Литва Республикасының Витовта Магнус университетінің өкілдерімен кездесу өтті

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне 2019 жылдың 9 қазанында Литва Республикасының Витовта Магнус  университеті өкілдерінің делегациясы ресми сапармен келді. Делегацияның мақсаты - екі жоғары оқу орынның білім алушылар мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы саласында ынтымақтастық орнату, дәрістер оқуға шетелдік ғалымдарды тарту, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу мәселелерін талқылау.

Шетелдік делегацияның сапары барысында механика және мұнай-газ ісі, құрылыс және көлік факультетінің және ауыл шаруашылығы факультеттерінің басшылығымен және оқытушы-профессорлар құрамымен кездесу өтті.

Кездесу барысында Литвадан келген шетелдік әріптестер Витовта Магнус университетінің құрылу тарихы мен қызметі туралы толық ақпарат берді, сөз соңында қазақстандық әріптестермен ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын айқындады.

Конструктивті диалог нәтижелері бойынша екі Жоғары оқу орны да бакалавриаттың бірлескен білім беру бағдарламасын әзірлеу саласында ынтымақтастық орнатуға дайын екендіктерін білдірді. 2+1+1 қос дипломды бағдарламамен қатар, шетелдік делегация біздің университет ғалымдарын Витовта Магнус университетіне алмасу бағдарламасы бойынша дәрістер оқуға шақырды.

Халықаралық байланыстар орталығы

№ 3 ғимарат, 217 бөлме

Байл.: 87252 21-41-54

upvo-ms-sksu@yandex.kz