Кәсіптік бағдар беру орталығы

Айтуреев Мұрат Жарылқасынұлы

Кәсіптік бағдар беру орталығының директоры (КББО),

техника ғылымдарының  кандидаты, доцент

Жұмыс орны: В ғимараты, 125 кабинет

Жұмыс сымтетігі: 8-(7252)-300262

Ұялы байланыс сымтетігі: 87014207485

Е-mail:murattssm@mail.ru

 


  •  
    Орталық қызметкерлері

    Отарбаев Нұрлыбек Шырынбекұлы

    КББО Білім алушылар контингентін қалыптастыру бөлімі басшысы

    Ғылым магистрі, аға оқытушы

    Жұмыс орны:  В ғимараты, 127 кабинет

    Жұмыс сымтетігі: 8-(7252)-300262

    Ұялы байланыс сымтетігі: 87784457094

    Е-mail:otarbaevn@mail.ru

    Сейсенбаева Жанна Мәлікқызы

    КББО Call-орталығының басшысы

    Ғылым магистрі, аға оқытушы

    Жұмыс орны:  В ғимараты, 127 кабинет

    Жұмыс сымтетігі: 8-(7252)-300262

    Ұялы байланыс сымтетігі: 87763122940

    Е-mail:s-zhan-789@mail.ru

    Маханбетов Әділет Жұмағалиұлы

    КББО Білім алушылар контингентін қалыптастыру бөлімінің жоғары білікті маманы

    Ғылым магистрі, аға оқытушы

    Жұмыс орны:  В ғимараты, 127 кабинет

    Жұмыс сымтетігі: 8-(7252)-300262

    Е-mail:adilet.makhanbetov@mail.ru

     

    Қайықбаев Мейірбек Жұмабайұлы

    КББО Білім алушылардың контингентін қалыптастыру бөлімінің жоғары білікті маманы

    Ғылым магистрі, оқытушы

    Жұмыс орны:  В ғимараты, 127 кабинет

    Жұмыс сымтетігі: 8-(7252)-300262

    Ұялы байланыс сымтетігі: 87022757530

    Е-mail:pk_ukgu@mail.ru

    Исабекова Үміт Ордабайқызы

    КББО Call-орталығының жоғары білікті маманы

    Ғылым магистрі, аға оқытушы

    Жұмыс орны:  В ғимараты, 127 кабинет

    Жұмыс сымтетігі: 8-(7252)-300262

    Ұялы байланыс сымтетігі: 87000959505

    Е-mail:uma.issabekova@gmail.com

    Досқараева Салтанат Октябрьқызы

    КББО  Call-орталығының  жоғары білікті маманы

    Ғылым магистрі, аға оқытушы

    Жұмыс орны:  В ғимараты, 127 кабинет

    Жұмыс сымтетігі: 8-(7252)-300262

    Ұялы байланыс сымтетігі: 87077220112

    Е-mail:pk_ukgu@mail.ru

     

  •  
    Жалпы мәліметтер

    Кәсіптік бағдар беру орталығы (КББО) - ЖШҚ РМК М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің (ОҚМУ) бөлімшесі, студенттер контингентін қалыптастыру және университетке түсуші талапкерлерді дайындауда ұйымдастырушылық, әдістемелік және жарнамалық-ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді.

    Кәсіптік бағдар беру – университеттің кәсіптік бағдар беру қызметі мәселелері бойынша ақпарат беру және кеңес беру жүйесін ұйымдастыру, дамыту және таратуға ықпал ететін Call-орталықпен өзара байланысты кәсіптік білім беру мекемесі өткізетін іс-шаралар кешені.

    Кәсіптік бағдар беру орталығының ұйымдастырушылық құрылымы (КББО)

     

    Кәсіптік бағдар беру орталығының негізгі міндеттері:

    - ОҚМУ-дың кәсіптік бағдар беру саласындағы Саясаты мен Мақсаттарын жүзеге асыру;

    - сапа саласындағы міндеттемелерді және сапа менеджменті жүйесінің талаптарын орындау;

    - аудандық және қалалық мектептер мен колледждердің түлектері арасында кәсіптік бағдар беру қызметтерін ұйымдастыру;

    - университетте кәсіптік бағдар беру жұмыстарын үйлестіру;

    - кәсіби бағдар беру қызметінің бірыңғай жоспарын әзірлеу;

    - болашақ кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін белгілі бір білім жүйесін меңгеру;

    - болашақ мамандықтар туралы ақпаратпен қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру.

    - кәсіптік бағдар беру қызметтерін реттейтін жергілікті құжаттардың жобаларын дайындау, оларды Университет ректорына бекітуге ұсыну;

    - университеттің кәсіптік бағдар беру қызметін ұйымдастыру, жоспарлау және бақылау.

     

    Call орталығының негізгі міндеттері:

    • ОҚМУ туралы ақпаратты ауылдық мектептерге пошта арқылы (қатынауы қиын аудандарға) жіберу;
    • университетті ақпараттық қамтамасыз ету бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен қызметін жүргізу (радио, теледидар, баспа басылымдары);
    • ЖОО түсу мәселелері бойынша талапкерлер мен олардың ата-аналарына кеңес беру;
    • мақсатты аудитория үшін презентациялар өткізу және оқу бағыты мен болашақ мамандықты таңдауға көмек көрсету.

     

    Білім алушылар контингентін қалыптастыру бөлімінің негізгі міндеттері:

    • университетте өткізілетін іс-шаралар (конференциялар, олимпиадалар, Ашық есік күндері, конкурстар, мастер-кластар және т. б.) туралы білім беру мекемелерінің әкімшіліктерін хабардар ету;
    • облыста және өңірлерде аудандық, қалалық мектептер мен колледжтер, оқушылар мен олардың ата-аналары үшін жиналыстар, іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;
    • оқушыларды университет дәстүрлерімен таныстыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу және мұражайға бару.

     

  •  
    Орталық жаңалықтары

    31.01.2020ж. күні М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғарғы мектебі Шымкент қаласының колледж және мектеп бітірушілеріне кәсіби бағдар беру мақсатында «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізді.

    Ашық есік күніне тоқыма және тамақ өнеркәсібі саласындағы жұмыс беруші мекеме басшылары: «Бал Текстиль» ЖШС-ң өндіріс басшысы Қарақұлов Н., «Алия» ЖШС-ң директоры Ширшикбаева Н., «Темиршиков и К» ЖШС-ң директоры Темиршиков И., ата-аналар, университет түлектері, магистранттар, мектеп және колледж бітіруші түлектері қатысты. Болашақ талапкерлерге университеттің білім бағдарламалары, материалдық-техникалық базалары мен жетістіктері, жоғары мектеп мамандықтарының өзіне тән ерекшеліктері, болашақ жұмыс орындары туралы ақпарат берілді.

    Іс-шара соңында мектеп оқушылары мен колледж студенттері  «Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғарғы мектебі кафедраларының оқу зертханаларында болып, профессор-оқытушылармен сұхбаттасып, ғылыми- зерттеу үйірмелері жұмыстарымен танысты.


    М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің АКТ залында «Химиялық инженерия және биотехнология»  жоғары мектебі  30.01.2020ж. Шымкент қаласының  11 жалпы орта мектептерінің  бітіруші түлектері арасындағы болашақ мамандық таңдауға кәсіби- бағыт бағдар беру мақсатында университетте дайындалатын еңбек нарығында  сұранысқа ие мамандықтар жайлы толыққанды ақпарат беру  үшін «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» іс-шарасын өткізді .

    Іс-шараны техника ғылымдарының докторы, профессор, ЖОО екі дүркін үздік оқытушысы, «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің деканы Анарбаев Абибулла Әбілдаұлы ашып мектеп бітіруші оқушылар жоғары мектептің мамандықтары мен даму перспективалары ақпарат берді.

    Бір жарым сағатқа созылған іс-шарадағы университет студенттерінің ата-аналарының, бітіруші түлектерді жұмыспен қамтып отырған  мекеме басшыларының бітіруші түлектердің болашақ мамандықтарын жүрек қалауымен таңдау керектігі жәнеде әр мамандықтың өзіне тән ерекшеліктері жайлы тартымды әңгімелері мектеп бітіруші оқушыларға терең ой салғанын байқадық. Жалпы  іс-шара  өте жайлы жылы атмосферада өтті.

    Әр мектеп бітіруші оқушыға университет және факультет мамандықтары туралы материалдар тарқатылып бітірушілердің сұрақтарына толыққанды ауызша жауап берілді. Іс-шара мектеп бітіруші оқушыларды  «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебі кафедраларының арнайы зертханаларына экскурсия жасаумен аяқталды.


