Университет жаңалықтары

Research Connect Workshop

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті базасында ашылған Шымкент Кәсіби даму және өзара әрекеттестік орталығы Британ Кеңесімен бірге 2017 жылдың 28-30 қараша аралығында зерттеушілердің біліктілігн арттыру мақсатында Researcher Connect атты семинар өткізді.

Researcher Connect – бұл кезкелген академиялық салада және де зерттеу жұмысының кезкелген сатысындағы ғалымдарға арналаған интерактивті оқыту курстарының сериясы. Бұл курстар халықаралық сабақтастықта  коммуникативтік біліктілікті арттыруға бағытталған. 

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті күні

29.11.2017 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың акт залында «ҚР Тұнғыш Президенті күніне» арналған мерекелік іс-шара болып өтті. Іс-шараны университеттің бірінші проректоры, т.ғ.д., профессор Ж.Т.Айменов ашты. Өз сөзінде алда келе жатқан мерекемен студент жастарды, оқытушы профессорлар құрамын кұттықтап, жұмыстарына табыс тіледі. «ҚР Тұнғыш Президенті күні» мерекесіне арналған іс-шара соны «Қоғамдык кәсіптер» факультетінің ұжымының ұйымдастырған концерттік бағдарламасына жалғасты.   

«Қазақстандағы мегаполистердің аграрлық азық-түлік белдеуі және ауыл шаруашылығының кооперациясы: мәселелері, ізденістері және шешімдері» атты халықаралық ғылыми -тәжірибелік конференция

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты  Президенттің Жолдауында, Қазақстан әлемде ең ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілердің бірі болуы қажет. «Made in Kazakhstan» бренді сондай өнімдердің эталоны болуға тиіс  деп айтып өткен еді.

МАШАВ халықаралық даму бағдарламасы

«МАШАВ» Израиль мемлекеті Сыртқы Істер Министрлігінің халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша Израиль агенттігі 2018 жылы  25-ақпан мен 16 наурыз  аралығында Израильде «Education for technology and the use of ICT in education» тақырыбында ағылшын тілінде халықаралық білім беру курсын өткізеді.

«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕГАПОЛИСТЕРДІҢ АГРАРЛЫҚ АЗЫҚ-ТҮЛІК АЙМАҒЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ КООПЕРАЦИЯСЫ: МӘСЕЛЕЛЕРІ, ІЗДЕНІСТЕРІ ЖӘНЕ ШЕШІМДЕРІ»

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ -ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ, 24-25 қараша 2017, Шымкент. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде

«Қазақстандағы мегаполистердің аграрлық азық-түлік аймағы және ауыл шаруашылығының кооперациясы: мәселелері, ізденістері және шешімдері» атты халықаралық ғылыми -тәжірибелік конференциясы өткізіледі.

Құрметті студенттер және магистранттар!

Сіздерді Ресейдің ең үздік 20 оқу орындарының «Ресейдегі білім-2018» атты білім көрмесіне қатысуға шақырамыз. Көрме 2017 жылы 24-26 қараша сағат 09:00 мен 19:30 аралығында Шымкент қаласының Оқушылар сарайында келесі мекен-жайда өтеді: Қонаев данғылы 2/3

Сідердің жоғарғы оқу орындарының өкілдерімен  жеке сөйлесу арқылы стипендиялар жайында, тегін оқу туралы білу, білім саласынан басқа да пайдалы ақпарат алу және болашақ мамандық пен оқу орнының айқындаудың бірегей мүмкіндіктеріңіз болады.

Кіру тегін.

Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы бойынша «Менің елім» тарихи өлкетанымдық жоба.

17.11.2017 ж. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың акт залында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің әлеуметтік және даму департаментінің белсенді студенттерінің қатысуымен университет студенттерімен кездесу іс-шарасы өтті. Кездесу іс-шарасын М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың оқу ісі және ақпараттық технологиялар жөніндегі проректоры Қ.С.Байболов ашты.

Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ким Десиктің М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ға іс-сапары

Халықаралық ынтымақтастық аясында 2017 жылы 13-қарашада Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ким Десик мырза М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетіне іс-сапармен келді.

Қазақстандағы Германия Федеративтік Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Рольф Мафаэль мырзаның М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ға іс-сапары

Халықаралық ынтымақтастық аясында 2017 жылы қараша айының 10-шы жұлдынызында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне Қазақстандағы Германия Федеративтік Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Рольф Мафаэль мырза бастаған делегация келді. Іс-сапар барысында, делегация М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректор Сабырханов Дархан Сабырханұлымен кездесті,  кездесу кезінде тараптар  ОҚМУ мен Германияның жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайту, одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасты және ұсыныстар жасалды.

Industrial Technologies and Engineering»– ICITE - 2017 атты IV Халықаралық конференциясы

2017 жылдың қазан айының 26-27 күндері М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Industrial Technologies and Engineering»– ICITE - 2017  атты IV Халықаралық конференция болып өтті.

Беттер