Университет жаңалықтары

АҚШ ЖОО-ы өкілдерінің М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ға іс-сапары

11 қазан 2017 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың конференц-залында АҚШ-ң ЖОО-ы өкілдері  Др. Оксана Карлсонмен -Johns Hopkins University Carey Business School және Кейт Дэвиспен  -Rochester Institute of Technology университет басшылығы мен студенттер арасында кездесу өтеді.

Іс-сапардың мақсаты – АҚШ-ң ЖОО-на магистратураға  және PhD докторантураға түсуге қызығушылық таныткан студенттерге, магистранттарға және жас ОПҚ-ға  семинар өткізу.

Ұстаздар және ардагерлер күні.

04.10.2017 жылы ОҚМУ-дың №8 оқу ғимаратының акт залында қоғамдық кәсіптер факультетінің ұйымдастыруымен «Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік» атты салтанатты іс-шара өтті. Салтанатты іс-шараны ОҚМУ-ның бірінші проректоры Ж.Т.Әйменов құттықтау сөзімен ашты. Өз сөзінде денсаулық, өркендеу, табысқа жетуді тілеп, мерекемен құттықтады. Қоғамдық кәсіптер факультетінің мамандары ән, әртүрлі ұлттың биін орындады. ОҚО әкімінің, Нұр Отан партиясының және Облыстық Ардагерлер Кеңесінің атынан ұстаздар құрмет грамоталарымен төс белгілермен марапатталды.

Education USA АҚШ-та білім мәселелері бойынша кеңес беру орталығы 17 аккредитеттелген АҚШ университеттерінің қатысуымен білім көрмесін ұйымдастырады

Көрме бейсенбіде, 12 қазан 2017 жылы, сағат 15:00 мен 19:00 аралығында,  Shymkent Grand Hotel қонақ үйінің «Саукеле» салтанат залында өтеді. Адресі: Республика данғылы,6а. Кіру тегін.

Шақырылған университеттердің тізімі:

1.South Seattle College

«Жастар- отанға!»

2015 жылдың 25 - 27 қыркүйек күндері аралығында Төлеби ауданы, Біркөлік шатқалында орналасқан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының "Бәйшешек" спорттық-сауықтыру кешенінде облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен "Жас Отан" жастар қанатының ұйымдастыруымен "Жастар Отанға!" саяси лагері өтті.

Саяси лагерге М.Әуезов атындағы  ОҚМУ-дың  20-ға жуық белсінділері және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, жастар ұйымдарының белсенділері, жалпы 200-ге жуық жас қатысты.

Беттер