    23 қаңтар 2020 жыл М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті филология факультетінің кәсіби бағдар бойынша Шымкент қаласының мектеп бітірушілеріне арналған «Ашық есік» күні

    23 қаңтар 2020 жыл М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті филология факультетінің акт залында Шымкент қаласының мектептері мен, колледждері  бітірушілеріне арналған «Ашық есік» күні өтті. Іс - шараны филология факультеті деканы филология ғылымдарының докторы, профессор Тілеубердиев Болатбек Мақұлбекұлы жүргізді.

    «Ашық есік» күніне № 6,8,32,37,47,50,61,70,78,79,86 мектептерінен және бірнеше колледж бітірушілері сынып ,топ жетекшілерімен келді.

    Кеш қонақтары Калифорния университетінің оқытушысы (АҚШ) Ави Тэффер,Урумчи экономикалық университетінің оқытушысы, магистр (Қытай)Луань Син Жунь, Назарбаев Интеллектуалды мектебінің оқытушысы,ОҚМУ-нің докторанты Махмудов Гаухарбек Равшанбекович бітірушілерге қызықты сұхбаттарын берді.

    Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына қанағаттанарлық жауап алды. Кеш барысында Университетіміздің тарихы, мамандықтары туралы видеороликтер көрсетілді.

    Мамандықтар туралы кітапшалар,үлестірмелі парақшалар тарқатылды.Іс-шара соңында мектеп бітірушілерге экскурсия ұйымдастырылды. 


    «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің кәсіби бағдар беру бойынша ашық есік күні

    21.01.2020 ж. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультеті  Шымкент қаласының мектеп және колледж түлектеріне кәсіби бағдар беру бойынша ашық есік күнін өткізді. Іс шараның қонақтары ретінде қалалық құқық қорғау органдарының өкілдері, ата- аналар, университет түлектері, мектеп және колледж түлектері қатысты. Болашақ талапкерлерге университеттің тарихы, материалдық - техникалық базасы, мамандықтар туралы толық мәліметтер берілді.

    М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің деканы Ж.Қ.Орынтаев, Шымкент қаласы Полиция департаменті кадр саясаты басқармасы қызмет өткеру бөлімінің аға инспекторы, полиция аға лейтенанты - Мамыр Ш.Н,  Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы полиция басқармасы тергеу бөлімінің тергеушісі, полиция аға лейтенанты - Тұрсынбаев Д.Б, Шымкент қаласы Абай аудандық сотының судьясы - Отарбаев Е.Б, Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы -Алиев Н.Д.  және ата-аналар  болашақ талапкерлерге мамандық туралы мәлімет бере отырып, болашаққа мамандық таңдау барысында нық қадам жасау керектігін атап өтті.  «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің деканы Ж.Қ.Орынтаев факультеттегі мамандықтар жайлы толық мағлұматтар беріп, университеттің ішкі тәртібімен таныстырып, университетте кітапхана, мұражай, арнайы студенттерге қызмет көрсету орталығы, сот залы, криминалистикалық полигонмен және білім беруші кафедраларға экскурсия жасап, жас түлектерді таныстырды.


    М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де 08.01.2020ж. кәсіптік бағдар беружұмыстары бойынша жиналыс өткізілген болатын, жиналыста белсенді түрде мәселелер талқыланып, 2020-2021 жаңа оқу жылына талапкерлерді тарту үшін кәсіптік бағдар беру қызметінің дамуын жақсарту мақсатында ұсыныстар жасалды.


    Университеттің кәсіптік бағдар беру қызметі бойынша ақпарат беру және кеңес беру мақсатында ОҚМУ КББҚО жанында Call-орталық қызмет көрсетеді.  

    Барлық сұрақтар бойынша төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласуға болады.

    8(7252) 400-899, 8(7252) 273-852, WhatsApp 8(747) 275-75-00

  •  
    Бакалавриатқа түсуші талапкерлер үшін ақпараттар

    Сілтеме - Жалпы мәлімет

    2019/2020 оқу жылына қабылдау мерзімі

    Өтініш қабылдау мерзімі

    Тестілеу мерзімі

    Қатысушылар

    ҰБТ  өткізіледі

    1 және 15 желтоқсан аралығы

    15 және 20 қаңтар аралығы

    1) ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары;

    *ақылы

    2) ЖОО-ға ақылы негізде қабылдау үшін жоғары оқу орнының бірінші академиялық кезеңі аяқталғанға дейін күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданған адамдар;

    *ақылы

    3) ЖОО-ның шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарында оқитын  және басқа білім беру бағдарламалары топтарына ауысқысы келетін білім алушылар

    *ақылы

    1 және 15 ақпан аралығы

    24 және 29 наурыз аралығы

    ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары;

    *ақылы

    10 наурыз және 10 мамыр аралығы

    20 маусым және 5 шілде аралығы

    1) республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілері;

    ақысыз

    2) республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері;

    *ақылы

    3) республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін  білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері

    *ақылы

      10 мамыр және 5 маусым аралығы

    20 маусым және 5 шілде аралығы

    республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдар;

    *ақылы

       25 шілде және 3 тамыз аралығы

    17 және 20 тамыз аралығы

    1) ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілері;

    *ақылы

    2) ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау  үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері;

    *ақылы

    3) ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдар;

    *ақылы

    4) ЖОО-ның шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарында оқитын  және басқа білім беру бағдарламалары топтарына ауысқысы келетін білім алушылар

    *ақылы

    * - тестілеу бағасы – 2242 теңге.

    Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін төлемді Қазақстан Республикасының барлық екінші деңгейлі банктері кассасынан төмендегі реквизит бойынша жасауға болады:

    «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК  ҚР БҒМ

    010011 Астана қ., Жеңiс д., 60

    БИН 000140001853

    ИИК KZ536010111000001515

    БИК HSBKKZKX     КБE 16

    «Қазақстан Халық Банкі» АҚ

    Төлемнің атауы – "Кешенді тестілеу үшін" (2242 теңге).

    Сондай-ақ «Қазақстан Халық Банкі» АҚ терминалдары арқылы ғана төлем жасауға болады.

    Бақылаушылар: Министрлік өкілдері.

    Апелляция: қарастырылған.

    ҰБТ форматы: 5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік).

                               Барлық тест тапсырмалар саны —120.

    Тестілеудің жалпы уақыты: 3 сағат 50 минут (230 минут)

     

    Тестілеу пәндері

    Тапсырмалар саны

    Тапсырмалар формасы

    1 блок

    Математикалық сауаттылық

    20

    Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс

    Оқу сауаттылығы

    20

    (4 мәтін)

    Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс

    Қазақстан тарихы

    20

    Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс

    2 блок

    1 бейінді пән

    20

    Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс

    10

    Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты

    2 бейінді пән

    20

    Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс

    10

    Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты

    Жоғары балл саны: 140

    Шекті деңгей балы: 50

    Бейінді пәндер таңдайтын білім беру бағдарламары тобына байланысты таңдалады

    Бейінді пәндер комбинациясы

    1 бейінді пән

    2 бейінді пән

    1

    математика

    физика

    2

    математика

    география

    3

    биология

    химия

    4

    биология

    география

    5

    шет тілі

    дүниежүзі тарихы

    6

    география

    шет тілі

    7

    дүниежүзі тарихы

    Адам. Қоғам. Құқық

    8

    дүниежүзі тарихы

    география

    9

    қазақ тілі / орыс тілі

     қазақ әдебиеті / орыс әдебиеті

    10

    химия

    физика

    11

    шығармашылық емтихан

    шығармашылық емтихан

    Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін  білім беру бағдарламаларының ұқсас бағыттарына оқуға түсушілер үшін ҰБТ (ТжКБ) форматы : 2 пән .

    Барлық тест тапсырмалар саны - 60.

    Тестілеудің жалпы уақыты — 1 сағат 40 минут (100 минут).

    Тестілеу пәндері

    Тапсырма саны

    Тапсырмалар формасы

    Бағалау формасы

    Жалпы кәсіптік пән

    20

    Бес жауап нұсқасының біреуі  дұрыс

    1 дұрыс жауап = 1 балл

     

    Арнайы пән

    40

    Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс (20)

    1 дұрыс жауап = 1 балл

     

    Көп жауаптың ішінен бірнеше дұрыс жауабы бар (10)

    Барлық дұрыс нұсқаны таңдау – 

    2 балл

    Бір қате (бірнеше дұрыс жауаптан 1 қате кетсе) – 1 балл

    2 немесе одан көп қате – 0 балл

    Жағдаятық тапсырмалар (10)

    1 дұрыс жауап = 1 балл

    Жоғары балл саны: 70.

    Шекті деңгей балы: 25.


    Білім беру гранты – «бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімге ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шарттармен білім алушыға берілетін ақшаның нысаналы сомасы.

    Республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттары түсушілер өтініш білдірген нақты білім беру бағдарламалары, тіл бөлімдері мен оқу мерзімі бойынша білім беру бағдарламаларының кезектілігіне сәйкес білім беру грантын беру туралы куәлікті берумен қоса ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) сертификатының балдарына сәйкес конкурстық негізде беріледі.

    Конкурсқа қатысу үшін

    ·         ұлттық ЖОО-ға түсуге, шығармашылық дайындықты талап ететін оқуға түсушілерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына маусым-шілдедегі ҰБТ-дан өткен және республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысуға ҰБТ нәтижесі бойынша – кемінде 65 балл, 

    ·         "Педагогикалық ғылымдар", "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария" білім беру салалары бойынша – кемінде 60 балл, 

    ·         басқа ЖОО-ларға – кемінде 50 балл, 

    ·         "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" білім беру саласы бойынша – кемінде 65 балл,

    оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқу тілі бойынша) – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 5 балл алуы қажет.

    Шығармашылық дайындықты талап ететін оқуға түсушілерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына ҰБТ-дан өткен, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысуға ниет білдірген жалпы орта және техникалық пен кәсіптік, білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері ҰБТ нәтижесі бойынша 

    ·         кемінде 25 балл, 

    оның ішінде жалпы кәсіптік пән бойынша – кемінде 5 балл және арнайы пән бойынша кемінде 5 балл алуы қажет.

    Шығармашылық дайындықты талап ететін, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсуші ҰБТ-дан өткен және республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты қаражат есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысуға және (немесе) 

    ·         ұлттық ЖОО-ға ақылы оқуға ниет білдірген жалпы орта және техникалық пен кәсіптік, білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері ҰБТ және шығармашылық емтихан нәтижелері бойынша – кемінде 65 балл, 

    ·         "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 60 балл, 

    ·         басқа ЖОО-ға – кемінде 50 балл, 

    оның ішінде Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқу тілі бойынша) – кемінде 5 балл және әр шығармашылық емтиханнан кемінде 5 балл алуы қажет.

    Шығармашылық дайындықты талап ететін, ҰБТ-дан өткен, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысуға ниет білдірген жалпы орта және техникалық пен кәсіптік білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері ҰБТ және шығармашылық емтихан нәтижесі бойынша 

    ·         кемінде 25 балл,

    оның ішінде шығармашылық емтиханнан – кемінде 5 балл және арнайы пән бойынша кемінде 5 балл алуы қажет.

    Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін талапкер жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына тапсырады:

    ·         белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;

    ·         білімі туралы құжат (түпнұсқа);

    ·         ҰБТ сертификаты;

    ·         3x4 көлеміндегі екі фотосурет;

    ·         086-У нысаны бойынша медициналық анықтама;

    ·         жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

    Білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін азамат өтініште өзі таңдаған білім беру бағдарламалары мен ЖОО-ны көрсетеді.

    Бейіндік пәндер сәйкес келген жағдайда азамат төрт білім беру бағдарламаларын көрсете алады.

    Республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысу үшін өтініштер 10 – 20 шілде аралығында қабылданады.

    Республикалық комиссияның отырысы 21 -31 шілде аралығында өткізіледі.

    Білім гранты иегерлерінің тізімі Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтына ілінеді.

  •  
    Магистратура и докторантураға түсуші үміткерлер үшін ақпараттар

    Магистранттар және докторанттар қатарына қабылдауды қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.

    Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға түсу емтихандарының қосындысында осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша 150 балдан кем емес ең жоғары балл жинаған тұлғалар қабылданады. Шет тілі (ағылшын, француз, неміс) бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтарына бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша ең жоғары балл қосылады.

    Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда қабылдау кезінде басым құқық мамандық бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі, мамандық бойынша түсу емтихандарының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда басым құқық мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі. Содан соң таңдаған мамандығының бейініне сәйкес ғылыми жетістіктері: ғылыми жарияланымдар, оның ішінде рейтингілік ғылыми журналдардағы жарияланымдар; ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер; ғылыми стипендияларды, гранттарды тағайындау туралы сертификаттар, ғылыми конференцияларға және конкурстарға қатысқаны үшін берілген грамоталар/дипломдар ескеріледі.

    Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистрлер мен философия докторларын (РhD) мақсатты даярлауға тұлғаларды қабылдау аталған даярлауға үміткер тұлғалар арасында конкурстық негізде жүзеге асырылады.

    Бағалаудың 100 балдық шкаласы бойынша бағаларды ауыстыру жүйесі

    Бағалаудың 100 балдық шкала бойынша балдар

    Бағалаудың 4 балдық шкала бойынша балдар

    95-100

    Өте жақсы (5)

    90-94

    85-89

    Жақсы (4)

    80-84

    75-79

    70-74

    Қанағаттанарлық (3)

    65-69

    60-64

    55-59

    50-54

    0-49

    Қанағаттанарлықсыз (2)

  •  
    Бакалавриат білім беру бағдарламаларының тізімі

    Бакалавр білім беру бағдарламасының атауы

    1

    6B01110 Педагогика және психология

    2

    6B01111 Практикалық психология

    3

    6B01112 Психология және медиация

    4

    6B01210 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу педагогикасы

    5

    6B01310 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі

    6

    6B01410 Бастапқы әскери дайындық

    7

    6B01420 Музыкалық білім

    8

    6B01430 Бейнелеу өнері және сызу

    9

    6B01440 Дене шынықтыру және спорт

    10

    6B01450 Кәсіптік оқыту

    11

    6B01510 Математика

    12

    6B01520 Физика

    13

    6B01521 Математика-физика

    14

    6B01522 Физика-Информатика

    15

    6B01530 Информатика

    16

    6B01531 Математика-Информатика

    17

    6B01540 Химия

    18

    6B01541 Химия-Биология

    19

    6B01550 Биология

    20

    6B01610 Тарих

    21

    6B01710 Қазақ тілі мен әдебиеті

    22

    6B01720 Русский язык и литература

    23

    6B01730 Шетел тілі: екі шетел тілі

    24

    6B01904 Инклюзивті білім берудегі тьюторлық»

    25

    6B01910 Дефектология

    26

    6B01912 Сурдопедагогика

    27

    6B02120 Режиссура

    28

    6B02140 Кескіндеме

    29

    6B02150 Графика

    30

    6B02160 Сән өнері

    31

    6B02170 Сән дизайны

    32

    6B02171 Орта дизайны

    33

    6B02210 Философия

    34

    6B02220 Тарих

    35

    6B02230 Археология және этнология

    36

    6B02310 Филология: қазақ тілі

    37

    6B02311 Филология: русский язык

    38

    6B02320 Аударма ісі

    39

    6B02330 Шетел филологиясы

    40

    6B02331 Шетел филологиясы: өзбек тілі

    41

    6B03110 Халықаралық қатынастар

    42

    6B03120 Саясаттану

    43

    6B03130 Психология

    44

    6B03210 Кітапхана ісі

    45

    6B03220 Журналистика

    46

    6B04110 Экономика

    47

    6B04120 Менеджмент

    48

    6B04130 Есеп және аудит

    49

    6B04140 Қаржы

    50

    6B04150 Мемлекеттік және жергілікті басқару

    51

    6B04160 Маркетинг

    52

    6B04170 Бағалау

    53

    6B04211 Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс

    54

    6B04212 Азаматтық құқық және азаматтық процесс

    55

    6B04220 Халықаралық құқық

    56

    6B05110 Биология

    57

    6B05120 Биотехнология

    58

    6B05121 Салалық биотехнология

    59

    6B05210 Экология

    60

    6B05211 Экология және табиғатты пайдалану

    61

    6B05220 География

    62

    6B05310 Физика

    63

    6B05320 Химия

    64

    6B05410 Математика

    65

    6B06110 Информатика

    66

    6B06120 Ақпараттық жүйелер

    67

    6B06130 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

    68

    6B06140 Математикалық және компьютерлік моделдеу

    69

    6B07110 Автоматтандыру және басқару

    70

    6B07120 Машиностроение

    71

    6B07121 Машинажасау технологиясы

    72

    6B07123 Пісіру өндірісін жобалау және ұйымдастыру

    73

    6B07130 Көлік, көліктік техника және технологиялар

    74

    6B07131 Автосервис және фирмалық қызмет көрсету

    75

    6B07140 Жылуэнергетика

    76

    6B07150 Электрэнергетика

    77

    6B07160 Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы

    78

    6B07161 Processing of mineral and technogenic raw materials

    79

    6B07170 Органикалық заттардың химиялық технологиясы

    80

    6B07180 Технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша)

