қала әкімшілігінен, бизнес саласындағы жұмыс беруші мекеме басшылары: Кеңес Шерхан Үсенұлы-Абай ауданы әкім аппаратының бас маманы;Уткина Надежда Ивановна- «Industry Tourism of Central Asia»  компаниясының атқарушы директоры;Бухарева Виктория Александровна – «Экспедиция ЮГ» туристік компаниясының директоры, ата- аналар, университет түлектері, магистранттар, мектеп және колледж бітіруші түлектері қатысты. Болашақ талапкерлерге университеттің білім бағдарламалары, материалдық- техникалық базалары мен жетістіктері, жоғары мектеп мамандықтарының өзіне тән ерекшеліктері, болашақ жұмыс орындары туралы ақпарат берілді. Іс- шара соңында мектеп оқушылары мен колледж студенттері «Басқару және бизнес» жоғары мектебі кафедраларында болып, профессор- оқытушылармен сұхбаттасып, ғылыми- зерттеу үйірмелерімен танысты.