Университет жаңалықтары

«Дүние жүзілік жастар форумы 2019» Шарм эль Шейх - Синай

«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасының 3 курс докторанты және М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Жаникулов Нұрғали Надырұлы желтоқсан айының 10-ы мен 18-і аралығында  Шарм эль Шейх, Египетте болып жатқан «Дүние жүзілік жастар форумы  2019»  қатысуда. Форумға қатысуға барлығы әлемнің түкпір-түкпірінен 100 000-нан астам өтінім ұсынылған, соның ішінде 113 елден 8000 өтінімі іріктеліп алынды.

Мамандық таңдау – маңызды іс

2019 жылдың 10 желтоқсан күні  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің деканы, з.ғ.к., қауымдастырылған профессор Орынтаев Ж.Қ.

ШӘКІРТАҚЫ 25 ПАЙЫЗҒА ӨСЕДІ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың бірінші қаңтарынан студенттердің шәкіртақысы 25 пайызға өсетінін мәлімдеді.

Техникалық және кәсіптік білім беру орындары студенттерінің де шәкіртақысы 25%-ға артатын болады. «Менің тапсырмам бойынша, Үкімет 2020 жылдың қаңтар айынан бастап орта арнаулы білім беретін колледж студенттері шәкіртақысын да 25 пайызға өсіреді», - деді ҚР Президенті.

«Парасат» басқармасының ашылу салтанаты

2019 жылы 06 желтоқсан күні сағат 15:00 де М.Әуезов  атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде бас ғимарат 138 кабинетінде «Парасат» басқармасының ашылу салтанаты өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Серікбаев Талғар Әбдінабиұлы «Шымкент-Адалдық алаңының» жетекшісі Төлебаев Ерасыл Әшірбайұлы және Шымкент қаласы әкімдігінің өкілдері, университет оқытушылары мен студенттер қатысты. Іс-шараны университет ректоры Қожамжарова Дария Пернешқызы ашты.

ҚР-дағы Түрікменстан Елшілігінің бірінші хатшысымен кездесу

Ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында ҚР-дағы Түрікменстан Елшілігінің бірінші хатшысы  Н.Тағанов жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде болды. Кездесу барысында университет басшылығы қонақтарды университеттің қызметі және жетістіктерімен таныстырды. Н.Тағанов Түркменстанның бейтараптығы күніне арналған лекция оқыды.

Кездесу достық атмосферасында өтті, оның мақсаты-іскерлік байланыстарды орнату және білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықтың ықтимал жолдарын талқылау, Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы ғылыми байланыстарды дамыту.

Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісі

2019 жылдың 6 желтоқсанында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті жанындағы Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министрлігі Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің бастапқы әскери дайындық, кәсіптік білім, химиялық инженерия мен процестер және мәдени-тынығу жұмысы мұғалімдерді даярлау білім беру бағдарламалары бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің жаңа форматтағы ЖБТ (Жобаларды басқару топтары) кезекті отырысы өтті.

«Жоғары жылдамдықты темір жолдардың экономикасы, экологиясы және инфрақұрылымы»

ERASMUS+ бағдарламасы аясында «Жоғары жылдамдықты темір жолдардың экономикасы, экологиясы және инфрақұрылымы» (EEIHSR) халықаралық жобасы іске қосылды.

"Ұлы дала жастары: бірыңғай ұлт болашағын қалыптастыру"

27.11.2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында 2019 "Жастар жылы" аясында "Бөбек" жалпыұлттық қозғалысының ұйымдастыруымен "Ұлы дала жастары: бірыңғай  ұлт болашағын қалыптастыру" атты республикалық конференциясы өтті. Конференция қорытындысы бойынша М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің "Юриспруденция" мамандығының студенттері, "Sanaly úrpaq" клубының мүшелері А. Мырзатай, К. Утеғалиева, М. Ходжамуратова "Жас қыран 2019" талантты студенттер кітап жинағына еніп, төсбелгі мен дипломдармен марапатталды.

«Жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудит жүргізудің типтік алгоритмі»

27.11.2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында ҚазГЗУ базасында ҚР БжҒМ ұйымдастыруымен «Жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудит жүргізудің типтік алгоритмі» тақырыбында републикалық тренинг өтті. Тренинг жұмысына М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің О ж ОӘЖ жөніндегі проректоры Қ.Байболов, Парасат басқармасының  басшысы Г.Дулатова, Жастар орталығының басшысы  З.Орынбеков қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тәжірибе жинақтады. 

Қайырымдылық іс-шара

18-19.11.2019 жылы «Самұрық қазына» АҚ және М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Ізгілік елшісі» жобасының еріктілері,  қаладағы өзге жоғары оқу орындарының студенттерімен бірлесіп Шымкент қаласы ҰОС және Еңбек ардагерлеріне көмек беру мақсатында қайырымдылық іс-шарасын өткізді. Шара ұйымдастырушылары «Ұлттық еріктілер желісі», Шымкент  қаласының Әл Фараби аудандық Әкімшілігі, «Ізгілік елшісі» жобасының Шымкент қаласы бойынша үйлестірушісі М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Парасат» Басқармасы, т.б.

Беттер