    81

    6B07181 Мұнай және газ өнеркәсібінің машиналары мен жабдықтары

    82

    6B07182 Тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттары

    83

    6B07190 Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы

    84

    6B07191 Керамика,шыны және кристалдар сараптамасы

    85

    6B07210 Мұнайгаз ісі

    86

    6B07215 Мұнай және газ өндіру объектілерін пайдалану және оларға қызмет көрсету

    87

    6B07216 Газмұнайқұбырларын және газмұнайқоймаларын пайдалану

    88

    6B07220 Металлургия

    89

    6B07230 Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы

    90

    6B07250 Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы

    91

    6B07251 Ұн-жарма өнімдерінің технологиясы

    92

    6B07260 Тоқыма материалдарының технологиясы мен жобалануы

    93

    6B07270 Фармацевтік өндіріс технологиясы

    94

    6B07310 Сәулет

    95

    6B07320 Құрылыс

    96

    6B07321 Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы

    97

    6B07322 Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы

    98

    6B07323 Сумен жабдықтау және канализация

    99

    6B07330 Сумен қамтамасыз ету, суды бұру және су ресурстарын қорғау

    100

    6B07340 Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру

    101

    6B07350 Жерге орналастыру

    102

    6B07360 Кадастр

    103

    6B07510 Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)

    104

    6B08510 Аграрная техника және технология

    105

    6B08610 Су ресурстары және суды пайдалану

    106

    6B09110 Ветеринарлық медицина

    107

    6B10210 Әлеуметтік жұмыс

    108

    6B11110 Туризм

    109

    6B11111 Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі

    110

    6B11121 Продюсер және театр қойылымдарының технологиясы

    111

    6B11123 Цирк ұжымының жетекшісі, цирк әртісі

    112

    6B11210 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі

    113

    6B11310 Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру

    114

    6B11311 Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру

    115

    6B11312 Көлік логистикасы

  •  
    Магистратура және докторантура білім беру бағдарламаларының тізімі

    Қазіргі таңда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттағы 54 магистратура мамандығы және 19 докторантура мамандығы бойынша білім беру бағдарламалары бар.

    Докторантура мамандықтарының тізімі

    Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тауке-хан даңғылы 5, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 3 ғимарат, 204 кабинет, Телефон: 8-7252-30-01-69



    Магистратура білім беру бағдарламасының атауы
    1 7M01110 Педагогика және психология (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    2 7M01111 Педагогика және психология (бейіндік 1,5 жыл)
    3 7M01112 Педагогика және психология (бейіндік 1 год)
    4 7M01210 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    5 7M01211 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу (бейіндік 1,5 жыл)
    6 7M01212 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу (бейіндік 1 год)
    7 7M01310 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    8 7M01311 Бастауш оқыту педагогикасы мен әдістемесі (бейіндік 1,5 жыл)
    9 7M01312 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі (бейіндік 1 год)
    10 7M01430 Бейнелеу өнері және сызу (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    11 7M01450 Кәсіптік оқыту (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    12 7M01451 Кәсіптік оқыту (бейіндік 1,5 жыл)
    13 7M01452 Кәсіптік оқыту (бейіндік 1 год)
    14 7M01510 Математика (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    15 7M01520 Физика (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    16 7M01521 Физика (бейінді 1,5оқыту тілі ағылшын тілінде)
    17 7M01531 Информатика(ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    18 7M01532 Информатика (бейінді 1,5оқыту тілі ағылшын тілінде)
    19 7M01533 Информатика (бейіндік 1 год)
    20 7M01540 Химия (бейінді 1,5оқыту тілі ағылшын тілінде)
    21 7M01541 Химия (Научно-педагогическое) 2 год
    22 7M01560 География (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    23 7M01561 География (бейінді 1,5)
    24 7M02140 Кескіндеме (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    25 7M02170 Дизайн (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    26 7M02220 Тарих (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    27 7M02222 Тарих (бейіндік 1 год)
    28 7M02230 Археология және этнология (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    29 7M02310 Филология (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    30 7M03120 Саясаттану (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    31 7M03122 Саясаттану (бейіндік 1,5 жыл)
    32 7M03130 Психология (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    33 7M03210 Кітапхана ісі  (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    34 7M03211 Кітапхана ісі  (бейіндік 1,5 жыл)
    35 7M03212 Кітапхана ісі  (бейіндік 1 год)
    36 7M04110 Экономика (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    37 7M04112 Экономика (бейіндік 1 жыл)
    38 7M04120 Менеджмент (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    39 7M04122 Менеджмент (бейіндік 1 жыл)
    40 7M04130 Есеп және аудит  (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    41 7M04132 Есеп және аудит (бейіндік 1 жыл)
    42 7M04140 Қаржы. (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    43 7M04142 Қаржы (бейіндік 1 жыл)
    44 7M04160 Маркетинг (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    45 7M04162 Маркетинг (бейіндік 1 жыл)
    46 7M04170 Іскерлік әкімшілік ету (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    47 7M04172 Іскерлік әкімшілік жүргізу (бейіндік 1 жыл)
    48 7M04212 Құқықтану (бейіндік 1 жыл)
    49 7M04213 Қылмыстық-процестік қызметі (бейіндік 1 год)
    50 7M04214 Қылмыстық-процестік құқық және криминалистика (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    51 7M04215 Кәсіби азаматтық-құқықтық қызмет (бейіндік 1 год)
    52 7M04216 Ғылыми азаматтық-құқықтық қызмет (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    53 7M04217 Қылмыстық құқық және криминология (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    54 7M04218 Қылмыстық құқық бейіндік (бейіндік 1 год)
    55 7M05110 Биология (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    56 7M05120 Агроөнеркәсіп және индустриалды аймақтағы экобиоқауіпсіздік (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    57 7M05121 Агроөнеркәсіп және индустриалды аймақтағы экобиоқауіпсіздік(бейіндік 1,5 жыл)
    58 7M05122 Агроөнеркәсіп және индустриалды аймақтағы экобиоқауіпсіздік(бейіндік 1 жыл)
    59 7M05123 Биотехнология (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    60 7M05124 Биотехнология (бейіндік 1,5 жыл)
    61 7M05125 Биотехнология (бейіндік 1 жыл)
    62 7M05210 Экология(ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    63 7M05211 Экология (бейіндік 1,5 жыл)
    64 7M05212 Экология (бейіндік 1 жыл)
    65 7M05220 География (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    66 7M05222 География (бейіндік 1 жыл)
    67 7M05310 Физика (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    68 7M05410 Математика (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    69 7M06110 Информатика (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    70 7M06120 Ақпараттық жүйелер (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    71 7M06130 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    72 7M06140 Математикалық және компьютерлік модельдеу (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    73 7M07112 Өндірістегі автоматтандыру және басқару (бейіндік 1 жыл)
    74 7M07120 Машинажасау (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    75 7M07122 Машинажасау (бейіндік 1 жыл)
    76 7M07130 Көлік, көліктік техника және технологиялар (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    77 7M07132 Көлік техникасын техникалық пайдалану(бейіндік 1 жыл)
    78 7M07150 Электроэнергетика (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    79 7M07152 Электрэнергетика(бейіндік 1 жыл)
    80 7M07160 Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    81 7M07161 Бейорганикалық қышқылдар, тұздар және тыңайтқыштардың инновациялық технологиялары(бейіндік 1,5 жыл)
    82 7M07162 Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы(ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    83 7M07170 Органикалық заттардың химиялық технологиясы  (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    84 7M07171 Органикалық заттардың химиялық технологиясы (бейіндік 1,5 жыл)
    85 7M07172 Органикалық заттардың химиялық технологиясы (бейіндік 1 жыл)
    86 7M07173 Мұнайхимия (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    87 7M07174 Мұнайхимия (бейіндік 1,5 жыл)
    88 7M07175 Мұнайхимия (бейіндік 1 жыл)
    89 7M07182 Технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша) (бейіндік 1 жыл)
    90 7M07183 Мұнай-газ кешені кәсіпорындарының технологиялық машиналары мен жабдықтары(ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    91 7M07190 Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    92 7M07192 Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы(бейіндік 1 жыл)
    93 7M07212 Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану кезінде басқару(бейіндік 1 жыл)
    94 7M07213 Ұңғымаларды күрделі жағдайда бұрғылау(ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    95 7M07214 Мұнайгаз ұңғымаларын тұрғызу (бейіндік 1,5 жыл)
    96 7M07215 Мұнай және газ кен орындарын игерудің заманауи әдістері (бейіндік 1 жыл)
    97 7M07220 Металлургия ғылыми-педагогикалық (бейіндік 1,5 жыл)
    98 7M07221 Металлургия оқу нысаны (бейіндік 1,5 жыл)
    99 7M07222 Металлургия(ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    100 7M07230 Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы(ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    101 7M07231 Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы(1,5)
    102 7M07232 Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы (1 год)
    103 7M07240 Сүт және сүт өнімдерінің технологиясы (ғылыми педагогикалық)(ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    104 7M07241 Сүт және сүт өнімдерінің технологиясы ( 1,5 год)
    105 7M07243 Азық түлік өнімдерінің технологиясы(ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    106 7M07244 Азық -түлік өнімдерінің технологиясы (1,5 год)
    107 7M07245 Азық-түлік өнімдерінің технологиясы (1 год)
    108 7M07252 Тамақ инженериясы және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі (бейіндік 1,5 жыл)
    109 7M07253 Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеудің қауіпсіз технологиялары(ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    110 7M07255 Жануарлардан алынатын өнімдердің технологиясы (бейіндік 1 жыл)
    111 7M07260 Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    112 7M07310 Сәулет (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    113 7M07320 Құрылыс (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    114 7M07322 Құрылыс (бейіндік 1 жыл)
    115 7M07340 Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларының өндірісі (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    116 7M07342 Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларының өндірісі (бейіндік 1 жыл)
    117 7M07510 Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    118 7M07511 Стандартттау және сертификаттау (салалар бойынша)  (бейіндік 1,5 жыл)
    119 7M07512 Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) (бейіндік 1 жыл)
    120 7M07513 Метрология(ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    121 7M07514 Метрология (бейіндік 1,5 жыл)
    122 7M07515 Метрология (бейіндік 1 жыл)
    123 7M10210 Әлеуметтік жұмыс (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    124 7M11112 Туризм  (бейіндік 1 жыл)
    125 7M11210 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі (ғылыми-педагогикалық 2 жыл)
    126 7M11212 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі (бейіндік 1 жыл)

