«АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ КООПЕРАТИВТЕРІНДЕГІ АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІ ҚЫЗМЕТІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ: ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ -ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «ауылшаруашылық кооперативтеріндегі агроөнеркәсіп кешені қызметінің нәтижелері: проблемалары және шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми -тәжірибелік конференциясы өткізіледі.

       Мемлекет басшысының 05.11.18 жылғы Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы: табыс пен өмір сүру сапасының артуы" атты Жолдауының негізгі тармақтарының бірі агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін барынша толық іске асыру болды. «Негізгі міндет - еңбек өнімділігін және ауыл шаруашылығының өңделген өнімдерін 2022 жылға қарай экспорттауды 2,5 есеге арттыру. Еліміздегі барлық заманауи агротехнологияларды кең ауқымда тартуды мемлектеттік қолдауды қажет етеді ... Жаңа ауылдық кәсіпкерлерді оқыту, жалпы кәсіптік білім беру жүйесін енгізуді қажет етеді ...»

          Агроөнеркәсіп кешенінде ғалымдар мен АӨК мамандары үшін жаңа перспективалық бағыттар ашылады. Бұл сала әсіресе бізде Оңтүстік аймақта ерекше болып табылады, ол көптеген көгалдандыру ауылшаруашылық техникасы үшін жағымды болып есептеледі.

        Дүниежүзілік ғылыми ортаға М.Әуезов атындағы ОҚМУ ғалымдарының жаңадан танылған жаңалықтарының жасалымдары таныстырылады:

- АӨК тұрақты дамыту үшін университет ғалымдары бұрын еш жерде жарияланбаған ғылыми-инновациялық жоба - топырақты егуге және суғаруға дайындау үшін «Әмбебап көпфункционалды аспалы құрылғы –ӘКАҚ -4/1 жасап, ұсынады.

- Құрт ауруына, диабетке және рак ауруларына қарсы қолданылатын имунды реттейтін емдік түйе сүті негізіндегі  қышқыл-сүтті өнім алу.

         Конференция тақырыбы бойынша маңызды ғылыми зерттеу нәтижелері бар Қазақстан Республикасы  жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғалымдар, докторанттар, магистранттар, студенттер, училищелер мен ғылыми-зерттеу институттары, ауылшаруашылық өндірушілер мен АӨК мамандары конференция жұмысына қатысуға шақырылады.