Аккредиттеуге дайындық аясында сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесінің сипаттамасы

ОҚМУ-да үш күн бойы (3-8 қазан, 2018 ж.) Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің аккредиттеу бөлімі «Аккредиттеуге дайындық аясында сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесінің сипаттамасы» тақырыбында мастер-кластар өткізіледі.

Мастер-класс бағдарламасында сапаны қамтамасыздандырудың ішкі жүйесінің, ESG және БСҚА стандарттарының, ОҚМУ-нің сапаны қамтамасыздандырудың ішкі жүйесінің, өзін-өзі бағалау материалдарын дайындаудың сипаттамалары  сияқты мәселелер қарастырылады.

Мақсатты аудитория - декандар, кафедра меңгерушілері және оқытушылар.