    Докторантура мамандықтарының тізімі

    Факультеттер/жоғары мектептер атаулары

    Мамандықтар шифры

    Мамандықтар атауы

    Химиялық инженерия және биотехнология

    6D060800

    Экология

    6D070100

    Биотехнология (сала бойынша)

    6D072000

    Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы

    6D072100

    Органикалық заттардың химиялық технологиясы

    6D075300

    Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық  технологиясы

    Тоқыма және тамақ инженериясы

    6D072600

    Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы (салалары бойынша)

    6D073300

    Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы

    Механика және мұнайгаз ісі

    6D072400

    Техникалық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)

    Құрылыс және көлік

    6D072900

    Құрылыс

    6D073000

    Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру

    6D073100

    Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау

    Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық

    6D010900

    Математика

    6D011100

    Информатика

    6D012000

    Кәсіптік оқу (сала бойынша)

    6D060100

    Математика

    Филология

    6D020500

    Филология

    Педагогика және мәдениет

    6D010300

    Педагогика және психология

    6D090600

    Мәдени-тынығу жұмысы

    Басқару және бизнес

    6D050600

    Экономика

     

  •  
    ОҚМУ-ға қабылдау қағидалары

    Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына оқуға қабылдаудың қағидалары

    1. Осы Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына оқуға қабылдаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы»2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленген.

    2. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ға (бұдан әрі – ОҚМУ) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар адамдар қабылданады.

    3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына оқуға қабылданады.

    «Орта буын маманы» немесе «қолданбалы бакалавр» біліктілігін алған, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша ақылы негізде оқуға түсушілерді қабылдауды ОҚМУдың қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.

    Жоғары білімі бар адамдарды қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламаларына ақылы негізде қабылдауды ОҚМУ-дың қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.

    4. Шетел азаматтарын ақылы негізде оқуға қабылдау дайындау бағыттары бойынша құрылған университет комиссиялары өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша еркін түрдегі хаттама толтырумен жүзеге асырылады. Бұл ретте қайтадан әңгімелесуге өтініш білдірген талапкерлер үшін қайта әңгімелесу өткізеледі.

    5. Арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары топтары бойынша, оның ішінде «Педагогика ғылымдары» білім беру салалары бойынша оқуға қабылдау арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандар нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады.

    6. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханды ұйымдастыру және өткізу үшін ректор немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның шешімімен емтиханды өткізу кезеңіне емтихан комиссиясы құрылады.

    7. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды өткізу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан өткізілетін білім беру бағдарламалары топтарының тізбесіне сәйкес білім беру бағдарламаларының топтары бойынша жүзеге асырылады.

    Арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде «Педагогикалық ғылымдар»білім беру саласы бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсуші адамдар арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандар тапсыру үшін қабылдау комиссиясына  мынадай құжаттар тапсырады:

    1. жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжат (төлнұсқа);
    2. 3 x 4сантиметр көлеміндегі 2 фотосурет;
    3. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
    4. ҰБТсертификаты (бар болса);
    5. спорттық разрядтар және (немесе) спорттық атақтардың бірінің бар болуын растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса) тапсырады.

    8. Оқуға түсушілерден шығармашылық емтихан тапсыру үшін өтініштер қабылдау күнтізбелік жылғы 20 маусым мен 7 шілде аралығында жүзеге асырылады.

    Шығармашылық емтихан күнтізбелік жылғы 8-13 шілде аралығында өткізіледі.

    9. Жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаты бар, шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсуші адамдар екі шығармашылық емтихан тапсырады.

    Шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының тобына қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсуші адамдар бір шығармашылық емтихан тапсырады.

    Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханды өткізу нысаны бекітіледі.

    10. «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша оқуға түсушілерден құжат қабылдау жәнеарнаулы емтихан өткізу күнтізбелік жылғы 20 маусым –14тамыз аралығында жүзеге асырылады.

    11. Шығармашылық дайындықты талап ететін, жоғары білімнің білім беру бағдарламалары тобына түсетін орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар үшін Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша балдар ескеріледі.

    Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша шығармашылық дайындықты талап ететін, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының тобына түсуші адамдар үшін арнайы пәннен балдары ескеріледі.

    12. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханды өткізу бағдарламаларын ОҚМУ сәйкес базалық кафедралары әзірлейді және ректор немесе оның міндетін атқарушы тұлға бекітеді.

    13. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан кестесін (емтиханды өткізу нысаны, күні, уақыты, емтихан тапсыру орны, консультациялар) құжаттарды қабылдау басталғанға дейін оқуға түсушілердің назарына жеткізіледі.

    14. Оқуға түсуші арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан өткізілетін аудиторияға (орынға) жекебасын куәландыратын құжатты көрсеткенде жіберіледі.

    Бұл ретте арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандар бейне және (немесе) аудио жазбамен жабдықталған аудиторияларда (орындарда) өткізіледі.

    15. Жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаты бар оқуға түсушілер үшін шығармашылық емтихандар 40 балдық жүйе бойынша бағаланады.

    16. Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға түсушілер үшін шығармашылық емтихан 20 балдық жүйе бойынша бағаланады.

    17. Шығармашылық емтиханды өткізу қорытындылары бағалау ведомосымен, арнаулы емтиханды өткізу қорытындылары рұқсат беру ведомосымен, комиссияның еркін нысандағы хаттамасымен ресімделеді және қабылдау комиссиясының жауапты хатшысына (оның орынбасарына) нәтижелерді жариялау үшін беріледі. Комиссия хаттамасына төраға және комиссияның барлық қатысқан мүшелері қол қояды.

    18. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның нәтижелері емтихан өткізілген күні жарияланады.

    19. Емтихандарды өткізу кезеңіне арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханға қойылатын талаптарды сақтау, даулы мәселелерді шешу, тиісті емтихандарды тапсыратын адамдардың құқықтарын қорғау мақсатында ректор немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен төрағасын қосқанда тақ саннан тұратын апелляциялық комиссия құрылады.

    20. Апелляцияға өтінішті апелляциялық комиссия төрағасының атына арнаулы немесе шығармашылық емтихан тапсырған адам өзі тапсырады, ол арнаулы немесе шығармашылық емтихан нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады, апелляциялық комиссия оны бір күн ішінде қарайды.

    21. Түсушілерді ОҚМУ-дың студенттері қатарына қабылдау ректордың немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен қабылдау комиссиялары күнтізбелік жылғы 10 - 25 тамыз аралығында өткізеді.

    Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантының иегерлері, сондай-ақ оқуға ақы төлеуіазаматтардың өз қаражаты мен басқа да көздер есебінен жүзеге асырылған оқуға түсушілер тиісті білім беру бағдарламалары топтарынан білім беру бағдарламасын таңдайды.

    Оқуға түсушілер ОҚМУ-дың қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтініш:

    1. жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі туралы құжатын (төлнұсқа);
    2. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
    3. 3 х 4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосуретін;
    4. 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;
    5. ҰБТ сертификатын;
    6. ведомостан үзіндіні (арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін);
    7. білім беру грантын тағайындау туралы куәлікті (бар болса) қоса береді.

