Раимбердиев Талжан Пердешұлы

Раимбердиев Талжан Пердешұлы

 

Стратегиялық  даму және интернационализация жөніндегі проректор

 

1958 жылы Шымкент облысы, Сайрам ауданы Қызыл Ту ауылында көп балалы  шаруа отбасында дүниеге келген. 1966 жылы Черноводск селосындағы С.Орджоникидзе атындағы мектепке барып, 1975 жылы мектепті үздік бітіріп, еңбек жолын “Чимкентпромстрой”  трестінің  “Промстрой”  ҚБ-да жұмысшы, тас қалаушы болып бастады. 1976 жылы Қазақ химия-технологиялық институтына оқуға түсіп, 1981 жылы үздік аяқтап, сол жылы еңбек жолын ҚазХТИ-дің “Материалдар кедергісі” кафедрасында оқытушы болып жалғастырды.
1985-1988 жылдары  М.И.Калинин атындағы Ленинград политехникалық инситутының күндізгі бөлім аспирантурасында оқып,  1988 жылдың 27 желтоқсанында техника ғылымдарының докторы, профессор П.А.Павловтың жетекшілігімен  техника ғылымдарының кандидаты дәрежесіне диссертация қорғады.
1998 жылы техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның академигі Ө.А.Жолдасбековтің жетекшілігімен “Машиналардың аспаптары мен аппаратураларының динамикасы, беріктігі” мамандығы бойынша Алматы қаласында ИМАШ-те докторлық диссертация қорғады.
         Ғылыми бағыты күрделі кернеу жағдайында қайталанған-айнымалы күш жағдайында машиналар мен құрал жабдықтар элементтерінің иілімділігі және беріктігі мәселелері бойынша.
Жұмыс  тел:  8  (7252)  21-19-91
E-mail:   r­_talgan@mail.ru   
Өмірлік  ұстанымы: «Туралық пен шындықты алға тарта отырып, шешім қабылдау»