"Британ Кеңесі"

2019 жылы 13 мамырда Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Майкл Джон Гиффорд мырза мен саяси және жобалық мәселелер жөніндегі офицер Лариса Волкова ханым М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің бірінші проректоры, з.ғ.к.., доцент Нұрманбетов Қайрат Еңбекшіұлымен кездесті. Елші "Британ Кеңесі" халықаралық ұйымымен бірлесіп құрылған ғылыми-зерттеу басқармасы жанындағы Кәсіби даму және өзара әрекеттестік орталығының жұмысымен танысты.

Бүгінде, Британ Кеңесінің бағдарламасы бойынша Шымкент қаласы мен Түркістан облысы БАҚ өкілдеріне ағылшын тілін оқыту курстары жүргізіліп жатыр.

Оқыту мақсаты - ағылшын тілді жаңалықтарды сүзгілеу және алынған тәжірибені республикалық және халықаралық деңгейде қолдану үшін БАҚ саласындағы тілді білу сапасын арттыру.

Кездесу барысында М. Әуезов атындағы ОҚМУ базасында ағылшын тілін меңгеру тестін тапсыру және сертификаттау – IELTS орталығын ашу мәселесі талқыланды.