    22. Орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар тұлғалар қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін дайындықты талап ететін оқуға түсушілерді қоспағанда, белгіленген шекті балды алмаған (ҰБТ нәтижесі бойынша) адамдар (бірінші) академиялық кезең аяқталғанға дейін ОҚМУ-ға 1 күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданады

    Білім алудың 1 (бірінші) академиялық кезеңі аяқталғаннан кейін бұл адамдар Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларында белгіленген мерзімде ҰБТ-ны қайта тапсырады.

    23. ҰБТ тапсырған және белгіленген шекті балды жинаған адамдар ректордың немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның атына ақылы негізде қабылдау туралы өтініш береді.

    Өтінішке ҰБТ сертификаты мен уәкілетті адамның қолы қойылған және мөрмен бекітілген транскрипт көшірмесі қоса беріледі.

    24. ОҚМУ-ға қабылдау жоғары білімнің білім беру бағдарламалары мен тілдік бөлімдері бойынша жеке жүргізіледі.

    Шығармашылық емтихандар белгіленген жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына қабылдау осы емтихандар бойынша алынған балдар есепке алына отырып жүргізіледі, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін дайындықты талап ететін оқуға түсушілерді қоспағанда.

    «Педагогикалық ғылымдар» білім беру салалары бойынша қабылдау арнаулы емтихан бойынша нәтижелері есепке алына отырып жүргізіледі.

    ОҚМУ-ға қабылдану үшін ҰБТ-дан өткен орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру гранты негізінде және ақылы бөлімге кемінде 50 балл, «Педагогикалық ғылымдар» білім беру салалары бойынша кемінде 60 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 5 балл алуы қажет.

    Шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына, ҰБТ-дан өткен және республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру гранты негізінде және ақылы оқуға ниет білдірген орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттарын қоспағанда, кемінде 50 балл, «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша кемінде 60 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша кемінде 5 балл және әр шығармашылық емтиханнан кемінде 5 балл алуы қажет.

    ҰБТ-дан өткен және республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысуға ниет білдірген, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға түсуші техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар кемінде 25 балл, оның ішінде жалпы бейіндік пәннен – кемінде 5 балл және арнаулы емтихан бойынша кемінде 5 балл алуы қажет.

    Шығармашылық дайындықты талап ететін, ҰБТ-дан өткен және республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысуға ниет білдірген,қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға түсуші техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар кемінде 25 балл, оның ішінде шығармашылық емтиханнан – кемінде 5 балл және арнаулы пән бойынша кемінде 5 балл алуы қажет.

    25. Шет тілінде берілген құжаттардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалдыкуәландырылған аудармасы болуы тиіс.

    Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар адамдар оқуға қабылданғаннанкейін оқудың 1 (бірінші) академиялық кезеңі ішінде заңнамада белгіленген тәртіппен нострификациялау рәсіміненөтеді.

    1-қосымша

    Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан өткізілетін білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі

    Білім беру бағдарламалары топтарының нөмірі

    Білім беру бағдарламалары топтарының атауы

    Арнаулы дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтары

    В001

    Педагогика және психология

    В002

    Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

    В003

    Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

    В009

    Математика мұғалімдерін даярлау

    В010

    Физика мұғалімдерін даярлау

    В011

    Информатика мұғалімдерін даярлау

    В012

    Химия мұғалімдерін даярлау

    В013

    Биология мұғалімдерін даярлау

    В014

    География мұғалімдерін даярлау

    В015

    Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

    В016

    Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

    В017

    Орыс тілі мен  әдебиеті мұғалімдерін даярлау

    В018

    Шет тілі мұғалімдерін даярлау

    Шығармашылықдайындықтыталапететінбілім беру бағдарламалары топтары

    В004

    Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау

    В005

    Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

    В006

    Музыка мұғалімдерін даярлау

    В007

    Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау

    В027

    Театр өнері

    В028

    Хореография

    В030

    Бейнелеу өнері

    В031

    Сән, интерьер дизайны және өнеркәсіп дизайны

    В073

    Сәулет

    В092

    Тынығу

     2-қосымша

    Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның өткізу формасы

    Білім беру бағдарламалары топтарының нөмірі

    Білім беру бағдарламалары топтарының атауы

    Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның өткізу формасы

    1

    2

    3

    Арнаулы дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтары

    В001

    Педагогика және психология

    Педагогикалық жағдаятты шешу

    В002

    Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

    Педагогикалық жағдаятты шешу

    В003

    Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

    Педагогикалық жағдаятты шешу

    В009

    Математика мұғалімдерін даярлау

    Педагогикалық жағдаятты шешу

    В010

    Физика мұғалімдерін даярлау

    Педагогикалық жағдаятты шешу

    В011

    Информатика мұғалімдерін даярлау

    Педагогикалық жағдаятты шешу

    В012

    Химия мұғалімдерін даярлау

    Педагогикалық жағдаятты шешу

    В013

    Биология мұғалімдерін даярлау

    Педагогикалық жағдаятты шешу

    В014

    География мұғалімдерін даярлау

    Педагогикалық жағдаятты шешу

    В015

    Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

    Педагогикалық жағдаятты шешу

    В016

    Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

    Педагогикалық жағдаятты шешу

    В017

    Орыс тілі мен  әдебиеті мұғалімдерін даярлау

    Педагогикалық жағдаятты шешу

    В018

    Шет тілі мұғалімдерін даярлау

    Педагогикалық жағдаятты шешу

    Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтары

    1

    2

    3*

    4

    В004

    Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау

    Спорт түрлері бойынша нормативтер

    Спорт ойындары

    В005

    Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

    Мамандану бойынша нормативтер

    Жалпы дене даярлығы бойынша нормативтер

    В006

    Музыка мұғалімдерін даярлау

    Орындау шеберлігі

    Жалпы музыкалық қабілетін көрсету

    В007

    Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау

    Сурет (адам бетінің гипстен жасалған маскасының суреті)

    Кескіндеме (натюрморт)

    В027

    Театр өнері

    Актерлік шеберлік, сахна тілі

    Би, вокал немесе коллоквиум

    В028

    Хореография

    Орындау шеберлігі

    Коллоквиум. Балетмейстер өнері бойынша тәжірибелік жұмыс.

    В030

    Бейнелеу өнері

    Сурет, кескіндеме

    Композиция

    В031

    Сән, интерьер дизайны және өнеркәсіп дизайны

    Реферат немесе арт-жобаны таныстыру.

    Сурет, кескіндеме.

    Коллоквиум.

    Композиция немесе сызу.

    В073

    Сәулет

    Сурет

    Сызу

    В092

    Тынығу

    Орындау шеберлігі

    Ұйымдастыру-қойылым жұмысының негіздері

                 

    * қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша «В029 - Аудиовизуалды құрылғылар және медиа өндіріс» білім беру бағдарламалары тобын қоспағанда

    Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларына оқуға қабылдаудың қағидалары

    1. Осы Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді.

    2. М. Әуезов атындағы ОҚМУ (бұдан әрі – ОҚМУ) магистранттарын, докторанттарын қабылдау ғылыми-педагогикалық және бейінді бағыттар бойынша кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы, сондай-ақ білім алушылардың өз қаражаты және өзге де көздер есебінен оқу ақысын төлеуі арқылы жүзеге асырылады.

    3. Магистратураға және докторантураға тұлғаларды қабылдау кешенді тестілеу (бұдан әрі - КТ) немесе түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

    4. ОҚМУ-ға шетел азаматтарын ақылы негізде қабылдау қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесудің нәтижесі бойынша жүзеге асырылады.

    5. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар заңнамамен белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5135 болып тіркелген) Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларына сәйкес танылады немесе нострификацияланады.

    6. ОҚМУ қабылдау комиссиясы жүзеге асырады:

    1) түсушілерге таңдаған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары тобының мәселелері бойынша консультация беру, КТ және/немесе түсу (шығармашылық) емтиханының рәсімімен таныстыруды;

    2) түсушілердің құжаттарын қабылдау мен тексеруді ұйымдастыруды;

    3) КТ-ға кіруге рұқсаттамалары мен белгіленген үлгідегі КТ сертификаттарын беруді қамтамасыз етуді;

    4) білім беру бағдарламаларының тобы бойынша түсу (шығармашылық) емтихандарды өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады.

    7. Магистратура және докторантураға түсушілердің өтініштерін қабылдау комиссиясы ақпараттық жүйе арқылы жүргізіледі. Өтініштерді қабылдау мерзімі күнтізбелік жылдың 3 – 25 шілде аралығында.

    КТ, білім беру бағдарламаларының тобы бойынша түсу емтихандары, шығармашылық емтихандар күнтізбелік жылдың 8 – 16 тамызы аралығында, қабылдау күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейін жүргізіледі.

    8. Магистратураға жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын игерген тұлғалар қабылданады.

