НҰРМАНБЕТОВ ҚАЙРАТ ЕҢБЕКШІҰЛЫ

НҰРМАНБЕТОВ ҚАЙРАТ ЕҢБЕКШІҰЛЫ

БІРІНШІ ПРОРЕКТОР

1971 жыл 1 наурызда Жамбыл облысы Луговое ауданының  Луговое ауылында дүниеге келді.  1994 жылы әл – Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Тарих» мамандығы бойынша үздік бітірді, 1999 жылы әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді. 1999 жылдан 2007 жылға дейін М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде оқытушы, аға оқытушы, «Заң» факультеті деканының орынбасары қызметтерін атқарды. Құқықтану магистрі. Заң ғылымдарының кандидаты. 2007 жылы заң ғылымдары кандидаты ғылыми дәрежесіне ие болды. 2007 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде қылмыстық – құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі, сырттай – гуманитарлық факультетінің деканы қызметтерін атқарды.

2008 жылдан 2018 жылға дейін К.Е. Нұрманбетов М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Заң факультетінің деканы лауазымын атқарды.

2018 жылдың шілде айында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті ректорының заң мәселелері бойынша Кеңесшісі лауазымына тағайындалды. 2018 жылғы қыркүйек айында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің бірінші проректоры болып тағайындалды. 60-тан астам мемлекет және құқық тарихы мен теориясы, конституционализм және Қазақстан Республикасы жоғары білімі мәселелері бойынша ғылыми еңбектері жарияланды. Еліміздің  жоғары орындарының оқу процесіне енгізілген оқулық пен оқу құралдары шығарылды.

Жоғары білікті мамандар даярлаудағы көп жылғы еңбегі, отандық ғылымды дамытуға қосқан  үлесі және белсенді қоғамдық қызметтері үшін Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, мемлекеттік органдар мен «Нұр Отан» Партиясының төс белгісі мен Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Жамбыл облысының Қоғамдық Кеңесінің мүшесі, «Нұр Отан» Партиясының Жамбыл облыстық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қоғамдық Кеңесінің мүшесі, Жамбыл облыстық ІІД конкурстық комиссиясының мүшесі болған.  Оқу, әдістемелік, ғылыми және тәрбие ісінің тәжірибелі ұйымдастырушысы, жоғары білікті маман ретінде сипатталады.