Университет жаңалықтары

М. Әуезов атындағы ОҚМУ - заңды тұлғалар арасында өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеуге электрондық өтінімдерді беру бойынша көшбасшы

Бүгінгі таңда инновациялық-кәсіпкерлік қызметтер, білім және ғылыммен қатар қазіргі жоғары оқу орындарының маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Инновациялық-кәсіпкерлік жоғары оқу орны өзін ғылымды қажетсінетін өнімді жасаушы, өндіруші және өткізуші ретінде көрсетуі қажет.

«Модульдік білім беру бағдарламасының мазмұнын жоспарлау және оқытушыларды электрондық оқытуға қарқынды даярлау» семинары

585761-EPP-1-2017-1-FI-EPPKA2-CBHE-JP «Ресей және Қазақстан ЖОО-да қалдықтарды тұрақты басқару құзыреттілігін арттыру / EduEnvi» жобасы бойынша «Модульдік білім беру бағдарламасының мазмұнын жоспарлау және оқытушыларды электрондық оқытуға қарқынды  даярлау» семинарының ПРЕСС-РЕЛИЗІ

28.01-01.02. 2019 ж.

Шымкент, Тауке хан даңғылы, 5

Бас ғимарат, №340 зал

ОҚМУ-дың Өзбекстанда филиалы ашылады

23 қаңтарда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Қожамжарова Дария Пернешқызы бастаған делегация Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласына арнайы іс-сапармен барды.

Делегацияны Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы уақытша сенімді өкілі Фархат Абдухалыков, елшінің білім және ғылым жөніндегі кеңесшісі Мурсал-Наби Туякбаев күтіп алды.  

Қазақстандық делегация алдымен Өзбекстан Республикасының Жоғары және орта арнаулы білім министрі Ином Маджидов және Өзбекстан ұлттық университетінің ректоры Аваз Марахимовпен кездесті.

"КиВиН-2019"

2019 жыл 22-ші қаңтар күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Қожамжарова Дария Пернешқызы Сочиде өткен 30-шы халықаралық "КиВиН-2019" фестивалінде Жоғары рейтинг жинап, Орталық лигаға жолдама алған "Байдың балалары" командасын қабылдап, құттықтады.

«ҚР ЖОО-ларының академиялық және басқарушылық тәуелсіздігін кеңейту мәселелері бойынша Жаңа нормативтік құқықтық актілер туралы»

Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да 26.12.2018ж.  күні  сағат 11.00-де бас ғимараттың конференц-залында  «ҚР ЖОО-ларының академиялық және басқарушылық тәуелсіздігін кеңейту мәселелері бойынша Жаңа нормативтік құқықтық актілер туралы» тақырыбында  семинар-тренинг  өтті.  

«АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ КООПЕРАТИВТЕРІНДЕГІ АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІ ҚЫЗМЕТІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ: ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ -ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «ауылшаруашылық кооперативтеріндегі агроөнеркәсіп кешені қызметінің нәтижелері: проблемалары және шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми -тәжірибелік конференциясы өткізіледі.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Бектенов О.А. Шымкент қаласына іс-сапармен келді

2018 жыл 20-шы желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Бектенов О.А. Шымкент қаласына іс-сапармен келді.Іс-сапар барысында, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне келіп, "Студенттерге қызмет көрсету" орталығының жұмысымен танысты.

"Жайдарман-2018" Жыл чемпионы анықталды.

"Жарасым  маусым" деп аталған Жайдарманның он төртінші  жылдық ойыны да осы жылды толықтай қорытындылады. Маусымашардан басталған негізгі 5 лиганың барлығында ақтық ойындар өтіп, әр лигада осы жылдың чемпиондары анықталды. Жайдарманның ең негізгі лигасына айналған «Жоғары лига» 14 желтоқсан күні финалдық ойынды өткізді. Жылдың басында 20 топтың қатысуымен басталған бұл бәйгенің соңғы турына бабы мен бағы қатар жанған 5 команда қатысты. Ақтық кезеңге жолдама алған жұлдызды топтардың әрқайсының өзіндік әзілдеу стилі және өздерінің жанкүйерлері бар.

Инклюзивті білім беру

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген білім берудің инфрақұрылымдық дамуын қамтамасыз ететін басты міндеттердің бірі - инклюзивті оқытуды дамыту болып саналады.  Инклюзивті  білім беру мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды  қолдау және  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың өзгелермен тең білім алу құқықтарын жүзеге асыруға бағытталған.

«Антиплагиат» жүйесін пайдалану

2018 жылдың 10 желтоқсанында Білім беру бағдарламаларын қамтамасыз ету орталығы мен Компьютерлік технологиялар және телекоммуникациялар орталығы бірлесіп,  М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да «Антиплагиат» жүйесін пайдалану туралы семинар өткізді.

Жазбаша жұмыстардың түпнұсқалылығын анықтау үшін университетте StrikePlagiarism.com антиплагиат интернет-жүйесі қолданылады.

Беттер