Әуезов атындағы ОҚМУ студенттері !!!!

Сипаттама

Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы республикалық бюджет қаражаты есебінен Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азия университеттерінде оқуға академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.

Осыған байланысты, барлық тілек білдірушілерге 2020 жылдың 15 ақпанына дейін Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығына республикалық бюджет есебінен академиялық ұтқырлық аясында Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азия университеттерінде оқуға келесі құжаттарды тапсыруды ұсынамыз.
Қатысуға қойылатын талаптар
Үміткерлер келесі құжаттарды ұсынады:

  • Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатының көшірмесі;
  • білімі туралы құжаттар: оқу орнының мөрімен куәландырылған ағымдағы үлгерімнің көшірмесі; шет тілін білу деңгейін растайтын құжат;
  • өтініш берушінің ата-анасының, қамқоршыларының, заңды өкілдерінің шетелге шығуға жазбаша келісімі, егер ол Қазақстан Республикасынан кету кезінде 18 жасқа толмаған болса;
  •  студенттің көп балалы отбасыларын растайтын отбасы құрамы туралы құжат;
  •  оқушының ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетім балалар немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылар санатына);
  • студенттің мүгедектігін растайтын құжат

Барлық сұрақтар бойынша бас ғимараттың № 134,136 кабинетіне хабарласыңыз.

Телефон: 21-41-55

 

Start Date - End Date

Jan 31st, 2020 - Jan 31st, 2020

Start Time - End Time

12:45 pm - 12:45 pm

Event Location

Cost

Категория

Тэгтар

Organizer

Phone

Email

Share This