Шымкентте алғашқы "Адал дүкен" ашылды

Адал дүкенін ашу бастамасын, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Шымкент қаласы бойынша департаменті қаладағы барлық жоғарғы оқу орындары мен колледждерге ұсынған. Бірінші болып,  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті қолдау білдірген.
Бұл дүкен жұмысы өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесі бойынша ұйымдастырылды. Мұнда оқытушылар мен студенттер өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысады. Яғни, дүкенде сатушы жоқ, затты сатып алушылар өз-өздеріне қызмет көрсетеді.