«Саналы ұрпақ»

24.12.2019ж М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Парасат» басқармасында  90 жылдық тарихы бар қазақ білімінің қара шаңырағы ҚазҰАУ ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Тілектес Исабайұлы қонақ болды. Университет ректоры Дария Пернешқызы мен Тілектес Исабайұлы  «Саналы ұрпақ» клубы мүшелеріне өз кеңестерін айтып, жастарға деген сенімін білдірді. Парасат басқармасының басшысы Гүлбақыт Сейсенбекқызы Тілектес Исабайұлын ел Президентінің Жарлығымен  2019ж ғылым мен техника саласындағы  «Әл-Фараби» атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері атануымен құттықтады!

09.11.2019ж ЖОО арасында ҚазҰАУ тұңғыш рет «Парасат» орталығын ашса, осы игі бастаманың жалғасы ретінде 06.12.2019ж біздің оқу ордамызда да «Парасат» басқармасының салтанатты түрде ашылу рәсімін өткізді. Алдағы уақытта екі оқу орны «Парасат» орталығы мен басқармасы арасында тәжірибе алмасып, бірлескен жобалар жасасақ деген бастама көтерілді.