Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ким Дэсиктің қатысуымен, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дағы «Седжонг» Корей білім беру орталығының ашылуы

2018 жыл қыркүйек айының 11-ші жұлдызында, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Оңтүстік Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің және Санменг Университетінің (Оңтүстік Корея) делегациясының қатысуымен корей білім беру орталығының ашылу салтанаты өтті. Делегация мүешелерін  Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кима Дэсик және Санменг Университетінің Президенті Пэк Унг Ги мырза басқарды.

Іссапар барысында, корей делегациясы М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры Қожамжарова Дария Пернешқызымен кездесті, кездесу барысында тараптар М.Әуезов атындағы ОҚМУ базасындағы Корей білім беру орталығының мүмкіндіктері мен болашағын талқылады, корей білім беру орталығының мақсаты корей тілін үйрену бойынша тілдік курстар ұйымдастыру және барлық келушілерді корей елінің мәдениеті мен салт-дәстүрлерімен таныстыру болып табылады.  Тараптардың кездесуі нәтижесінде, өзара тиімді шарттар бойынша академиялық алмасуды ұйымдастыру, сондай-ақ бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жобаларды коммерциализациялау саласындағы ынтымақтастықты кеңейту және қазіргі зерттеулер саласында тәжірибе алмасу туралы келісімге қол жеткізілді.

        Естеріңізге сала кетейік, бұл институт 2007 жылы құрылып  үш елдің 13 мектебінде дами бастады, қазіргі таңда 54 елдегі 131 мектептің қатысуымен ең ірі корей білім беру ұйымына айналды. Қазақстан бойынша мұндай корей білім беру орталықтары Талдықорған, Ақтөбе, Астана, Алматы  қалаларында жұмыс жасайды. Астана және Алматы қаласында орналасқан корей білім беру орталығы корейлік Седжонг қорымен құрылған болатын.  Оңтүстік өңіріндегі Корей тіліне деген сұранысты ескеретін болсақ, бұл Седжонг Институты қорымен қаржыландырылатын Қазақстандағы үшінші корейлік білім беру орталығы болмақ.

Іссапар барысында, делегация мүшелері  Седжонг корей білім беру   орталығы мен ғылыми-зерттеу институттарында болды, кездесу  барысында университеттің ғалымдары тоқыма және азық-түлік өнеркәсібі, құрылыс материалдары, биотехнология және экология саласындағы ғылыми және техникалық әзірлемелер мен жобаларды ұсынды.