«Заманауи білім беру: сын-қатерлер, трендтер және стратегиялар»

Сіздерді  «Заманауи білім беру: сын-қатерлер, трендтер және стратегиялар» атты жаңашыл педагогтардың 2-ші Халықаралық форумына қатысуға шақырамыз.  Форумның өту мерзімі: 25-26 сәуір, 2019 жыл Шымкент қ., Қазақстан Республикасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

Ақпараттық хат

Құрметті әріптестер!

      Сіздерді  «Заманауи білім беру: сын-қатерлер, трендтер және стратегиялар» атты жаңашыл педагогтардың 2-ші Халықаралық форумына қатысуға шақырамыз.

 Форумның өту мерзімі: 25-26 сәуір, 2019 жыл

Шымкент қ., Қазақстан Республикасы

Форумның мақсаты: кәсіби тәжірибені жинақтау және насихатау, оқытушылардың шығармашылық әлеуетін ашып, ҚР жоғары оқу орындарында ғылыми-әдістемелік деңгейді және оқыту  сапасын жақсартуға ықпал ету.

Форумның міндеті: Қазақстан Республикасы, ТМД  және шетелдік жоғары оқу орындары арасында байланысты кеңейту және тәжірибе алмасу, оқытушылардың кәсібилігін,  педагогтардың кәсіби деңгейінің  өсуіне қолдау жасау.

Жаңашыл педагогтардың 2-ші Халықаралық форумы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

  1. Заманауи білім берудегі әлемдік трендтер мен стратегиялар;
  2. Қазақстан Республикасындағы болашақ білім беру трендтері.

Форум жұмысына қатысу үшін ҚР мектептері мен колледж оқытушылары, ЖОО докторанттары мен магистранттары, жас ғалымдар, профессор-оқытушылар құрамы шақырылады.

Форум барысында төмендегідей байқаулар ұйымдастырылады:

- Пәннің Үздік оқу-әдістемелік кешені;

-Үздік оқулық (оқу құралы);

- Үздік кейс;

- Үздік портфолио;

- Үздік электрондық окулық (ПОӘК);

- Үздік мультимедиалық презентация;

- Үздік бейнефильм;

- Инновациялық әзірлемелер көрмесі.

Ашық дәрістер, шеберлік-кластар, тренингтер өтеді.

Конкурсқа  қатысу үшін 2017 жылдың қыркүйек айынан 2019 жылдың сәуір айы аралығында әзірленген және басылымнан шыққан материалдар инновациялық көрмеге ұсынылады.

Форум шеңберінде қашықтықтан бейнеконференция түрінде баяндамалар жасау және қатысушылар ұсынысы бойынша жаңа байқау түрлерін енгізу мүмкіндіктері қарастырылған.

Конкурсқа қатысты мақалалар мен материалдарды 2019 жылдың 15 сәуіріне дейін   жіберу қажет.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

160000,  Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Тауке хан даңғылы,  5, ОҚМУ Академиялық мәселелер жөніндегі департамент, Білім беру бағдарламалары әдістемелік қамтамасыз ету орталығы - бас ғимарат, 2 қабат, 200 каб, байланыс телефоны: 8 (7252) 21-06-93, форум координаторы –Тасыбаева Ш.Б.  сымт.8-701-746-10-12

Электронды почта: ped.forum@ukgu.kz

Барлық ақпарат  -www.ukgu.kz, М.Әуезов атындағы ОҚМУ сайтында және келесі әлеуметтік желілерде көрсетілген.

Facebook www.facebook.com/official.kz

Instagram www.instagam.com/official.ukgu.kz vk.com/ukgukz

twitter.com.ukgukz.

Форум қорытындысы бойынша мақалалар жинағын басылымнан шығару жоспарлануда.

Форум еңбектері жинағын басып шығаруға ұйымдастырушылық жарна 4500 теңгені құрайды.

Форумға қатысушылардың жол, тамақ, тұратын жерінің шығындарын қатысушы өзі немесе жіберген ЖОО өздері төлейді.

Банк реквизиттері:

М.Әуезов атындағы ОҚМУ ШЖҚ РМК 

Шымкент қ, Тәуке хан даңғылы, 5

«Евразийский банк» АҚ

РНН 582100003432

ИИК  KZ 9894815KZT22032170

БИК  EURIKZKA

Код 16

БИН 990240005557

Ескерту: «Төлем мақсаты» өрісінде «Халықаралық жаңашыл-педагог форумы, 2019» деп көрсету қажет.

