Университет жаңалықтары

IQAA-дан МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АККРЕДИТТЕУ БОЙЫНША АУДИТ

2019 жылдың 4 наурызы мен 7 наурызы аралығындаМ.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттігі (IQAA) бакалавриат, магистратура және докторантураның 109 білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеу бойынша бірқатар аудиттерін өткізді. Университет ұжымы керемет ұйымшылдығын және жоғары деңгейдегі дайындығын көрсетті. ОҚМУ-нің профессор-оқытушылары құрамын , қызметкерлері мен студенттерін аудиттің лайықты дәрежеде өтуімен құттықтаймыз.

ЭРАЗМУС+ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ АККРЕДИТТЕУ БОЙЫНША АУДИТ

2019 жылдың 11-12 наурызында ОҚМУ-да ЭРАЗМУС+ бағдарламасының «Еуропалық күн тәртібіне сәйкес 3-ші деңгейдегі білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйесін құру арқылы зерттеудің интернационализациялаудың дамуы» C3QAжобасы аясында IQAA-дан «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» докторантура білім беру бағдарламасын аккредиттеу аудиті жүргізілді.

«5В120100 – Ветеринарлық медицина мамандығының ахуалы, келешегі мен бүгінгі күнгі мүмкіндіктері»

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Ауылшаруашылығы ғылымдары Жоғары мектебінің «Ветеринариялық клиникалық диагностика» кафедрасы меңгерушісі, ветеринария ғылымдарының кандидаты, доцент Тұтқышбай Ибрагим Асқарұлының эфирдегі сұхбаты. Кәсіби бағдар бойынша, бітіруші түлектердің жұмысқа орналасуы, «5В120100 – Ветеринарлық медицина» мамандығының ахуалы, келешегі мен бүгінгі күнгі мүмкіндіктері» атты тақырыппен ONTUSTIK телеарнасы, FM радиосында тікелей телекөрермендермен сұрақ – жауабымен қызықты, әсерлі сұхбаты өтті.

ҚР Президентінің «БОЛАШАҚ» халықаралық стипендиясының барлық үміткерлеріне!!!

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін құжаттар қабылдаудың және конкурс өткізудің мынадай мерзімдері бекітілді:

Құжаттарды қабылдау - 25 ақпан - 31 тамыз 2019 жыл;

Конкурсты өткізу - 6 наурыз - 29 қараша 2019 жыл.

Ақпараттық хат Құрметті әріптестер!

Сіздерді  «Заманауи білім беру: мәселелер, трендтер және стратегиялар» атты жаңашыл педагогтардың  2-ші  Халықаралық  форумына қатысуға шақырамыз.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ЖАҢҒЫРУ ЖАЗУДАН БАСТАЛАДЫ

28 ақпан 2019 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ Тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Жаңғыру жазудан басталады» тақырыбында (ҚР Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына сәйкес бекітіліп, 2018 жылдың 19 ақпанында №637 Жарлығымен өзгерістер енгізілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі туралы) ақпараттық-танымдық семинар болып өтті. Семинарға ОҚМУ оқытушы-профессорлар құрамы, факультет/ЖМ іс жүргізушілері, Ақпараттық білім беру орталығының қызметкерлері, т.б. қатысты.

«Enhancing Competence in Sustainable Waste Management in Universities of Russia and Kazakhstan»

27.02.2019 ж. 585761-EPP-1-2017-1- FI-EPPKA2-CBHE-JP «Ресей мен Қазақстанның жоғары оқу орындарында қалдықтарды тұрақты басқарудағы құзыреттілікті арттыру / EduEnvi» - «Enhancing Competence in Sustainable Waste Management in Universities of Russia and Kazakhstan» жобасы бойынша сағат 14.00-де семинар және 15.00-десеріктес университеттер арасында вебинарөтеді, оғанРесейдің Тұңғыш Президенті Б.Н. Ельцин атындағы Орал федералды университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті. М.

«Ұлы Дала өркениетінің мәні мен құндылықтары»

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Ұлы Дала өркениетінің мәні мен құндылықтары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференция Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаласын насихаттау және ондағы айтылған міндеттерді іске асыру мақсатында ұйымдастырылды.

Ауған соғыс ардагерлеріне құрмет

«Ауылшаруашылық ғалымдары» Жоғарға мектебінің Акт залында Ауған соғыс ардагерлері Құлыншақов Жанәлі, Тасқынов Сәтбай және Ұлашов Қайратпен студенттер және оқытушы профессорлар  құрамы ұжымымен қызықты кездесу  болды. 

Жұмыс берушілермен кездесу

20 ақпан 2019 жылы  Университетте «Механика және машинажасау» кафедрасында 5В071200 «Машина жасау» мамандығының 2-ші, 3-ші және бітіруші курс студенттерінің қатысуымен Шымкент қаласы машина жасау саласында өнімдер шығаратын KARLSKRONA LC AB» ЖШС кәсіпорыны өкілдерімен кездесті.  Кәсіпорын жағынан компанияның техникалық директоры Наумов О.Г., қызметкерлер бойынша директор қ.а.

Беттер