«Археологиялық зерттеулер» Ғылыми-зерттеу институты

Мақсаты: Басты мақсат - Оңтүстік Қазақстанның бай мәдени мұраларын зерттеуге бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстары.

Міндеті: Бөлімнің басты міндеті – Қола дәуірінен бастап кейінгі Ортағасырға дейінгі оңтүстік Қазақстанның ең маңызды қала мәдениетінің ескерткіштерін зерттеу.

«Археологиялық зерттеулер» Ғылыми-зерттеу институты дайындаған негізгі жетістіктері, зерттеу нәтижелері, патенттері, мақалалары: Ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында, сонымен қатар  ҚР БҒМ гранттық қаржыландыруы аясында, Оңтүстік Қазақстан аумағындағы археологиялық ескерткіштерде жүргізілген зерттеу жұмыстарына қатысты. Археологиялық экспедиция тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Байтанаев Б.Ә. басқарды. Оның басшылығымен 2002-2009 жж. аралғында Біркөлік тұрағы мен қорымдары, Сайрам және Шымкент қалашықтары сияқты ескерткіштерде зерттеулер жүргізіліп, нәтижесінде біздің аумағымыздың тарихының көптеген беттер ашатын материалдық және рухани мәдениетінің олжалары жиналып, өз кезегінде олар республикалық мұражай қорларында сақталуда. 

ХІХ ғ. орыс гарнизонымен байланысты Шымкент қалашығының шахристан

бекініс қабырғаларындағы екі қапталды мұнаралар мен оған қосылған ғимараттар

Шахристан бекініс қабырғаларының сыртқы шебін тазалау процессі

Қарахан кезеңіне жататын монша (X-XII ғғ.), Ә.Х. Марғұлан ат. Археология институтымен бірге 2013 жылы зерттелген Сайрам қалашығының шахристанының орталық бөлігінде ашылды.

Экспедиция басшысы Б.Ә. Байтанаев пен «Археологиялық зерттеулер» ҒЗИ қызметкерлері арасында қазба жұмысы барысын ақылдасу процессі 

Сайрам қалашығындағы моншаны ашу барысында табылған ортағасырлық керамика

2012-2013 жылдар аралығындағы далалық маусымында ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері ҚР БҒМ гранттық қаржыландыруы аясында «Қайтпас қорымдарын археологиялық зерттеу» тақырыбы бойынша археологиялық зерттеулер жүргізді. Аталған тақырып бойынша Қайтпас қорымдарының ескерткіштері зерттелді.  Бұл қорғандар топырақ үйінділерінен құралып, моншақ тәріздес созылып жатыр. Қорымдар Шымкент қаласының солтүстік шетінде қазіргі Қайтпас шағын ауданында орналасқан. Нәтижесінде қорған сияқты археологиялық ескерткіштер туралы қазіргі таңда маңызды болып табылатын көптеген мағлұматтар алынды. Бүкіл кезеңді тұтастай алғанда 8 әртүрлі көлемдегі бір камералық қабірден тұратын қорымдары зерттелді. №8 қорғанда жерлеудің жаңа түрі ашылды – Г-пішінді  катакомбалық жерлеу, ол өз кезегінде археология ғылымында бұрын сонды ашылмаған жаңалықтардың бірі болды. Шамамен барлық қабірлер тоңалған. Алынған материалдар керамикалық ыдыстардың бірнеше қалдықтары (кездейсоқ және бүтін формадағы), киім атрибуттары: теңіз мекендеушілері бейнеленген 2 алтын диск, жұқалтыр қалдықтары, сондай-ақ тас бұйымдар. Олжалар кешені шамамен б.з.д. IV – II ғғ. жатады. Оңтүстік Қазақстан үшін осындай артефактілердің болуы, топырақ қабірлерінің архитектурасының ерекшелігі темір ғасырының тайпаларының мәдениетінің әсері үлкен болғандығы туралы ойды тудырады.

Қайтпас қорымы №3 қабірінің камерасын ашу барысы. Б.з.д. IV-II ғғ. Теңіз мекендеушілерінің бейнесі бейнеленген алтын дисктер.