Тіркеу жарнасы ақысының төленген түбіртек көшірмесін ped.forum@ukgu.kz электронды пошта мекенжайына жіберіңіздер.  

«Заманауи білім беру: сын-қатерлер, үрдістер және стратегиялар» атты жаңашыл педагогтардың  2-ші  Халықаралық  форумына

Қатысуға сұраным  25-26 сәуір 2019 ж.

Қала 

 

ЖОО

 

Автордың аты жөні (қосалқы автордың)

 

Жұмыс орны

 

Қызметі

 

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

 

Мақала аталуы (баяндама) (бағыт нөмірі мен атауы)

 

Байқауға қатысуы

 

- байқау атауы

 

- On-lien ашық сабақты өткізу (сабақтың түрін, тақырыбын көрсетуі)

 

- көрмелерге қатысу

 

- Форум аясында шеберлік-класын, тренингтер  жүргізу (қажетті жабдықтарды, тақырыпты көрсету және ұйымдастыру комитетімен алдын-ала байланысу) 

 

- телеконференцияларға қатысу / сырттай қатысу

 

Байланыс телефоны 

 

Электронды мекен жайы (e-mail) 

 

Пошталық адрес (қажеттілік болғанда жинақ жіберу)

 

Қонақ үйге алдын ала тапсырыс (ия, жоқ)

 

 

Мақалаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар

  1. Мақала көлемі -  3-10 бет;
  2. Мақала  Microsoft Word редакторында терілуі тиіс
  3. Қағаз форматы – А4
  4. Шеткі сызықтары: жоғарғы – 2 см, төменгі – 2 см,  сол жағы –2 см, оң жағы – 2 см
  5. Шрифттердің көлемі: мақаланың мәтіні – 11 кегль.

                                         формулалар – 11 кегль.

                                         әдебиеттер тізімі – 10 кегль.

  1. Шрифттердің түрі: Times New Roman
  2. Жоларалық қашықтық – 1 (ені бойынша түзету)
  3. Абзац - 1,25 см

Мақаланың құрылысы:

Материал төмендегідей тәртіппен орналастырылады: сол жақ жоғары бұрышта ОӘЖ индексі көрсетіледі, бір қатардан соң мақаланың атауы қалыңдатылған шрифтпен бас әріптермен жазылады, атаудан кейін 1 жол аралығынан соң авторлардың аты-жөні, кейіннен 1 жолдан соң авторлардың жұмыс істейтін ұйымның атауы, қала жазылады. Бұдан кейін орыс тілінде жазылған мақалаларға түйіндеме және  summary, қазақ тілінде жазылған мақалаларға резюме и summary, ал ағылшын тілінде жазылған мақалаларға түйіндеме және резюме курсивпен жазылады. Кейіннен бір жолдан соң негізгі мәтін басылады. Пайдаланылған әдебиеттер негізгі мәтіннің соңында бір жол тастап келтіріледі. Мақаланың соңында ұсыныстар келтірілуі тиіс.

Мақаланың мәтіні (беттердің номерлерін көрсетпей) және сұранымы  ped.forum@ukgu.kz электронды пошта адресіне немесе электронды түрде дискіде ұсынылады (файлдардың аталуында бірінші автордың аты-жөні тұру қажет және сұраныммен бірге бір файл боп беріледі). Авторлардың саны 3 адамнан аспау қажет. Бір автордың тегі үш реттен қайталанбау керек.

Мақала мәтіні редакцияланбайды және тұпнұсқа ретінде қабылданады. Еңбектердің жиынтығы тура көшіру әдіспен жинақталады.

Көрсетілген мерзімнен кейін берілген немесе талаптарға сай емес материалдар қабылданбайды, баспаға ұсынылмайды және материалдар қайтарылмайды.

Сондықтан ұсынылатын материалдардың жоғарыда аталған талаптарға сәйкестігіне мұқият көңіл аударуларыңызды сұранамыз, себебі аударылған төлем ақылар қайтарылмайды.

Мақаланы рәсімдеу үлгісі:

ӘОЖ (10 пт)

 

ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОЛДАРЫ: ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ

(11 пт)

 

Асанов Б.М.  (11пт)

п.ғ.к, доцент (10пт)

М.Әуезов атындағы ОҚМУ,

Шымкент, Казахстан (10пт)

 

Резюме (Түйін) (10пт)

 

Summary (10пт)

 

Баяндаманың негізгі мәтіні (11 пт)

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Әдебиеттер (11 пт)

 

1

2