    9. Магистратураға түсуші тұлғалар қабылдау комиссиясына ақпараттық жүйе арқылы мынадай құжаттарды тапсырады:

    1) белгіленген нысанда өтінішті;

    2) жоғары білімі туралы құжатты (түпнұсқа, қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыру кезінде);

    3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

    4) 3x4 сантиметр өлшемді алты фотосурет;

    5) 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;

    6) осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болған жағдайда).

    Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру түсушінің қатысуымен жүргізіледі.Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

    Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.

    10. Магистратураға түсуші тұлғалар шет тілі (таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз) бойынша тесттен, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен, оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі тесттен тұратын КТ тапсырады.

    Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға түсуші тұлғалар ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен және оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі тесттен тұратын КТ тапсырады.

    Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларыныңтоптарыбойынша магистратураға түсуші тұлғалар:

    1) шет тілі (таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз) бойынша тесттен, оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі тесттен тұратын КТ;

    2) білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша екі шығармашылық емтихан тапсырады.

    11. Білім беру бағдарламалар тобының бейіні бойынша шығармашылық емтихандар осы Қағидадағы 1 - қосымшаға сәйкес өткізіледі.

    Магистратураға шығармашылық емтиханды өткізу кезеңінде ОҚМУ-да шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша емтихан комиссиясы құрылады. Кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша бір емтихан комиссиясын құруға жол беріледі.

    Емтихан комиссияларының құрамы тиісті бейінге сәйкес ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі бар немесе философия докторы (PhD) дәрежесі бар профессор-оқытушылық құрамының қатарынан қалыптастырылады және ректор немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен бекітіледі.

    Шығармашылық емтихандарын өткізу бағдарламалары қабылдау комиссиясының төрағасымен бекітіледі.

    Шығармашылық емтихандарың кестесі (емтихан өткізу нысаны, күні, уақыты мен өткізу орны, консультациялар) қабылдау комиссиясының төрағасымен бекітіледі және түсушілердің назарына құжат қабылдау уақытынан кешіктірілмей жеткізіледі.

    Шығармашылық емтихандар бейне және (немесе) аудиожазбамен жабдықталған аудиторияларда (орындарда) өткізіледі.

    Шығармашылық емтихан өткізу қорытындысыныңбаға ведомосы еркін түрде комиссия хаттамасымен рәсімделеді және нәтижелерді хабарлау үшін қабылдау комиссиясының жауапты хатшысына (оның орынбасарына) беріледі. Комиссия хаттамасына төрағаның және барлық қатысқан комиссия мүшелерінің қолы қойылады.

    12. Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық сертификаттары бар тұлғалар мынадай тілдер бойынша магистратураға КТ-ның шет тілі бойынша тестінен босатылады:

    ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm  (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг программ) (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АЙТИПИ) – кемінде 163 балл),

    Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm(Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм) Internet-based Test (Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл – кемінде 46),

    Test of English as a Foreign Language Paper-based testing (TOEFL PBT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг)) шекті балл – кемінде453,

    Test of English as a Foreign Language Paper-delivered testing (TOEFL PDT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер деливерэд тэстинг)) – шекті балл – кемінде 65),

    International English Language Tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем (IELTS (АЙЛТС), шекті балл – кемінде 5.5);

    неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, Niveau C1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (Niveau C1/С1 деңгейі);

    француз тілі: Test de Franзais International™ -Тест де франсэ Интернасиональ (TFI (ТФИ) – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue franзaise - Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (ДЭЛФ), B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Languefranзaise - Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (DALF (ДАЛФ), C1 деңгейі),Test de connaissance du franзais - Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF(ТСФ) – кемінде 400 балл).

    «Педагогикалық ғылымдар», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы» білім беру салаларының білім беру топтары бағдарламаларына, сонымен қатар «Гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар», «Бизнес және басқару» кадрларын даярлау бағыттары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар осы Қағидадағы 2 - қосымшаға сәйкес балдармен Graduate Record Examinations (грэдуэйт рекорд экзаменейшен) GREстандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты бар болған жағдайда оқыту қазақ немес орыс тілінде жүргізілетін магистратуруға түсу үшін КТ-дан босатылады.

    «Педагогикалық ғылымдар», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы» білім беру салаларының білім беру топтары бағдарламаларына, сонымен қатар«Гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар», «Бизнес және басқару» кадрларын даярлау бағыттары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар осы Қағидадағы 3 - қосымшаға сәйкес балдармен Graduate Record Examinations (грэдуэйт рекорд экзаменейшен) GRE стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты бар болған жағдайда оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратуруға түсу үшін КТ-ден босатылады.

    «Бизнес және басқару» мамандарын даярлау бағыттарының білім беру бағдарламалары топтары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар осы Қағидадағы 4-қосымшаға сәйкес балдармен Graduate Management Admission Test (грэдуэйт мэнэджмент адмишентест) GMATстандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты бар болған жағдайда оқыту қазақ немес орыс тілінде жүргізілетін магистратураға түсу үшін КТ-дан босатылады.

    13. Докторантураға «магистр» дәрежесі және кемінде 1 жыл еңбек өтілі бар тұлғалар қабылданады.

    14. Докторантураға түсуші тұлғалар қабылдау комиссиясына ақпараттық жүйе арқылы келесідей құжаттарды тапсырады:

    1) өтінішті (еркін түрде);

    2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

    3) білімі туралы құжатты (түпнұсқа, қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыру кезінде);

    4) шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификатын;

    5) 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;

    6) 3x4 сантиметр өлшемді алты фотосурет;

    7) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы немесе жұмыс орны бойынша кадр бөлімі растаған еңбек қызметін растайтын өзге де құжатты;

    8) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімін (бар болған жағдайда);

    Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру түсушінің қатысуымен жүргізіледі.Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

    Осы тармақта  көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.

    15. Докторантураға түсушілер шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттарын ұсынады:

    ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm - Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг программ (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АЙТИПИ) – кемінде 138 балл),

    Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm(Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм) Internet-based Test (Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ),шекті балл – кемінде 32),

    Test of English as a Foreign Language Paper-based testing (TOEFL PBT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг)) шекті балл – кемінде 400,

    Test of English as a Foreign Language Paper-delivered testing (TOEFL PDT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер деливерэд тэстинг)) – шекті балл – кемінде 47),

    International English Language Tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем (IELTS (АЙЛТС), шекті балл – кемінде 4.5);

    неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, Niveau В2/В2 деңгейі), TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (Niveau В2/В2 деңгейі);

    француз тілі: Test de Franзais International™ -Тест де франсэ Интернасиональ (TFI (ТФИ) – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue franзaise - Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (ДЭЛФ), B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Languefranзaise - Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (DALF (ДАЛФ), C1 деңгейі),Test de connaissance du franзais - Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF(ТСФ) – кемінде 400 балл).

    16. 5 - қосымшаға сәйкес докторантураның білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтиханы ауызша-жазбаша жүргізіледі.

    17. Докторантураға түсу емтихандарын өткізу кезеңінде білім беру бағдарламаларының топтары бойынша емтихан комиссиялары құрылады. Кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша бір емтихан комиссиясын құруға жол беріледі.

    18. Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша емтихан комиссиялары тиісті бейінге сәйкес ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі бар немесе философия докторы (PhD) дәрежесі бар профессор-оқытушылық құрамының қатарынан қалыптастырылады.

    Емтихан комиссиясының құрамы олардың төрағалары көрсетіле отырып ректор бұйрығымен бекітіледі.

    Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтихандарының өткізу бағдарламасы мен кестесі (емтиханды өткізу нысаны, күні, уақыты, емтихан тапсыру орны, консультациялар) әзірленіп қабылдау комиссиясының төрағасымен бекітіледі.

    Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтихандары бейне және жазбамен жабдықталған аудиторияларда (орындарда) өткізіледі.

    Түсу емтиханын өткізу қорытындысының баға ведомосы еркін түрде комиссия хаттамасымен рәсімделеді және нәтижелерді хабарлау үшін қабылдау комиссиясының жауапты хатшысына (оның орынбасарына) беріледі. Комиссия хаттамасына төрағаның және барлық қатысқан комиссия мүшелерінің қолы қойылады.

    «Педагогикалық ғылымдар», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы» білім беру салаларының білім беру топтары бағдарламаларына, сонымен қатар «Гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар», «Бизнес және басқару» кадрларын даярлау бағыттары бойынша түсуші тұлғалар осы Қағидадағы 6 - қосымшаға сәйкес балдармен Graduate Record Examinations (грэдуэйт рекорд экзаменейшен) GRE стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты бар болған жағдайда докторантураға түсу емтиханынан босатылады.

