ОҚМУ-нің бітіруші магистранттарына дипломдар табыс етілді

2019 жылдың 4 сәуірінде М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің бітіруші магистранттарына дипломдар табыс етілді.

Ағымдағы оқу жылында 385 магистрант оқуын аяқтады, олардың 358-і ИИМДБ-2 бағдарламасы бойынша, ал 27-і - GMAT бағдарламасы бойынша.

Үздіктер мен белсенділерге арналған дипломдарды біздің университетіміздің бірінші проректоры, доцент Қ.Е.Нұрманбетов табыстады. Қайрат Еңбекшіұлы магистранттарды бітіруімен құттықтап, біздің ғылыми мектептеріміздің лайықты ізбасарлары болатындығына сенім білдірді.

«Амангелді» ЖШС бас директорының орынбасары Жақыпбеков Дінмұхамед Сапарұлы бітірушілерге құттықтау сөз сөйледі: «Университеттің миссиясы - біздің ауқымды, көп қырлы еліміз үшін технологтарды дайындау. Сіздерге жақсы, жемісті мансап тілеймін».

6М011200-«Химия» мамандығы бойынша білім магистрі Назгүл Камбекова бітіруші түлектердің атынан алғысын жеткізді: «Барлық оқытушыларға, барлық университет қызметкерлеріне кәсіби деңгейде бізге жұмсалған жұмыстарға алғысымды білдіргім келеді».