«Парасат» басқармасы

 «Парасат» басқармасының басшысы

Дулатова Гулбақыт Сейсенбекқызы

құқық магистрі

E-mail: gulbakyt_dulat88@mail.ru


  •  
    Басқарма қызметкерлері

    Турегелдиева Элвира Мәлікқызы

    Бас маман

    Е-mail: in-elvi@mail.ru

    Жаппар Несібелі Нұрланқызы

    Жоғары білікті маман

    Е-mail: n_zhapparova@mail.ru

  •  
    Жалпы мәліметтер

    «Парасат» басқармасы — М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің құрылымдық буын ретінде университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл,  алдын-алу және құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі іс-шараларының жұмысын үйлестіруші  және бақылаушы болып табылады.  

    Басқарма «Sanaly Urpaq» республикалық  жобалық Кеңсесінің, «Шымкент-Адалдық алаңы» және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен, Шымкент қаласының әкімдігімен,  жастар ұйымдарының өкілдерімен, БАҚ және басқа да уәкілетті органдармен байланысты қолдайды. Орталық халықаралық стандарт талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін әзірлеу және енгізуді іске асыруға жәрдемдеседі.

    Басқарманың мақсаты – жоғары оқу орнын тәртіп пен мәдениеттің, жауапкершілік пен жасампаздықтың түйіскен алаңына айналдыру, сыбайлас жемқорлыққа қолайлы себептер мен жағдайларды уақытылы жоюға бағытталған іс-шаралар өткізу, жоғары моральдық құндылықтарға ие, жауапты, ынталы және әлеуметтік-құзыретті азамат пен өз елінің патриотын қалыптастыру және дамыту үшін жағдай жасау, сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл  саласындағы уәкілетті орандармен  ынтымақтастықты қамтамасыз ету және әріптестік қарым-қатынас орнату болып табылады.

    Басқарма жұмысының негізгі бағыттары:

    - сыбайлас жемқорлық көрінісінің белгілерін, ықтимал қауіп-қатерлерді анықтау саласындағы университет қызметін көрсететін үдерістерге мониторингті  ұйымдастыру;

    - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды дайындау мен өткізуді бақылауды қамтамасыз ету;

    - университеттің білім беру, тәрбие және ғылыми-зерттеу процестерінде қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар мен механизмдерді  қолдануды қамтамасыз ету;

    - сыбайлас жемқорлыққа қолайлы себептер мен жағдайларды уақтылы жоюға бағытталған іс-шараларды өткізу;

    - Қазақстан Республикасының  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Адалдық алаңы» жобасын университет қызметкерлері мен білім алушылары арасында ұжымда түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;

    - Қазақстан Республикасының  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Sanaly Urpaq» жобалық кеңсесінің ұсынымдарында қамтылған негізгі басымдықтарды университет қызметкерлері мен білім алушылары арасында ұжымда түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;

    - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен ынтымақтастықты қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа  қарсы  қоғамдық  ұйымдармен әріптестік қарым-қатынас құру;

    - «Ізгілік елшісі» жобасы бойынша түсіндіру, ұйымдастыру, үйлестіру жұмыстарын жүзеге асыру.

     

  •  
    Нормативтік құқықтық актілер
  •  
    «Парасат» басқармасы

    Жалпы ережесі

    2019-2020 оқу жылына арналған жұмыс жоспары

    Басқарма құрамы

    «Парасаттылық дәрісі» (Медия план)

    «Адалдық алаңы» жобасы

    «Саналы ұрпақ» жобасы

    «Ізгілік елшісі» жобасы

    «Адалдық дүкені»  ережесі

  •  
    Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс

    Kazinform  https://oninfo.kz

    Aigyn

    OtyrarTV   https//kz.otyrar.kz

    Nar TV

    Ontustik

  •  
    2020 жылы басымдық берілетін бағыттар

    Білім алушыларды адалдыққа, парасаттылыққа тәрбиелеу бойынша «Парасаттылық дәрістері» үздіксіз оқылады;

    «Ізгілік елшілері» еріктілерін тарта отырып, парасаттылықты насихаттау бағытында студенттік парламент құрылады;

    Университет ішінде және өзге оқу орындарымен бірге «Парасаттылық эстафетасы» ақпан айынан басталып, жалғасын табады;

    НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізудің міндеттілігін ескеріп, бұл салада арнайы маман біліктілігін арттырады (болашақта ішкі құжаттарға сатаптама жүргізу мақсатында)

    Парасат басқармасы арқылы сыбайлас жемқорлық  тәуекелдеріне мониторинг жасалады;

    Ұйымдастырушылық бағытта семинар, конференциялар, форумдар өткізіледі;

    ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің  республикалық  ақпараттық –ағартушылық штабымен тығыз жұмыс жасау.

  •  
    Бейнеролик

    55555