    19. Магистратураға тұлғаларды қабылдау КТ қорытындылары бойынша осы Қағидағы 7 - қосымшаға сәйкес оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 150 балдық бағалау жүйесінің шәкіліне сәйкес кемінде 75 балл, оның ішінде: шет тілі бойынша – кемінде 25 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 15 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 20 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 15 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.

    Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға тұлғаларды қабылдау КТ қорытындылары бойынша осы Қағидадағы 8 - қосымшаға сәйкес оқыту ағылшын тілдерінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 100-балдық бағалау жүйесінің шәкіліне сәйкес кемінде 25 балл, оның ішінде оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 8 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдау бойынша – кемінде 10 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.

    Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша магистратураға қабылдау КТ және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша шығармашылық емтихандардың нәтижелері бойынша7 - қосымшаға сәйкес кемінде 74 балл, оның ішінде: шет тілі бойынша – кемінде 25 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 15 балл жәнебілім беру бағдарламалары тобының бейіні бойыншаәр шығармашылық емтиханнан - кемінде 17 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады. Әр шығармашылық емтиханнан ең жоғарғы балл – 35 балл.

    Докторантураға тұлғаларды қабылдау шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификатының негізінде және білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша түсу емтиханыныңқорытындысы бойыншамүмкін болған 100 балдан кемінде 50 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.

    20. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алу үшінКТ және (немесе) түсу емтиханының және (немесе) шығармашылық емтихандардың жиынтығы бойынша ең жоғары балл жинаған тұлғалар конкурстық негізде қабылданады:

    1) оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін ғылыми-педагогикалық және бейінді магистратура үшін, оның ішінде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы үшін 7 - қосымшаға сәйкес – кемінде 75 балл;

    2) оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратура үшін 8 - қосымшаға сәйкес – кемінде 60 балл;

    21. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша докторантурада білім алу үшін түсу емтиханынан кемінде 75 балл жинаған тұлғалар конкурстық негізде қабылданады.

    22. Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда докторантураға қабылдау кезінде басым құқық білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі. Содан соң таңдаған білім беру бағдарламалары тобының бейініне сәйкес ғылыми жетістіктері: ғылыми жарияланымдар, оның ішінде рейтингтік ғылыми жарияланымдар; ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер; ғылыми стипендияларды, гранттарды тағайындау туралы сертификаттар; ғылыми конференцияларға және конкурстарға қатысқаны үшін берілген грамоталар/дипломдар ескеріледі.

    1-қосымша

    Шығармашылық емтихан өткізілетін білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі

    Білім бағдарламалар тобының коды

    Білім бағдарламалар тобы

    1-пән

    2 - пән

    M036

    Хореография

    Шығармашылық емтихан

    Рефераттықорғау

    M040

    Кескіндеме

    Шығармашылық емтихан

    Рефераттықорғау

    M041

    Графика

    Шығармашылық емтихан

    Рефераттықорғау

    M044

    Сән, интерьер дизайны жәнеөнеркәсіптік дизайн

    Шығармашылық емтихан

    Рефераттықорғау

    2-қосымша

    GRE стандартталған тесттің халықаралық сертификатының балдарын оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін КТ балдарына ауыстыру шкаласы

    GRE халықаралық стандартталған тест

    Кешенді тестілеу

    Тест секциялары

    «Педагогикалық ғылымдар» білім салаларына арналған, «Гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар» кадрларды даярлау бағыттарына арналған балдар

    «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика», «Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар», «Инженерлік, өңдейтін және құрылыс салалары» білім салаларына арналған, «Бизнес және басқару» кадрларды даярлау бағыттарына арналған балдар

    Тестілеу түрлері

    Балл

    Quantitative Reasoning

    кемінде 155 балл

    кемінде 160 балл

    Оқуғадайындығынанықтауғаарналғантест

    30

    Білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша тест

    70

    Verbal Reasoning

    145 балдан кем емес

    кемінде 140 балл

    Шет тілі бойынша тест

    50

    Analytical Writing

    3 балдан кем емес

    2 балдан кем емес

    3-қосымша

    GRE стандартталған тесттің халықаралық сертификатының балдарын оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін КТ балдарына ауыстыру шкаласы

    GRE халықаралық стандартталғантест

    Кешенді тестілеу

    Тест секциялары

     «Педагогикалық ғылымдар» білім салаларына арналған, «Гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар» кадрларды даярлау бағыттарына арналған балдар

    «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика», «Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар», «Инженерлік, өңдейтін және құрылыс салалары» білім салаларына арналған, «Бизнес және басқару» кадрларды даярлау бағыттарына арналған балдар

    Тестілеу түрлері

    Балл

    Quantitative Reasoning

    кемінде 155 балл

    160 балдан кем емес

    Оқуғадайындығынанықтауғаарналғантест

    30

    Білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша тест

    70

    4-қосымша

    GMAT стандартталған тесттің халықаралық сертификатының балдарын оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін КТ балдарына ауыстыру шкаласы

    GMAT халықаралық стандартталған тест

    Кешенді тестілеу

    Тест секциялары

    «Бизнес и басқару»

    кадрларды даярлау бағыттарына арналған балдар

    Тест түрлері

    Балл

    Quantitative Reasoning

    кемінде 40 балл

    Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест

    30

    Integrated Reasoning

    кемінде 4 балл

    Білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша тест

    70

    Verbal Reasoning

    кемінде 20 балл

    Шет тілі бойынша тест

    50

    Analytical Writing

    кемінде 3 балл

    5 - қосымша

    Докторантура білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі

    Білім беру бағдарламасы тобының нөмірі

    Докторантура білім беру бағдарламасы тобының атауы

    D001

    Педагогика және психология

    D008

    Кәсіптік оқыту педагогтерін даярлау

    D010

    Математика педагогтерін даярлау

    D012

    Информатика педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшынтілі)

    D060

    Филология

    D070

    Экономика

    D082

    Биотехнология

    D087

    Қоршаған ортаны қорғаут ехнологиясы

    D092

    Математика және статистика

    D097

    Химиялық инженерия және процесстер

    D103

    Механикажәнеметаллөңдеу

    D114

    Тоқыма: киім, аяқ-киім және былғары бұйымдар

    D124

    Құрылыс

    D125

    Құрылысматериалдарының, бұйымдарыныңжәнеқұрастырылымдарыныңөндірісі

    D144

    Босуақыт

    D145

    Мейрамханаісіжәнемейманханабизнесі

    D146

    Санитарлық-профилактикалықіс-шаралар

     

    6 - қосымша

    GRE стандартталған тесттің халықаралық сертификатының балдарын докторантураға түсу емтиханы балдарына ауыстыру шкаласы

    GRE халықаралық стандартталғантест

    Түсу емтихандары

    Тест секциялары

    «Педагогикалық ғылымдар» білім салаларына арналған, «Гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар» кадрларды даярлау бағыттарына арналған балдар

    «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика», «Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар», «Инженерлік, өңдейтін және құрылыс салалары» білім салаларына арналған, «Бизнес және басқару» кадрларды даярлау бағыттарына арналған балдар

     

    Балл

    Quantitative Reasoning

    кемінде 159 балл

    кемінде 164 балл

    Білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша түсу емтиханы

    100

    Verbal Reasoning

    149 балдан кем емес

    145 балдан кем емес

    Жалпы еуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат

    100

    Analytical Writing

     

    3 балдан кем емес

    2 балдан кем емес

    7 - қосымша

    Оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 150 балдық бағалау жүйесінің шәкілі

    Тесттүрлері

    Тапсырманы саны

    Тапсыру тілі

    Тест саны

    Балл

    Шекті балл

    Шет тілі бойынша тест

    Тыңдалым

    Лексико-грамматикалық тест

    Оқылым

    Ағылшын/

    Неміс/

    Француз

    50

    50

    25

    Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест

    Бір дұрыс жауапты таңдау

    Қазақ/ Орыс

    30

    30

    15

    Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест *

    Бір дұрыс жауапты таңдау

    Қазақ/ Орыс

    30

    30

    15

    Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау

    Қазақ/ Орыс

    20

    40

    20

    Барлығы

     

    130

    150

    75**

    * шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша магистратураға түсу үшін шығармашылық емтихандар тапсырылады

    ** шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша магистратураға қабылдау үшін шекті балл – 74 балл.

    8 - қосымша

    Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 100 балдық бағалау жүйесінің шкаласы

    Тест түрлері

    Тапсырма нысаны

    Тапсыру тілі

    Тест саны

    Балл

    Шекті балл

    Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест

    Бір дұрыс жауапты таңдау

    Қазақ/Орыс/

    Ағылшын

    30

    30

    7

    Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест

    Бір дұрыс жауапты таңдау

    Ағылшын

    30

    30

    8

    Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау

    Ағылшын

    20

    40

    10

    Барлығы

       

    80

    100

    25