 

 Қайтпас қорымдарының № 8 қорғанындағы «Г»-пішінді катакомбаның қабірін ашу сәті

Ханқорған елді мекеніндегі моншаны қазу кезінде табылған остеологиялық материалдарды М.Әуезов ат. ОҚМУ-дегі республикалық антропологиялық орталыққа өткізу процессі, 2016 ж. далалық маусым.

Археолог ғалымдардың қазу нәтижесін ақылдасу сәті

2017 жылы ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері Алматы қаласында өткен «Heritage Impact Assessment for Cultural, Natural and Mixed World Heritage Properties» (Мәдениет, табиғи және аралас Бүкіләлемдік мұра нысандарына мұраның әсерін бағалау) атты семинарға қатысты. Осы семинардың тақырыбы бойынша көптеген археологиялық ескерткіштер консервациялау және сақтау саласындағы кейінге қалдыруға болмайтын іс-шараларды қажет ететеді. Ал ол нысан туралы барынша толық ақпаратты жинамайынша жасау мүмкін емес. Семинарда ақпарат жинау әдістері қарастырылды. Қатысушылар жаңа технологияларды қолдана отырып, археологиялық құжаттаманың жаңа әдістерімен танысты. Орындалу сапасы, қарапайымдылығы және қол жетімділігі тұрғысынан ең тиімді болып табылатын 3 өлшемді құжаттамасының әдістері көрсетілген. Әлбетте, алынған дағдылар М. Әуезов ат. ОҚМУ келешектегі археологиялық экспедициясының зерттеулерінде пайдаланылатын болады.

Халықаралық семинар Heritage Impact Assessment for Cultural, Natural and Mixed World Heritage Properties қатысушылары, Алматы, 2016 ж.

Ғылыми-зерттеу институты мұрағаттарда да жұмыс жүргізеді. ҒЗИ қызметкері Ю. А. Елгин «Археологические и историко-архитектурные исследования мавзолея Ходжи Ахмеда Ясави в начале ХХ в.» тақырыбы бойынша материалдарды зерттеу жұмыстарын жүргізді. Өзбекстан Республикасының ОМА-ның Сердазкомстарис қорында, академиг М.Е. Массонның жеке мұрағат қорында, сәулетші Б.Н Засыпкин, Л.Ю. Маньковский және т.б. зерттеу негізінде «Н.М. Бачинский. Ремонт мавзолея Ходжи Ахмеда Ясави в 1928 году» мақаласы дайындалды. 1928-1930 жылдардағы жөндеу жұмыстары Ясауи кесенесінде жүргізілген алғашқы кәсіби археологиялық зерттеулерін қамтитын революциядан кейінгі ескерткіштің сақталуы бойынша алғашқы және ең маңызды іс – шаралар бір болғандығы анықталды. Бұл істе 1928 жылы Түркістан қаласына Ленинград мемлекеттік реставрациялау шеберханалары мен археологиялық технологиялар институты желісі бойынша іссапарға жіберілген сәулетші Н.М. Бачинскийдің рөлі анықталды. Оның есептері мен баяндамалары бойынша мамандарға аз таныс 1928 ж. жөндеу жұмыстарының бейнесі қалпына келтірілді. 

ХХ ғ. басында Яссауи кесенесін зерттеу тарихы бойынша Алматы, Ташкент, Санкт-Петербург, Мәскеу мұрағаттары мен кітапханаларында іздеу жүргізілді. Осы материалдар бойынша «Вопросы финансирования ремонта мавзолея Ходжи Ахмеда Ясави в 1906 – 1908 гг.». атты мақала жазылды. В.С. Гейнцельманның Түркістан генерал - губернаторына 1906 ж. сәуір айындағы баяндамасы негізінде, сондай-ақ «Хазрет Ахмет Яссауи мешітінің ақаулығы және 2 шамды сату туралы» кең ауқымды істе топтастырылған басқа да құжаттарда, бірінші архитектуралық өлшемдер мен ғимараттың жер асты бөліктерін ашумен қоса, ескерткішті жөндеу бағдарламасы талданады. Талдау қазіргі заманғы археологиялық деректермен салыстырылып берілген. Соңғы 3 жылдағы негізгі басылымдар:

Импакт – факторы бар журналдары

1. Байтанаев Б.А., Ергешбаев А., Сулейменова Ж., Шаяхметов А.Х. Городище Торткултобе // Вестник Калмыцкого университета МОН РФ. – Элиста, 2017. – №34(2). – С. 21-31

ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған журналдар

1. Байтанаев Б.А., Сулейманов Р.Х., Ергешбаев А.А., Шаяхметов А.Х. Раннесредневековое городище Торткултобе (Предварительные итоги 2015 года) // Известия НАН РК. Серия общественных и гуманитарных наук. – Алматы, 2015. №6.– С.154-164

2. Байтанаев Б.А. Кушанский медальон из Караспана // Известия НАН РК. – Алматы, 2016. №6.– С. 62-66

3. Байтанаев Б.А., Ергешбаев А.А., Шаяхметов А.Х. Средневековые светильники - чираги Сайрама // Известия НАН РК / Серия общественных и гуманитарных наук. – Алматы, 2017.  №1. – С. 95-101

4. Байтанаев Б.А., Ергешбаев А., Сулейменова Ж., Шаяхметов А.Х., Бейсенов Н.Б. Ертеортағасырлық Төрткүлтөбе қалашығындағы архитектуралы-археологиялық зерттеулер // Отан тарихы. – 2017. –  № 2. – с. 94-105

5. Байтанаев Б.А., Горячев А.А., Сараев В.В., Шаяхметов А.Х. Археологические исследования памятников раннего железного века в предгорьях Каратау и у северных склонов хребта Каржантау // Известия НАН РК / Серия общественных и гуманитарных наук.  – Алматы, 2017 - № 1(311). - С.143-159

6. Байтанаев Б.А., Ергешбаев А.А., Шаяхметов А.Х., Бейсенов Н.Б., Отар А.Н.,
Байтанаев Е.Б., Байтанаева А.Б. «Сторожевые башни» Испиджаба» (предварительные итоги) // Электронный научный журнал «edu.e-history.kz». – 2018. –  № 3 (15).

Концеренция материалдары

1. Байтанаев Б.А., Байтанаева Ю.А., Ергешбаев А.А., Шаяхметов А. Полевые исследования курганной группы Ошакты (Предварительные итоги) // «Кадырбаевские чтения-2016». Материалы V международной научной конференции. – Актобе, 2016. –С. 80-84

2. Байтанаев Б.А., Ергешбаев А., Сулейменова Ж., Шаяхметов А.Х., Бейсенов Н.Б. Төрткүлтөбе қалашығындағы археологиялық зерттеулер // Материалы международной научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-5: ЭКСПО-2017 – Инновационные направления подготовки высококвалифицированных педагогов». – Шымкент, 2017. – С. 3-7

3. Байтанаев Б.А., Ергешбаев А., Шаяхметов А.Х. Раннесредневековая планиграфия городища Торткултобе // Материалы международной научно-практической конференции «Духовная модернизация: национальная система образования и мировой опыт», посвященной 80-летнему юбилею Южно-Казахстанского государственного педагогического института. – Шымкент, 2017. – С. 120-124

Халықаралық ынтымақтастық.

 2016 жылы ҒЗИ қызметкерлері Тәжікстан Республикасында орналасқан ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра ескерткіштері ежелгі ауылшаруашылық елді мекені Саразмда ТМД-ға қатысушы мемлекеттерінің археологтардың жазғы мектебінің жұмысына қатысты. Жазғы мектептің жұмысы Пенджикент қаласындағы ежелгі Пенджикент және ежелгі ауылшаруашылық, прото-урбанизациялық Саразм елдімекенінің ескерткіштерінде өтті.

Археологтардың жазғы мектебінің қатысушылары (Пенджикент қ., Тәжікстан Республикасы, 2016 ж.)

Археологтардың жазғы мектебінің қатысушылары, Саразм тұрағының аумағындағы экскурсия.

Басшы мен бөлімнің байланыс ақпараттары

 

Аты-жөні, тегі. Байтанаев Бауыржан Әбішұлы

 

Дәрежесі: ҰҒА академигі,  т.ғ.д.

Мекен-жайы: 160012.Шымкент қ.,

Д. Қонаев даңғылы, 8 корпус, 21каб.

Е- mail: baytanaev@mail.ru