Теориялық және қолданбалы математика орталығы

Мақсаты: Бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға бағытталған іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамыту.

Міндеттері: Университеттің профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыруға жәрдемдесу; ғылыми-зерттеу жұмыстарының сапасын көтермелеу; ғылыми зерттеу жұмыстарының жаңа бағыттарын айқындау, ғылыми орталықтың базасында студенттерге, магистранттарға, докторанттарға  тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беру; ғылыми жобаларды дамытуға жәрдемкөрсету.

Негізгі жетістіктер, зерттеулер нәтижелері, патенттер, мақалалар, даму бөлімі. Ғылыми орталықтың директоры Ә.М. Сәрсенбінің еңбектерінде өз - өзіне түйіндес емес дифференциалды операторлардың қосымша алынған функцияларын таңдап алу проблемасы шешілді, осындай операторлардың  түбірлік векторларының Рисс базистігі үшін қажетті және жеткілікті шарттардың кең класы табылды. Осы нәтижелер үшін проф. Ә.М. Серсенбі Қ.И. Сәтбаев атындағы сыйлықты иеленді. Ғылыми орталықтың ғалымдары инволюциясы бар дифференциалды операторлардың спектралдық теориясын жасады. Ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері 2014 жылы ICAAM 2014 халықаралық конференциясын ұйымдастырды.

Коференцияға қатысушылар

 

 Импакт-факторы бар халықаралық журналдарда 30-дан астам мақала жарияланды.

 Өнеркәсіптік кәсіпорындармен жұмыс.  ТжҚБ ғылыми орталығы ҚР БҒМ Математика және математикалық модельдеу институтымен тығыз ғылыми байланыста. 2012-2017 жылдары Mатематика және математикалық модельдеу институтының қызметкерлерімен бірге екі бірлескен ғылыми жоба жүзеге асырылды.

Халықаралық  байланыс. Ғылыми орталығының қызметкерлері Түркия мен Ресей ғалымдарымен бірлескен ғылыми зерттеу жұмыстары халықаралық рейтингі жоғары журналдарда  ғылыми мақалалар жариялауға қол жеткізді.

Бөлім басшысының байланыс ақпараты

Сәрсенбі Әбдіжаһан Манапұлы

физика-математика ғылымдарының докторы, профессор. 

Мекен жайы: 160012 ,  Шымкент қ.,

 Байтурсынов көшесі 24, 7 ғимарат, каб. 323

Телефон: +77026110552

Е- mail:   abzhahan@gmail.com