Құрметті мектеп бітіруші түлектер!

Сипаттама

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ЗАҢТАНУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ФАКУЛЬТЕТІ

Құрметті мектеп бітіруші түлектер!

2019 «Жастар жылы» аясында жастар арасында «Құқықтану» мамандығының маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыру, бәсекеге қабілетті жастарды ынталандыру, жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыру мақсатында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің  «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультеті 19-20 наурыз күндері Түркістан облысы және Шымкент қаласының мектеп бітіруші түлектері арасында «Адам. Қоғам. Құқық» және «Дүние жүзі тарихы» пәндерінен пәндік олимпиада ұйымдастыруда.

Олимпиада қорытындысы бойынша 1-ші орын иеленген жеңімпазға М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша 4 жыл тегін білім алу құқығын беретін «Университет гранты» тапсырылады.

Түркістан облысы және Шымкент қаласының мектеп бітіруші 11-сынып оқушыларын пәндік олимпиадаға қатысуға шақырамыз.

 

Ұйымдастыру комитеті

«Заңтану және халықаалық қатынастар» факультеті

Қосымша ақпараттар үшін анықтама телефоны:

 8(7252) 21-07-79,

қосымша ұялы тел.: 87052858322, 87072858322

Е- mail: gulbakyt_dulat88@mail.ru

Start Date - End Date

Feb 26th, 2019 - Feb 26th, 2019

Start Time - End Time

5:45 pm - 5:45 pm

Event Location

Cost

Категория

Тэгтар

Organizer

Phone

Email

Share This