М. Әуезов атындағы ОҚМУ жас ғалымдары Мәскеуді бағындырды!

"Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы" кафедрасының 2 курс PhD докторанты және М. Әуезов атын. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Жас ғалымдар кеңесі төрағасының орынбасары - Нұрғали Надырұлы Жаникулов Мәскеу қаласында М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің базасында өткен студенттер, аспиранттар мен жас ғалымдардың "Ломоносов-2019" Халықаралық ғылыми конференциясына қатысты. Конференция жұмысына әлемнің түкпір-түкпірінен барлығы 27455-тен астам өтінім беріліп, 19846 қатысушы шақырылды. Конференция қазіргі заманғы іргелі және қолданбалы ғылымның барлық бағыттарын көрсететін 38 секция бойынша жұмыс істеді.

Нұрғали Надырұлы Жаникулов "Химия" секциясы бойынша конференцияға, "Химиялық технология және жаңа материалдар" секциясына қатысты, жалпы 300 өтінім берілген, соның ішінде 30 ауызша және 50 стендтік баяндамаға іріктеліп алынған.

Стендтік баяндамалардың нәтижелері бойынша Нұрғали Жаникулов "Техногенді өнімдердің клинкер түзілу процестеріне әсерін зерттеу" тақырыбы бойынша үздік ғылыми зерттеулер жүргізгені үшін Ломоносов – 2019 конференциясының дипломына ие болды, жетекшісі т.ғ. д., профессор Таймасов Бахитжан Таймасұлы.